
16 episodes

Zere Азаттық радиосы
-
- Society & Culture
"Зере" - Азаттықтың әйел құқығы жайлы подкасты. Бұл подкаст қоғам естімейтін я байқамайтын әйелдердің проблемасын шешуге бағытталған. Әр эпизод тыңдарманға әйел құқықтары туралы ой тастайды. Және оны пайдалану мүмкіндіктері я нұсқаларын ұсынады. Қоғам естімейтін, бірақ өзін өзгелері естігенін, тыңда
-
"Дәстүрді, әйелге қарсы әрекетті ақтап, қылмысты жабу үшін қолдану – сатқындық"
25 қараша –Әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні. Кейінгі уақытта әйелді ұру, өлтіру мен зорлық фактілері көбейді. Заңгер әрі тәуелсіз сарапшы Әйгерім Құсайынқызы Қылмыстық кодекске "адам өлтіруден" бөлек "феминицид" терминін енгізіп, әйелді әйел болғаны үшін өлтіргендерді қатаң жазаламайынша жағдай өзгеруі екіталай дейді. Ал сіз қалай ойласыз? Үйде зорлыққа ұшырап, жақындарынан қорлық көрген әйелдер санын қалай азайтуға болады?
-
"Өзбекстанға барсам өлім күтіп тұр". Қарақалпақ белсендісінің үміті мен үрейі
47 жастағы Зиуар Мирманбетова жақында ғана түрмеден босап шықты. Өзбекстанның сұрауымен бір жыл бойы Алматыдағы тергеу изоляторында отырған қарақалпақстандық әйел Қазақстаннан босқын мәртебесін алуға үмітті. Босқын мәртебесі берілмесе Өзбекстанға экстрадициялануы мүмкін. Ал "бұл – өліммен тең" дейді Зиуар. Оның себебін қонағымыз "Зеренің" кезекті эпизодында кеңінен баяндап береді.
-
Жалғыз қызынан айырылған ананың әділдік іздеген жолы
Кейіпкеріміз Қарлығаш Есенбекқызының қызы Айманды бұрынғы күйеуі былтыр 18 жерінен пышақтап өлтірген. Қылмыс сотта дәлелденді. Дегенмен сот оны 1,5 жылға соттаған. Кейін іс қайта қаралып, қылмыс жасады деген адам 11 жылға сотталды. Бұл эпизодта Қарлығаш апай әділдік жолындағы күресі жайлы айтты.
-
Ұрып-соққанға көну я түрмеге түсу. Күйеуін өлтірді деп айыпталған әйелдің оқиғасынан не сабақ алдық?
Айы-күні жетіп отырған павлодарлық келіншек өзіне пышақ ала жүгірген күйеуін өлтірді деп айыпталып, сотқа тартылды. Оқиға отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесіне тағы назар аудартты. Агрессор күйеуінен қорғану үшін әйел не істеуі керек? Психолог және заңгермен осы жайттарды сөз еттік.
-
"Қоғамда көп балалы ананың сыйы кеткені өкінішті"
Ол үш балалы қарапайым әйел еді. 4 жыл бұрын астанада бір отбасының төрт қызы жанып кеткен өрттен соң көп балалы ана құқын қорғайтын белсендіге айналды. Екі жетім баланы бауырына басып, өзі де көп балалы болып шыға келді. "Қамқор ана" қоғамдық қорының жетекшісі Аида Букаева күресі жайлы әңгімелейді.
-
"Қаңтаршылардың көрген азабы жаныма батты"
Әйел адвокат болу қиын ба? Оның ішінде азапталғандардың құқығын қорғаудың ерекшелігі қандай? Қаңтардың травмасы адвокатқа қалай әсер етеді? Қаңтар оқиғасына қатысқан, кейін азапталған азаматтардың құқығын қорғап жүрген адвокат Жалғас Сапарханова - "Зеренің" бүгінгі қонағы.