8 afleveringen

“Кино айтшы” бұл фильм мен сериалдарды талқылайтын, сынайтын, мақтайтын және даттайтын подкаст. Журналист, IT мамандар жәнне кинотанушы Қазақстанда және шетелде шыққан (Ресейден басқа) фильмдерді көреді, сосын студияда кездесіп, пікірін ортаға салады. Үшеуі кәсіби киносыншы емес, бірақ болмасаң да ұқсап бақ деген принципті ұстанады. Ал кинотанушымыз краш!

Мені қолдау үшін: 4400 4302 1073 8958 AKERKE ORAZ

Кино айтш‪ы‬ Journeration

    • Tv en film

    «Baby Reindeer» (Бұғышақ) сталкиң туралы жақсы фильм бе?

    «Baby Reindeer» (Бұғышақ) сталкиң туралы жақсы фильм бе?

    Бұл эпизодта комик Ричард Гәдтің басынан өткен оқиғаға негізделген сериал туралы айтамыз. Сериал Нетфликстегі барлық рекордты жаңартты. Бүкіл әлем бұл сериалды талқылап жатыр. Эпизодта сталкиң, зорлық, құрбанды айыптау туралы көп айтамыз. Арасында өзіміз де Ричардты басында түсінбегенімізді мойындаймыз.

    Дисклеймер: зорлық-зомбылық, сталкиң, виктимблеймиң адам құқықтарына қайшы нәрсе! Ал есірткі адам денсаулығына зиян!

    Подкаста қолданған ән - Aro - S.O. Seni

    Сұрақтар мен ұсыныстар үшін: journeration@gmail.com

    Instagram парақшамызға жазылыңыз: @kinoaitshy

    • 35 min.
    Соғыс туралы фильмдер: пропаганда ма, өнер ме?

    Соғыс туралы фильмдер: пропаганда ма, өнер ме?

    Мамыр айы басталысымен теледидарда екінші дүниежүзілік соғысы жайлы фильмдер көрсетіле бастайды. Арасында КСРО кезеңінде түсірілген, кейде тәуелсіз Қазақстанда түсірілген фильмдерді көрсетеді. Соғыс тақырыбы үгіт-насихатқа, зорлыққа, өлім мен өмірге толы. Ал осы тақырыпта түсірілген фильмдер ше? Мұндай фильмдерге пропаганда ретінде қараймыз ба, әлде өнер ретінде баға береміз бе? Осы сұрақтарды кинотанушы Еңлік Егеубаевамен талқылап көрдік.

    Бұл эпизодта мына фильмдер талқыланады:

    1. "Ана туралы баллада", 1959

    2. "Атамекен", 1969

    3. "Отец солдата", 1964

    4. "Летят журавли", 1957

    5. "Солдаты", 1957

    6. "Die Bruke", 1959

    Подкасты қолдау үшін:

    4400 4302 1073 8958

    Подкаста қолданған ән - Aro - S.O. Seni

    Сұрақтар мен ұсыныстар үшін: journeration@gmail.com

    Instagram парақшамызға жазылыңыз: @journeration

    • 28 min.
    Корей дорамаларының құдыреті: неге бәрі Кореяны көргісі келеді?

    Корей дорамаларының құдыреті: неге бәрі Кореяны көргісі келеді?

    Бұл эпизодта біз журналист Ақдидармен Корей мәдениетіне кіріспе және шолу жасадық. Ақдидар BTS тобының ықпалын, әсерін және олардың өнерін зерттеген. Бұл топ визуализацияны қалай қолданады, фанаттарымен қалай жұмыс істейтіні туралы диплом жұмысын жазған, тіпті сол үшін хейтке ұшыраған.

    Эпизодта не талқылаймыз?

    F4-те кімді жақсы көрдік?
    Корей дорамаларының ерекшелігі неде?
    Нетфликс дорамаларды қалай өзгертіп жатыр?
    Дорамалар фильм-туризмді қалай дамытып жатыр?

    • 37 min.
    «Dune (Құмбел)»: қарғыс атқан шығарма, шөл дала мәдениеті және Зендея.

    «Dune (Құмбел)»: қарғыс атқан шығарма, шөл дала мәдениеті және Зендея.

    Абайла, спойлер! Бұл эпизодта спойлер өте көп. Біздің не айтып жатқанымызды толық түсіну үшін алдымен фильмнің екі бөлімін де көруге кеңес беремін.

    Жаңа эпизодта біз Дени Вильневтің «Дюн» (Құмбел) фильмін талқыладық. Вильнев - Спилберг, Нолан, Бертон сынды режиссерлардың қатарына қосылып жатқан жаңа есім. Фильмдегі діннің репрезентациясы, сүйікті кейіпкерлеріміз және фильмді көрместен бұрын не істеу керегін айттық. Сондай-ақ, бұл шығарманы неліктен қарғыс атқан деп атайтынын түсіндіреміз.

    Фильмге негіз болған туындының авторы Френк Герберттің өміріне тоқталып, қызық деректерге мән бердік.

    • 35 min.
    «Менің атым Қожа» кім/не туралы фильм? Майқанова апай краш па?

    «Менің атым Қожа» кім/не туралы фильм? Майқанова апай краш па?

    Фильмді және оған қатысты дүниелерді "Киностанның" атасы Ернар Бекенов пен аудармашы Батырбек Әлімжановпен талқыладық. Бұл эпизодта фильм мен шығарманың айырмашылығын, Майқанова апай краш па және Қожа революционер ма деген тақырыптарды қозғаймыз. Арасында 60-70жж фильм түсірген біздің режиссерлер гений ма, Холлиуд тәжірибесі және Еркін Рақышевтың құлағын шуылдатамыз.

    "Киностан" телеграм каналы https://t.me/kinostankz
    Эпизодта кинотанушы Гүлнәр Абикееваның "Нациостроительство в Казахстане и в других странах Центральной Азии" ғылыми еңбегіне сілтеме жасалады.

    Сұрақтар мен ұсыныстар үшін journeration@gmail.com

    • 40 min.
    «Бизнес по-казахский» неліктен сапалы фильм. Франшиза неге бір орында тұрып қалды?

    «Бизнес по-казахский» неліктен сапалы фильм. Франшиза неге бір орында тұрып қалды?

    Бұл эпизодта жылда жаңа жылда бәріміз күтетін "Қазақша бизнес" фильмінің барлық бөліміне қысқаша шолу жасаймыз. Франшизадағы бірінші фильм басқаларына қарағанда неліктен сапалы, әйелдер образы стереотиптер туралы айтамыз. Сондай-ақ, бұл фильмдер Қазақстан киноөндірісіне қандай үлес қосқаны туралы сөйлесеміз.

    Подкаста қолданған ән:

    Aro - S.O.Seni

    Сұрақтар мен ұсыныстар үшін journeration@gmail.com

    • 39 min.

Top-podcasts in Tv en film

De mediameiden
Tamar Bot & Fanny van de Reijt
Culturele bagage
de Volkskrant
AD Media Podcast
AD
Tina's TV Update
Audiohuis
De Lesbische Liga Podcast
NPO 3FM / NTR
De Communicado's
Victor Vlam & Lars Duursma