Экокүнделік

Тұрмыстық техникадан - робот, джинсыдан - шоппер. Экоакция қалай өтті?

21 шілдеде Алматыда кезекті экоакция өтті. Мұндай шарада тұрғындар қайта өңделетін заттарын өткізіп, өзіне қажет заттармен алмаса алады. Жарамсыз дәрі-дәрмек, сынған қолшатыр, артық ыдыстарын да жұрт осы акцияға өткізу арқылы экологияны жақсартуға үлес қосады.