OZGERU KEREK Aina Dosmakhambet
-
- Society & Culture
"Өзгеру керек" - бұл күрделі философиялық немесе арнайы мамандандырылған тақырыптарға арналған подкаст емес. Бұл жерде әрқайсысымыздың өмірімізде кездесетін, күнделікті тұрмысымызға әсер ететін қарапайым тақырыптар талқыланады: қарым-қатынас, қаржылық сауаттылық, тұлғалық даму, бала тәрбиесі және т.б.
-
Невроз: жабысқақ ойлар және олардан құтылу
Невроздың тағы бір жағымсыз белгілерінің бірі - жабысқақ ойлар. Оларды ойламау да мүмкін емес. Олардан құтылу да мүмкін емес. Онда не істеу керек? Жауабы осы эпизодта.
-
Невроз: паникалық шабуыл және оны жеңу жолдары
Невроздың түрлі симтомдары бар. Алайда, ең қорқыныштысы - үрейлік шабуыл (паническая атака). Алайда, оны жеңудің бірнеше оңай тәсілдері бар. Тәсілдер оңай болғанымен, оларды орындау үшін едәуір батылдық керек. Ол қандай тәсілдер? Және үрейлік шабуылдан емделудің бірден бір шарты қандай? Оны осы эпизодтан білетін боласыздар.
-
Невроз: белгілері, себептері және емделуі
Короновирус пандемиясынан кейін адамдарда уайымдышдық, паникалық шабуылдар, жабысқақ ойлар көбейіп, мазасыздық үдеп кетті. Дәрігерлер де соңғы уақытта невроз белгілері бар адамдардың көбейіп кетінін растайды. Невроз деген не? Оның қандай белігілері бар? Емделе ме? Бұл сұрақтарға осы эпизодта жауап табасыз.
-
Психологты қалай таңдау керек?
Осыдан бірнеше жыл бұрын психологқа бару ұят сияқты көрінетін. Қазір қалыпты жағдайда айналғандай. Бірақ, психологтар көп. Онымен қатар психотерапевт, психиатр, психоаналитик деген мамандар да бар. Олар кім? Бір бірінен несімен ерекшеленеді? Кім қандай проблемамен айналысады? Психолог маманды таңдағанда не нәрсене мән беру керек, ал не нәрсені мүлдем маңызды емес? Бұл және басқа да сұрақтарға осы эпизодта жауап табасыз
Эпизодта "жақсы психологты қайдан табуға болады?" деген сұраққа жауап жоқ. Алайда, өзім білетін ресурстарды осы жерде жаза кетейін:
1) таныстарыңыз арқылы
2) "Таным" әлеуметтік жобасы. Инста парақшаларына сілтеме: https://www.instagram.com/tanymsocial/
3) "Сезім" ресурсынан. Инста парақшаларына сілтеме: https://sez.im
4) All psy сайтынан. Сайтқа сілтеме: https://www.all-psy.com -
Неге ренжіп қалу - ең ақымақ іс?
Реніш - басқа біреуді жазалау үшін өзің ішітін у сияқты: саған ғана зияңы тиіп, басқаның өміріне еш өзгеріс әкелмейді. Бұл паттернді бұзу үшін не істеу керек? Неге реніш - пассивті агрессия болып саналады? Біз біреуді ренжітіп қойсақ, қалай кешірім сұрған дұрыс? Осы эпизодта біз бұл сұрақтардың жауабын тауып көреміз. Эпизода әлеуметтік психолог, Колумбия университетінің профессоры Светлана Комиссарук кеңестері келтірілген.
-
"Қазақша сөйле"
Біреуге “қазақша сөйле” деп жүріп, өзіміз қазақша сөйлеуді ұмытып жүрген жоқпыз ба? Бұл эпизодта мен қазіргі қазақ тілінің жағдайы туралы өз ойыммен бөлістім.