Qarlygash Podcast Nazym Saparova
-
- Freizeit
Бұл подкаст - тұрмыстағы экологияны насихаттайтын жоба. Біздің аудитория - қыз-келіншектерге арналған. Өйткені әйел - отбасының тірегі. Егер үй шаруасындағы келіншек экосауатты болса, ол күйеуіне кейін балаларына экологияны сақтауды үйретеді. Қыздарға қалай экосәнді болуға, экокосметиканы қалай таңдауға болатынын біздің подкасттан біле аласыздар.
-
#2 эпизод. Алмагүл Омарова: Комерциялық бағытта экоблогер болу - мақсатым емес
Кезекті подкасттың қонағы, экобелсенді - Алмагүл Омарова. Instagram әлеуметтік желіде Алмагүлдің eco_astana парақшасы бар. Бір жарым жылдай парақшаны жүргізіп жүрген экобелсенді қалай блогер болғанын тыңдармандарға айтып, тұрмыстағы эколайфхактармен бөлісті.
-
#11 эпизод. Аида Алимбекова: Аспаздық блогтан экоблогқа көштім
Кезекті эпизодтың қонағы, әлеуметтік желілерде танымал экоблогер, онлайн ЭкоМектептің негізін құраушылардың бірі, экобелсенді - Аида Алимбекова. Подкаст эпизоднда Аида аспаздық блоган экоға қалай көшкенін, экоөмир сүруге не түрткі болғанын және қалай экосәнді болуға болатынын айтып берді.
-
#10 эпизод. Салтанат Асхатқызы: Өнім сатып алсам, өңделетін маркировкаға қараймын
Кезекті эпизодтың қонағы, instagram әлеуметтік желісіндегі eco _orta блогының авторы, экобелсенді және екі баланың анасы - Салтанат Асхатқызы. Подкаст эпизодында Салтанат қоқысты қалай сұрыптау қажет екенін түсіндіріп береді. Маркировканы қалай ажырататынын біздің подкасттан тыңдай аласыздар.
-
#9 эпизод. Оразай Қыдырбаев: Экология менің түсінігімде адам құқығы
Кезекті эпизодтың қонағы, Сулейман Демириель университеті, журналистика мектебінің ассистент-оқытушысы, экобелсенді - Оразай Қыдырбаев. Подкаст эпизодында Оразай экологияны адам құқығымен байланыстырып, қазақша контенттегі экология тақырыбында әңгімелестік. Сонымен қатар, Оразай эколайфхактармен бөлісіп айтып берді.
-
#8 эпизод. Пакизат Нұрсұлтанқызы: "Recycle бірге" жобасымен сенбілікке шығу - медитация
Кезекті эпизодтың қонағы, "Recycle бірге" жобасының негізін қалаушыларының бірі, экобелсенді Пакизат Нұрсұлтанқызы. Бұл жобаның жұмыс істеп жатқанына 1 жылдың жүзі болды. Экосенбіліктерді ұйымдастыру команда үшін медитация екен. Сонымен қатар, алдағы уақытта экосауатты арттыратын мобайл қосымша іске қосылады. Ал Пакизаттың экоөміріндегі лайфхактарды біздің подкасттан тыңдай аласыздар.
-
#7 эпизод. Нұрым Өмірзақов: Ауылдағы экологиялық мәселелер өзекті
Кезекті подкасттың қонағы, "Жасыл аудан" ЖСШ басшысы - Нұрым Өмірзақов. Ауылдардағы экологиялық мәселенің өзекті екені баршамызға мәлім. Нұрым Өмірзақов экологиялық мәселелердің шешімін табуды өз ауылынан бастаған. Экологиялық бағыттағы жеке кәсібін қалай бастағанын Нұрым подкастымызда айтып берді.