Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының екінші эпизодында психологиядағы ең маңызды әрі кейінгі кезде көп айтылып жүрген "бала кезде алған жан жарасы" мәселесін қозғадық. Балалық шақта алған жан жарасы деген не? Ол есейгенде адам өміріне қалай әсер етеді? Бұл психожарақатты қалай емдейміз? Бұл сауалдарды осы мәселемен жұмыс істеп жүрген психолог Ақзипа Сердалиевамен талқыладық. Подкаст авторы – Азаттық тілшісі әрі психологияны екінші мамандығы ретінде оқып жүрген Руслан Меделбек. Подкасты Apple Podcast, Spotify платформаларынан да тыңдай аласыз.
信息
- 节目
- 频道
- 频率两周一更
- 发布时间2022年10月20日 UTC 02:00
- 长度35 分钟
- 分级儿童适宜