65本のエピソード

OY-DETOX - менің авторлық подкастым. Түрлі саладағы маман-замандастарыммен бірге ақпарат ағынында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейтін боламын.

Жоба авторы және жүргізушісі - Әйнел Әмірхан

Телеграм - https://t.me/oydetox
Инстаграм - @ainelkai

Қандай да бір сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса, маған akainazar1@gmail.com электрондық поштасына хабарласа аласыздар.

Подкастты қолдау https://www.patreon.com/oydetoxbyainel

Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.

OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОК‪С‬ Ainel Amirkhan

    • ビジネス

OY-DETOX - менің авторлық подкастым. Түрлі саладағы маман-замандастарыммен бірге ақпарат ағынында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейтін боламын.

Жоба авторы және жүргізушісі - Әйнел Әмірхан

Телеграм - https://t.me/oydetox
Инстаграм - @ainelkai

Қандай да бір сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса, маған akainazar1@gmail.com электрондық поштасына хабарласа аласыздар.

Подкастты қолдау https://www.patreon.com/oydetoxbyainel

Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.

    Жанар Байсеміз: Қыздың бәрі тұрмысқа шығып, бала тууға міндетті емес

    Жанар Байсеміз: Қыздың бәрі тұрмысқа шығып, бала тууға міндетті емес

    OY-DETOX қонағы - Жанар Байсеміз, журналист, "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының авторы. Эпизодта біз "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының мақсаты, оның трансформациясы мен қоғамға жасап жатқан әсері туралы сөйлестік. Сондай-ақ, араға үзіліс жасап шыққан жобаның, осы уақыт ішінде жоба авторы Жанардың адам ретінде де, маман ретінде де трансформациясы, бүгінгі таңдағы ұят, қазақы тәрбие, жетім балалар ұғымдарының салмағы, кәрі қыздар мен қоғамдағы гендерлік теңдік мәселесі туралы да ой қозғадық.



    Эпизодты подкаст платформаларынан бөлек барлық YouTube арнамнан көре аласыздар - https://youtu.be/aAYXvboweII



    Жанардың инстаграмы - https://www.instagram.com/janar_baisemiz/

    Әйнелдің инстаграмы - ⁠https://www.instagram.com/ainelkai/⁠ 



    OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - ⁠https://www.patreon.com/oydetoxbyainel⁠ 

    Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!

    • 2 時間7分
    Айгерім Құсайынқызы, Мөлдір Албан: Феминистер жау емес!

    Айгерім Құсайынқызы, Мөлдір Албан: Феминистер жау емес!

    8 Наурыз - Халықаралы әйелдер күні қарсаңында фембелсенділер Айгерім Құсайынқызы және Мөлдір Албанмен кездесіп, олардың гүл орнына неге митинг қалайтынын сұрадым. Жалпы, әйелдер шеруі мен митингтің қажеттілігі қанша?

    Бір айта кететіні, биылғы митинг болашағы белгісіз. Былтырдан бері фембелсенділер әкімдікке әйелдер шеруін өткізуге рұқсат алу үшін оннан астам өтінім жіберіпті, бірақ мерекеге санаулы күн қалса да әлі ала алмай келеді. Осы ретте, Айгерім және Мөлдірмен әкімдіктің шеруден қорқу себебі, әйелдер құқығы, гендерлік теңдік, саясаттағы әйелдердің репрезентациясы мен миедиадағы феминистердің образы туралы біраз әңгіме өрбіттік. Көріп, тыңдап, ойларыңызды ортаға салыңыздар.

    Таймкод:

    00:00 - аңдатпа
    00:46 - кіріспе, қонақтарды таныстыру
    02:00 - әйелдер шеруі мен митингтің қажеттілігі қанша?
    04:40 - жұмыс тобында қанша адам жұмыс істейді?
    06:08 - күрес VS мейрам. Күресудің қажеттілігі қанша?
    11:54 - Феминизм деген не?
    17:38 - Қазақстандағы феминизм портреті, шеру қатысушылары мен географиясы
    26:52 - биылғы шеру ұраны мен жағдайы
    30:00 - медиа алаңдағы репрезентация, саяси шешімдерге әсер ету мүмкіндігі, өнер адамдары мен депутаттармен жұмыс
    51:31 - феминизм туралы ақпарат беретін кино, кітап, медиа тізімі

    Эпизодты YouTube арнамнан тамашалай аласыздар https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw

    8Marchkz инстаграмы - https://www.instagram.com/8marchkz?igsh=MXR4bWxvaGM3azlreg==
    Айгерім Құсайынқызының инстаграмы - https://www.instagram.com/kussaiynkyzy?igsh=dGR0NjBsank1MTd3
    Мөлдір Албанның инстаграмы - https://www.instagram.com/moldiralban?igsh=MTdxOW5ibGlzeGR3
    Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/

    OY-DETOX-ты қолдау:
    Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel

    • 1 時間2分
    "атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА". Астанадағы талқы

    "атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА". Астанадағы талқы

    "атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА" кітабының таныстырылы аясында Астанада да талқы өткізген болатынбыз. Талқыға қонақ ретінде әріптестерім Перизат Мырзахмет, Елдар Құдайбергенді шақырып, Бақытгүл Салыхова спикерлердің бірі, ал мен модаретор болдым.

    Біз қарапайым подкаст деген не, подкастер деген кім деген сұрақтан бастап, оның формасы, мән-мағынасы туралы ой толғадық. Сұрақ қойып, белсенді болған барша аудитория мүшелеріне алғыс білдіремін.

