11. Шындық іздеген Рахымжан Қошқарбаевтың хаттары

Хаттар сөйлейді

1945 жылы 30 сәуірінде сағат 14:25 –те лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Булатов Рейхстагқа ту тікті. Қуанышты жаңалық келесі күні-ақ барлық газетте жазылды. 1945 жылдың 3 мамыры күні «Войны Родины» газеті: «Рейхстагқа алғашқы болып ту тіккен – Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов», – деп жазады. Бірақ бір жылдан кейін баспасөзде Рейхстагты алған жаңа сарбаздардың аты аталды.
Әділетсіздік күйінген Рақымжан генерал Лицицынға «Сіз өз естеліктеріңізде шындықты бұрмалап жазғансыз» десе, «Они брали Рейхстаг» кітабының авторы Сбойчаковқа «Сіз бен басқа генералдар шындықты қанша бұрмаласа да қазақ халқының баласы орыс жігіті Булатовпен бірге 30 сәуір күні Рейхстагтың төбесіне алғашқы болып ту тіккені – тарихи шындық», - деп жазады.

Эпизодта қос күй қолданылды: Қуат Аманжолдың орындауында Құрманғазының "Кішкентайы"; Ахат Байбосыновтың орындауындағы Әбікен Хасеновтің "Қоңыр" күйі.

Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары:
https://www.instagram.com/hattarsoileidi

https://t.me/hattarsoileidi

https://podfollow.com/hattarsoileidi

Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

To listen to explicit episodes, sign in.

Stay up to date with this show

Sign in or sign up to follow shows, save episodes, and get the latest updates.

Select a country or region

Africa, Middle East, and India

Asia Pacific

Europe

Latin America and the Caribbean

The United States and Canada