Экобелсенді және «Recycle Birge» қозғалысының негізін қалаушылардың бірі Пакизат Сайлаубековамен сұхбат
Сәлеем, достар!
Экология мәселелеріне бей-жай қарамайтын және осы салада еңбек еткісі келетін жастарға тағы да бір эпизод жаздық.
«Greenup.kz» және «Recycle BIRGE» жобаларының негізін қалаушылардың бірі Пакизат Сайлаубекова эконасихат, осы жолға келуі және мамандығын ауыстыруы жайлы өз тәжірибесімен бөлісіп, оқушыларға, студенттерге кеңесін берді. Эпизодта қозғалған тақырыптар:
· Ихтиологиядан экологияға: Пакизаттың мамандық ауыстыруы
· Алматыдағы алғашқы экосенбілік. Экобелсенді деген кім?
· Сүйікті істің күнделікті жұмысқа айналуы: «Recycle birge» және «Greenup.kz» кейстері
· Эконасихат жүргізу және қоғаммен дұрыс коммуникация орнату
· Еліміздегі экосауаттылық деңгейі қандай?
· «Жаңа мамандықтар атласы»: болашақ нарыққа кімдер керек?
· Идеяңды жүзеге асырып, жоба бастаудың алғышарттары
Эпизодта аталды:
Қазақстан-Неміс Университеті мен Досым Сәтбаевтың жеке қоры шығарған «Ертең бәрі кеш» кітабы
«Жаңа мамандықтар атласы» жобасы
Дисклеймер: Шығарылымдар Алматы қаласындағы Экомарафон жобасының қолдауымен жазылып жатыр. Подкаст соавторы Құндыз ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ақпарат Экомарафон жобасының, ұйымдастырушыларының ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Бізді тыңдап, қолдайтыңыз үшін рақмет. Подкаст қосымшаларында баға беріп, өз ойыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.
Инстаграм: @sendebir.qirpish
Музыка:
Scott Holmes Music - Longest Year
<u>https://freemusicarchive.org/music/Scott_Holmes/inspiring-background-music/longest-year</u>
--- Send in a voice message: https://anchor.fm/kundyz-mukhangali/message
Informations
- Émission
- Publiée3 août 2021 à 21:29 UTC
- Durée42 min
- Saison1
- Épisode10
- ClassificationTous publics