    Бақытгүл Салыхова инстаграм парақшысы - https://www.instagram.com/bakytgulsalykhova/
    Әйнел Әмірхан инстаграм парақшысы - https://www.instagram.com/ainelkai/
    Alqa Publishing инстаграм парақшысы - https://www.instagram.com/alqa_publishing/ “атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА” кітабын танымал подкастерлер Бақытгүл Салыхова мен Әйнел Әмірхан жазып, қалың көпшілік назарына Alqa Publishing баспа үйімен серіктестікте ұсынды. Кітапты Kaspi дүкеннен сатып алуға болады https://kaspi.kz/shop/p/ba-ytg-l-salyhova-inel-m-rhan-aty-shy-pasa-podkast-zhasa-115299433/

    • 1 時間19分
    Грант беретін ұйымдармен жұмыс істеу қауіпті ме?

    Грант беретін ұйымдармен жұмыс істеу қауіпті ме?

    OY-DETOX қонағы - Анар Арынова, халықта ФЕЦА атымен танымал ұйымның жобалар менеджері. Біз Анармен Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі, азаматтық қоғам, "Иноагенттер тізімі" және цифрлық құқық туралы сөйлестік. Сондай-ақ, бүгінде ФЕЦА (Фонд Евразия Центральной Азии) қолдаған жобалар мен жаңа ұйымдарға грант алу мүмкіндіктері туралы сөйлестік.

    Бірқатар мамандар Қазақстанда азаматтық қоғам тынысы тарылып келеді деген пікірді алға тартады. Осы ретте, петицияларды қабылдаудағы өзгерістер, шетел ұйымдардан грант алатын ұйымдар мен тұлғалардың тізімі, жаңа "Масс-медиа" туралы заң жобасы азаматтық қоғамның жағдайына әсер ете ме деген сұрақ аясында ойлар қамтылды.

    Таймкод:
    00:00 - аңдатпа
    00:32 - кіріспе және қонақты таныстыру
    02:23 - Үкіметтік емес ұйымда (ҮЕҰ) кімдер жұмыс істейді?
    03:18 - ФЕЦА деген не?
    06:20 - ҮЕҰ қызметі, "иноагент" ұғымы және оның қоғамға әсері
    13:33 - ФЕЦА қандай жобаларға қолдау көрсетеді?
    27:35 - "Сіздің дауысыңыз маңызды" жобасы, цифрлық сауат, саяси шешімдер мен ондағы әйелдер мен жастардың үлес салмағы
    47:58 - петициядағы өзгеріс пен оның қоғамға әсері
    51:04 - шабыт беретін кино, кітаптар мен замандастар
    58:34 - "атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА" кітабы туралы

    Эпизодты подкаст платформаларынан бөлек барлық YouTube арнамнан көре аласыздар - https://www.youtube.com/watch?v=wHOXsZrTNGo

    ФЕЦА инстаграмы - https://www.instagram.com/efca_kz/
    Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/

    OY-DETOX-ты қолдау:
    Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
    Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!

    • 1 時間
    Назерке Маратқызы: YouTube арнамнан табыс көріп отырмын

    Назерке Маратқызы: YouTube арнамнан табыс көріп отырмын

    Арал сапарында жазып алған екінші эпизодым. Эпизод қонағы - Назерке Маратқызы, "Толқын" Арал аудандық газетінің тілшісі, "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің қызметкері. Сондай-ақ, Назерке 90 000 астам жазылушысы бар YouTube арнаның авторы.

    Біз Назеркемен аймақтағы гендерлік теңдік мәселесі, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысынан бастап, YouTube арқылы пайда табу, "ене мен келін" жағдайы, қоғамдық жұмыстың жеке басқа әсері туралы да талқыладық.



    Назеркенің YouTube арнасы - https://www.youtube.com/@NAZERKE.94

    "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің инстаграмдағы парақшасы - https://www.instagram.com/aral_aruana/

    Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/



    OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel 

    Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!

    • 39分
    Аралдағы қыз-келіншектердің жағдайы қандай?

    Аралдағы қыз-келіншектердің жағдайы қандай?

    Жуырда "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің шақыртуымен Қызылорда өңірі, Арал қаласына іссапармен барып, әріптесім Бақытгүл Салыховамен бірге "Адвокация және коммуникация негіздері" бойынша бір күндік тренинг оқып қайттық. Келгенімізді пайдаланып, "Тасадағы әйелдер" жобасын түсіріп, подкастымның екі эпизодын жазып алдық. Ал бүгін назарларыңызға "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің басшысы Ибраимова Лаура Қолғанатқызымен болған әңгімемізді назарларыңызға ұсынып отырмын.



    Аралдағы қыз-келіншектердің жағдайы қандай? Өңірде қандай проблемалалар бар? "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігі қандай мәселелермен айналысады?

    Осы және бұдан да өзге сұрақтарға жауаптарды подкаст эпизодынан таба аласыздар.



    "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің инстаграмдағы парақшасы - https://www.instagram.com/aral_aruana/

    Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/



    OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel

    Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!

    • 37分

ビジネスのトップPodcast

TABI SHIRO ~足を運んで、見て、聴いて〜
SHIRO × Chronicle
経営中毒 〜だれにも言えない社長の孤独〜
Egg FORWARD × Chronicle
元証券マンしんさんのちょっと気になる今日の経済ニュース
元証券マン 投資アドバイザー しんさん
聴く講談社現代新書
kodansha
レイニー先生の今日から役立つ英会話
PitPa, Inc.
課長と係長の飲みニケーション
課長 係長

その他のおすすめ