6 min

#92. Көктем: жаңару мен серпілі‪с‬ Тамаша жыл - The Big Year

    • Self-Improvement

Көктемнің алғашқы күнімен! Ұзақ демалыстан кейін мен қайтып келдім. Бұрынғыдай ұзын уәделер бермей, үнсіз оралуды жөн көрдім. 
 
Бұл эпизодты жаңаруға, тазаруға арнағым келеді.  Бәріміз жылдың басын, жаңа жылды қарсы алғанды жақсы көреміз. Жоспарлар қоямыз, жаңа межелер белгілейміз. Алайда қыстың аязды күндерінен кейін ақырын қардың еруін бақылау, күннің көзін көру, шуағын сезіну бақытқа бөлейді. Ауада жаңа леп байқалады, өзгерістердің лебі сезілейтіндей. Сезесіз бе? Көктемнің алғашқы күндері - өмірімізді жаңартуға, жаңа ұзақ күндерді қарсы алуға дайындыққа арнайтын тамаша кезең. 
 
Өзімізді тазарту дегенде ең алдымен өмірімізде жиі істейтін әдеттеріміз оралады. Біз үйімізді, жұмыстағы үстелімізді, үсті басымызды тазалаймыз. Біраз уақыт қарамай қойсақ өмірімізде жиі пайдаланатын заттарымыздың кірлеп, тазартылуды қажет ететінін білеміз. Алайда бұл біздің сыртқы ортамыз. Ал өзіміздің ішкі бөлігіміз ше? Ішкі дүниеміз, басымыз, жүрегіміз кірлемей ме? Оны тазалауға бола ма?
 
Айналамызда болып жатқан оқиғаларға байланысты біз өзгеріп, түрлі пішіндерге ие болып отырамыз. Басымыздан өтетін әр нәрсе бізге әсер етеді. Біз өзіміз ойлағаннан да көп ақпаратты өңдеп, өзімізге сіңіреміз. Таңертең көлік кептелісінде тұрып, уақытында жұмысқа жетпей қаламын ба деп бір мазаланамыз. Жай ғана елде болып жатқан жаңалықтарды  оқу арқылы күрсінеміз. Ашу, ызалану, ренжу, өкпелеу, абыржу, мазалану, алаңдау, түсінбеу, бәрі бәрі соңында шешілсе де, жүрегіміз бен жанымызда із қалдырады. Ол іздер мен дақтарды уақытында тазалап, жібермесек, бізге жабысып қалуы мүмкін. Сөйтіп, біраз уақыттан кейін олар біздің қалыпты көңіл күйімізге әсер етеді. 
 
Көктем тазалану мен қайта жаңару кезеңі. Аспан ашық, көкпеңбек. Осы сәтті қолданайық. Бақытқа, жақсы денсаулыққа, жан гармониясына ұмытылып көрелік. Ішкі жан дүниемізді қуантатын қадамдарды жасап көруге  қалай қарайсыз?
 
Сыртқа көбірек шығайық, әлемнің қалай түрленгеніне назар аударайық. Күннің шуағы мен көктемнің ауасы сондай ерекше. Біраз далада жүргеннен кейін жеңілдеп қаласың. Табиғаттың, сыртқы әлемнің тылсым ауасы біздің аурадан биігірек, самал желдің ішіңдегі мазаңды алып жүрген ойларды алысқа қарай қарай ұшырып, алып к