8 episodes

OY-DETOX - менің авторлық подкастым. Замандастарыммен бірге ақпарат ағымында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейтін боламын.

Подкаст барысында көтерілетін тақырыптар мен сұрақтардың бәрі менің жеке пікірім болып табылады

OY-DETOX - қазақша подкаст Ainel

    • Non-Profit

OY-DETOX - менің авторлық подкастым. Замандастарыммен бірге ақпарат ағымында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейтін боламын.

Подкаст барысында көтерілетін тақырыптар мен сұрақтардың бәрі менің жеке пікірім болып табылады

    Назгүл Қожабек: Біз әлі күнге дейін қазақ тіліндегі ақпаратты қажетсінбей келеміз

    Назгүл Қожабек: Біз әлі күнге дейін қазақ тіліндегі ақпаратты қажетсінбей келеміз

    OY-DETOX-тың кезекті қонағы - тіл тазалығының сақшысы, кәсіби редактор, күні кеше ғана қазақ тілінде шыққан Хәрри Поттер мен пәлсапа тас кітабының редакторы Назгүл Қожабек.

    Назгүл екеуміз


    Хәрри Поттер мен пәлсапа тас кітабының аударылу,  жарыққа шығу барысы
    заманауи әдебиет пен аударманың сапасы
    қазақ тілінің ахуалы
    қазақ әдебиетін білемін дейтін адамдардың міндетті түрде оқуы керек жазушылардың тізімі
    еліміздегі карантиннің салдары туралы сөйлестік.

    Бір сәтке болса да жағымсыз ойлар мен ақпараттан демалып, біздің әңгімемізге зер салыңыздар. 


    ---

    Send in a voice message: https://anchor.fm/ainel-amirkhan/message

    • 56 min
    Молдияр Ергебеков: Феминизм батылдықты талап етеді

    Молдияр Ергебеков: Феминизм батылдықты талап етеді

    8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында СДУ профессоры, масс-медиа зерттеушісі, еліміздегі алғаш еркек-феминист Молдияр Ергебековпен әйел құқығы, қазіргі таңдағы әйел жағдайы, қазақ медиасындағы әйел образы және өзге де әйел мәселелері туралы сөйлестік

    ---

    Send in a voice message: https://anchor.fm/ainel-amirkhan/message

    • 28 min
    Асхат Еркімбай: Бүгінде телефон қалай қажет болса, ағылшын тілі де солай қажет

    Асхат Еркімбай: Бүгінде телефон қалай қажет болса, ағылшын тілі де солай қажет

    Өздеріңізбен аман-есен 2020 жылы қауышып отырғаныма қуаныштымын. Осы уақытқа дейін менімен бірге болып, подкастымның эпизодтарының бәрін тыңдаңғандарыңызға рахмет. Биыл да бізді тамаша қонақтар, қызықты тақырыптар күтіп отыр. Сондықтан менімен бірге болуды жалғастыра беріңіздер. Ал биылғы подкастымның алғашқы қонағы - Асхат Еркімбай, медиа-эксперт, медиа-тренер. Асхат екеуіміз бүгінгі журналистиканың жағдайы, ағылшын тілінің сізбен біздің өміріміздегі рөлі, ой тазалығын сақтау жолдары туралы сөйлестік. Асхат оның үстіне күтпеген жерден байқау жариялап, жеңімпазды менімен қоса кофеге шақыратын болды. Сондықтан белсенділік танытыңыздар! 


    ---

    Send in a voice message: https://anchor.fm/ainel-amirkhan/message

    • 38 min
    Мен үшін тәуелсіздік...

    Мен үшін тәуелсіздік...

    Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мен замандастарыммен бірге тәуелсіздік ұғымының бүгінгі таңдағы рөлі туралы ой қозғадым. Бірнеше адамның басын қосқан алғашқы эпизод болды бұл )

    ---

    Send in a voice message: https://anchor.fm/ainel-amirkhan/message

    • 22 min
    Әлішер Рахат: Қазақстанда кітап нарығы дамып келеді

    Әлішер Рахат: Қазақстанда кітап нарығы дамып келеді

    Эфирде OY-Detox подкастының үшінші эпизоды. Бүгін қонақта - жас жазушы, драматург Әлішер Рахат.


