
15 episodes

CoolTóbe podcast CoolTobe podcast
-
- Science
-
-
5.0 • 2 Ratings
-
Күлтөбе жобасында Қазақстан қоғамындағы трендтер, саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдай туралы сол тақырыпты зерттеп жүрген сарапшылармен сөйлесеміз. Әр шығарылымның тақырыбы болады. Сол тақырыппен айналысатын ғалыммен халыққа барынша түсінікті тілде сол зерттеу саласының мәселелерін талқылаймыз. Жобаның негізгі тілі қазақша болады. Жобаға шақырылатын қонақ орыс тілді болған жағдайда, әңгіме орыс тілінде жүргізіледі. Ал сарапшы ағылшын тілді болған жағдайда әңгіме ағылшын тілінде жүреді. Подкаст видео форматында түсіріліп, YouTube арнамызда жарияланады.
-
Гендерлік еңбек бөлінісі. Әйелдердің үйдегі төленбейтін жұмысы.
Еңбек, үй шаруашылығын жүргізу әйел не еркектің жұмысы болып бөлінеді ме? Төленбейтін жұмыс дегеніміз не? Не себептен еңбек бөлінісінде гендерлік теңдікті ұстану маңызды? Қазақстандағы гендерлік еңбек теңсіздігінің жағдайы қандай? Осы және басқа да маңызды сұрақтар туралы Ұлттық қазақ қыздар педагогикалық университетіндегі әлеуметтік және гендерлік зерттеулер институтының директоры, PhD доктор Айжан Салимжанова және гендерлік зерттеуші Ақбота Садуақасовамен талқыладық.
«CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін. -
Сайлау бақылаушылары институты
Дауыс беру – бүкіл демократиялық саяси жүйенің негізінде жатқан рәсім. Сондықтан дауыс беру қорытындыларын шығарудың «ашықтығын» және шынайылығын қамтамасыз ету – үлкен саяси маңызы бар міндет. Күлтөбенің осы эпизодында бұл міндетті абыроймен атқарып, сайлаудың әділ өтуін қамтамасыз етуге атсалысып жүрген тәуелсіз бақылаушы Ғалымжан Оразымбет пен Арайлым Назармен әңгіме өрбетеміз.
«CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін. -
Украинадағы соғыс Қазақстандағы ұлттық кімдікке қалай әсер етеді?
Осы эпизодта PhD доктор Ғалым Жүсіпбекпен «ұлттың құрылуы» ұғымы, Сталиннің ұлт тұжырымының қателіктері, Украинадағы соғыстың Қазақстан қоғамындағы «ұлт» түсінігін қайта қарастыруға ықпалы және азаматтыққа негізделген «саяси ұлт» құру не үшін маңызды екендігі туралы сөйлестік.
CoolTòbe подкастының бірнеше эпизоды Қазақстандағы ұлттық және этникалық identity, қазіргі кездегі еліміздегі ұлттың қалыптасу процестері мен идентификация мәселелері тақырыбына арналады. Бұл бағыттағы эпизодтар Саяси шешімдер орталығының “Орталық Азиядағы ұлт құру және бірегейліліктің қалыптасуы” жобасы аясында Norwegian Helsinki Committee қорының қолдауымен жүзеге асырылады. -
Қазақтықтың түрлері. Этникалық репатриацияның кімдікке әсері.
«Қандас», «оралман» деген статустың заңдық күші ол адам азаматтық алғаннан кейін жойылса да, қоғамда әлеуметтік топқа айналып кетіп отыр. Тіпті ол отбасының Қазақтанда туылған балалары да «оралман» немесе «қандас» аталып кетеді. Сонда қандас деген өмір бойы өзіңмен бірге жүретін кімдік пе? Шетелден көшіп келген қазақтардың идентификациясы осы және басқа да сұрақтарды подкастымызда талқыладық. Эпизодтың қонағы https://www.instagram.com/izproject/ жобасының негізін қалаушы Бақытнұр Іңкәр.
CoolTòbe подкастының бірнеше эпизоды Қазақстандағы ұлттық және этникалық identity, қазіргі кездегі еліміздегі ұлттың қалыптасу процестері мен идентификация мәселелері тақырыбына арналады. Бұл бағыттағы эпизодтар Саяси шешімдер орталығының “Орталық Азиядағы ұлт құру және бірегейліліктің қалыптасуы” жобасы аясында Norwegian Helsinki Committee қорының қолдауымен жүзеге асырылады. -
Қазақстандағы саяси сатира
Күлтөбенің кезекті эпизодында Қазақстанда саяси сатира бар ма, өткір әзілдер қаншалықты сұранысқа ие? Тоқаев - тигр ма? Salem Social Media Қазақстандағы YouTube сегментің қалай өзгертті? «Саке» сериалы бүгінгі күннің сатирасы ма? Және басқа сұрақтарды шоумен Марат Оралғазин және стендапер Нұрмахан Мұқанұлымен талқылап көрдік.
«CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін. -
Балалар кедейшілігі
Бұл эпизодта Қазақстандағы басты проблемалардың бірі - балалар кедейшілігі талқыланды. Біздің қонақтарымыз макроталдаушы Аякөз Ханетова және "Zertteu Research Institute" директоры Шолпан Айтенова балалар кедейшілігінің пайда болу себептері мен салдарын анықтап, оны қалай шешу жолдары жайлы айтып берді. Сондай-ақ, бұл мәселені шешудегі қоғам мен мемлекеттің рөлін ашып берді.
«CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.