30 afleveringen

"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. Подкастың авторы әрі жүргізушісі - Азаттық тілшісі Руслан Меделбек.

Жаншип‪а‬ Азаттық радиосы

    • Gezondheid en fitness

"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. Подкастың авторы әрі жүргізушісі - Азаттық тілшісі Руслан Меделбек.

    Баламен жыныстық тақырыптарда қалай сөйлесеміз?

    Баламен жыныстық тақырыптарда қалай сөйлесеміз?

    Балаға жыныстық тәрбиені қалай береміз? Жыныстық тәрбиенің маңызы қандай? Ересектер баламен жыныстық тақырыптарда қалай сөйлесу керек? Балаға жыныстық қатынас туралы қалай түсіндіреміз. "Жаншипа" психологиялық подкастының 30-эпизодында кәсіби психолог Әсем Байбасаровамен баланың жыныстық сауаттылығы тақырыбын талқыладық.

    • 39 min.
    Бойдағы энергияны қалай сақтаймыз? Күшімізді қалай дұрыс жұмсау керек?

    Бойдағы энергияны қалай сақтаймыз? Күшімізді қалай дұрыс жұмсау керек?

    Бойымызда энергия таусылғанда не істейміз? Энергия мен ресурсты қалай жинаймыз? Энергия мен ресурстың маңызы неде? "Жаншипа" психологиялық подкастының 29-эпизодында практик психолог Шапағат Есжанмен адамның энергиясы және ресурсы тақырыбын талқыладық.

    • 31 min.
    "Анамда рак..." Қатерлі ісік, іштегі өксік, дертпен күрес және үміт

    "Анамда рак..." Қатерлі ісік, іштегі өксік, дертпен күрес және үміт

    "Жаншипа" подкастының бұл эпизодының қонағы – бір шаңырақтың ұлы, сүйікті жар, бала тәрбиелеп отырған әке, журналист Марғұлан Ақан. Марғұланның анасына қатерлі ісік диагнозы қойылған. Бірнеше жылдан бері анасын емдетіп, жақында анасының қатерлі ісікпен күресі жайлы "Үміт" деген кітап жазып шығарды. Марғұланмен жақыныңа қатерлі ісік диагнозы қойылғаннан кейінгі күрес пен өмір жайлы әңгіме өрбіттік.

    • 41 min.
    Негативті ойлармен қалай күресеміз? Жаман ойлардан қалай арыламыз?

    Негативті ойлармен қалай күресеміз? Жаман ойлардан қалай арыламыз?

    Негативті ойлар қайдан пайда болады? Негативті ойларды қалай азайтамыз? Теріс ойлар өмірімізге қалай әсер етеді? "Жаншипа" психологиялық подкастының 27-эпизодында халықаралық коуч, "Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт" кітабының авторы Кәмшат Бекжігітовамен негативті ойлар деген тақырыпты талқыладық.

    • 32 min.
    Дисфункционалды отбасыдан шыққан жандар қиындықтарды қалай еңсереді?

    Дисфункционалды отбасыдан шыққан жандар қиындықтарды қалай еңсереді?

    "Жаншипа" психологиялық подкастының 26-эпизодында дисфункционалды отбасы туралы сөз қозғадық. Дисфункционалды отбасы деген не? Мұндай отбасынан шыққан балалар есейгенде қандай мәселелерге тап болады және бұл мәселелерді қалай шешеді? Дисфункционалды отбасыны ұйыған жақсы отбасыға айналдыру мүмкін бе? Міне, эпизодта осы және басқа да сауалдарға психология ғылымдарының магистрі Салтанат Саду жауап берді.

    • 37 min.
    Смартфон, гаджетке тәуелділіктен қалай құтылуға болады?

    Смартфон, гаджетке тәуелділіктен қалай құтылуға болады?

    "Жаншипа" психологиялық подкастының 25-эпизодында смартфонға, гаджетке тәуелділік туралы сөз қозғадық. Кейінгі кезде біздің подкасты тыңдаған бірнеше адам "смартфонға тәуелдімін, күніне орта есеппен жеті сағаттай телефонға кетеді. Көзім құрғай бастады, бұдан қалай құтыламын?" деп жазды. Сондықтан смартфон, гаджетке тәуелділік тақырыбын қозғауды жөн көрдік. Смартфонға тәуелділіктің себебі неде? Адам бұл тәуелділіктен қалай шыға алады? Бұл сауалдарға "Цифрлық тәуелділік" кітабының авторы, психолог Самал Самарқанқызы жауап берді.

    • 30 min.

Top-podcasts in Gezondheid en fitness

Over Routines
Arie Boomsma / De Stroom
Lieve...,
VBK AudioLab / Els van Steijn & Hannah Cuppen
Huberman Lab
Scicomm Media
On Purpose with Jay Shetty
iHeartPodcasts
LUST
Jacqueline van Lieshout / Corti Media
Leven Zonder Stress
Patrick Kicken