5 episodes

Хабарда Қазақстандағы қаламгерлердің болмыс бітімі мен кескін келбеті, сондай- ақ, шығармаларының ойлы тұстары дәріптеледі. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймай солардың өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез құлқына, тұрмыс- тіршілігіне ықпал етеді.

Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Айнұр Шамшеитова

Радиоарна: Қазақ радиосы.

Эфирге шығу уақыты: әр сəрсенбі, сағат 15:00.

Әдебиет әлем‪і‬ Qazaq Radiolary

    • Arts
    • 3.0 • 1 Rating

Хабарда Қазақстандағы қаламгерлердің болмыс бітімі мен кескін келбеті, сондай- ақ, шығармаларының ойлы тұстары дәріптеледі. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймай солардың өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез құлқына, тұрмыс- тіршілігіне ықпал етеді.

Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Айнұр Шамшеитова

Радиоарна: Қазақ радиосы.

Эфирге шығу уақыты: әр сəрсенбі, сағат 15:00.

    Бүгін – жазушы Роза Мұқанованың туған күні

    Бүгін – жазушы Роза Мұқанованың туған күні

    Осыған орай "Әдебиет әлемі" хабарының кезекті санын жазушының шығармашылығы мен өмірдерегіне арналды.



    Толық ақпарат "Әдебиет әлемі" хабарының аудионұсқасында.



    Хабардың редакторы: Айнұр Шамшейтова.



    Қазақ радиоларының таңдаулы подкасттарын podcast.qazradio.fm сайтынан таба аласыз.

    • 15 min
    Өмірім қазағымның көз алдында

    Өмірім қазағымның көз алдында

    «Әдебиет әлемі» хабарының осы санында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлытау ауданының құрметті азаматы Жүрсін Ерман ақынның өмірдерегі мен шығармашылығы жайлы сөз еттік.



    Жүрсін Ерманның аты аталса, алдымен «айтыс» еске түседі. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы биден» келе жатқан сөз өнеріне Кеңес дәуірінде тұсау салынып жатқан тұста Жүрсін ақынның келуімен айтыс өнері кең тыныстап, бағы ашылды.



    Республиканың түкпір-түкпірінен азулы ақындарды шақырып, айтыс додасына қосып, небір айтыстарды ұйымдастырған. Оған дейін Қазақстанда үлкен ауқымдағы айтыстар болмаған. Манат Көкенов, Әселхан Қалыбекова, Қонысбай Әбілов сынды ақындарға Қазақстанның халық ақыны деген мемлекеттік деңгейдегі атақты алып берген бірден бір қайраткер ақын.



    Жалпы, ақынның есімін естігенде елең етпейтін жан жоқ шығар. Әсіресе, «өлең» десе, өре түрегеліп, «айтыс» десе, арқаланбай қалмайтын қазақ баласы Жүрсін ақынын жүрегімен қабылдайтыны хақ.

    Жүрек түкпіріне тілектің аяулысын құндақтаған радио ұжымы Жүрсін Ерман ақынға бар жықсылықты тілеп,

    өмірі ҚЫЗҒАЛДАҚ,

    көңілі ДАРХАН болып,

    еліне АРДАҚТЫ,

    отбасында БАҚЫТТЫ,

    халық өнерінің қамын ойлап, халқының алдында ЖҮРСІН деген тілегімізді айтамыз.

    Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының Төрағасы Жүрсін Ерман ақынның өмірдерегі жайлы хабардың толық нұсқасын аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

    • 18 min
    Жангелді Немеребаевтың шығармашылы

    Жангелді Немеребаевтың шығармашылы

    «Əдебиет əлемі» хабарының кезекті саны Сүйінбай атындағы Алматы обылыстық филармониясының музыкалық редакторы, ақын Жангелді Немеребаевтың шығарманылығы мен өмірдерегіне арналды. Алматы, Талдықорған, Үшарал қалаларында жеке шығармашылық кештері өткен. Жырлары Республикалық басылымдарда жарық көрген. Әндері Қазақ радиосының "Алтын қорына" қабылданған.



    Еңбек жолын Алакөл ауданы Екпінді ауылында Мәлгәждар Әубәкіров атындағы орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып бастаған. Үшарал қаласында Балалар шығармашылық орталығында ансамбль жетекшісі, Облыстық Алатау газетінде тілші, Көлбай, Қызылқайың орта мектептерінде мұғалім болып, «Талдықорған Әуендері» фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамблінде жетекшілік еткен.

    • 15 min
    Ақын Дәулеткерей Кәпұлының өмірі мен шығармашылығы

    Ақын Дәулеткерей Кәпұлының өмірі мен шығармашылығы

    Дәулеткерей Кәпұлы қаймағы бұзылмаған көшпелі қазақтың салт-санасын бойына сіңіріп өскен. Ұяда алған тәлім-тәрбиесін ғұмыр жолына өмірлік серік еткен қаламгер. Алты алашқа айтыс өнері арқылы танылып, әдебиет әлемінде өз орнын қалыптастыра білген, халықаралық әдеби додалардың жеңімпазы.

    • 18 min
    Ақын Ықылас Ожайұлының шығармашылығы мен өмірдерегіне арналады

    Ақын Ықылас Ожайұлының шығармашылығы мен өмірдерегіне арналады

    Ұлт болашағына күйінген қаламгер болашаққа үлкен үмітпен қарайды. Шәкірттеріне "адам бол, өнер үйрен" деп талап қоятын ұлағатты ұстаз Ықылас Ожайұлының қаламгерлік жолдағы адалдығы көпке үлгі. Сөзді тудыру, алдыңдағы параққа іштегі тұнған ойды дәлме-дәл түсіру көптің қолынан келе бермейді.

    • 19 min

Customer Reviews

3.0 out of 5
1 Rating

1 Rating

Top Podcasts In Arts

More by Qazaq Radiolary