    Әлішер жақында ғана "Махаббатым constant” романын шығарды. Осы ретте екеуміз заманауи проза туралы ғана емес, заманауи махаббат туралы да сөйлестік. Сондықтан болар, бұл эпизодта менің жарқын күлкім жиі естіледі.

    Әлішермен
    заманауи драматургия
    заманауи проза
    заманауи кітап нарығындағы жазушынының рөлі
    заманауи махаббат
    заманауи музыка туралы сөйлестік

    Подкаст - аудио форматындағы жазба. Оны кез келген уақытта - жол үстінде, автобуста, метрода, жүгіріп бара жатып болсын тыңдай бере аласыздар.

    Әзірге менің подкастым келесі қосымшаларда бар:
    Google Podcasts - https://bit.ly/2O3ErPc

    Spotify - https://spoti.fi/332MdNQ

    Breaker -  https://bit.ly/334AzC7

    Castbox - https://bit.ly/2Ovg7ov

    Pocket Casts - https://pca.st/K5Gz

    Anchor.fm - https://anchor.fm/ainel-amirkhan

    RadioPublic - https://radiopublic.com/-G2BByd






    ---

    Send in a voice message: https://anchor.fm/ainel-amirkhan/message

    • 32 min
    Марфуға Шапиян: Дінге эмоциямен емес, ақылмен келген дұрыс

    Марфуға Шапиян: Дінге эмоциямен емес, ақылмен келген дұрыс

    OY- DETOX подкастының кезекті қонағы -   Марфуға Шапиян, блогер, журналист, саяхатшы. Бүгінгі таңда көптеген мотивациялық кітаптардың саммариін жасаушы автор. Екеуімізді осыдан бірнеше жыл бұрын инстаграм әлемі таныстырып, табыстырған болатын. Марфуға жас ана, сондықтан екеуіміз анкор желісі арқылы телефонмен әңгімелестік. Дыбыстағы қандай да бір ақаулар үшін алдын ала кешірім сұраймын.

    Марфуғамен
    ✅ блогерлік ұғымы және инстаграмда табыс табу жолдары
    ✅ кітап әлемі мен саммари оқырмандары
    ✅ діндегі әйелдің орны
    ✅ тайм-менеджмент, мотивация және қоғамдағы маңызды мәселелер туралы сөйлестік.

    Подкаст - аудио форматындағы жазба. Оны кез келген уақытта - жол үстінде, автобус пен метрода, жүгіріп бара жатып тыңдай аласыздар.

    ---

    Send in a voice message: https://anchor.fm/ainel-amirkhan/message

    • 42 min

Customer Reviews

Ainur Shakenova ,

Rakhmet!!

Рахаттанып тыңдадым. Назгүл өте ақылды, заманауи әйел, сонымен қатар үлкен кәсіпқой! Гарри Поттер үшін ерекше рақмет. Бұрын Гарри Поттерді оқып отырғанда - ол қашан қазақ тіліне аударылады, қазақ балалары бұл ғажап кітапты қашан оқи алады деп ойлайтынмын. Бұл күн де келді. Қазір келесі ұрпақ үшін қорқынышым жоқ.
Әңгімелеріңізге рахмет. Келесі подкастты күтеміз.

Нәркес Алма ,

Асхат Еркімбайдың сұрағына жауап

Сәлем ^^ Подастыңыз керім және өтееее зиялы, мәдениетті, сыпайы екен. Ал енді Асхат ағайдың жаңалықтар бізге не үшін қажет сұрағына жауап берейін дегенмін. Сонымен:
2) Жаңалықтар адамдарға қандай да бір сұраққа басқа перспективадан қарауға, яки mindset-терін өзгертуге мүмкіндік береді;
3) Адамдар social animal болғандықтан табиғаты бойынша өсек соғуға мұқтаж. (Мынаны Yuval Noah Harari-дің « Sapiens »-нен оқыдым).

Gaukhar N. ,

Keremet!

Sattilik!

Listeners Also Subscribed To