OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС

Ainel Amirkhan
OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС

OY-DETOX - менің авторлық подкастым. Түрлі саладағы маман-замандастарыммен бірге ақпарат ағынында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейтін боламын. Жоба авторы және жүргізушісі - Әйнел Әмірхан Телеграм - https://t.me/oydetox Инстаграм - @ainelkai Қандай да бір сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса, маған akainazar1@gmail.com электрондық поштасына хабарласа аласыздар. Подкастты қолдау https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.

  1. ١٢ يونيو

    Жастар елден неге кеткісі келеді?

    Бұл эпизодта саясаттанушу, құқық қорғаушы Қасиет Темірзахқызымен Қазақстан жастарының қазіргі көңіл-күйі, елдегі қоғамдық-саяси жағдайға деген сенімі және көші-қонға итермелейтін себептер туралы сөйлестік. Жастар неге саясаттан алшақ?Неліктен елден кетуді жиі ойлайды?Күнделікті өмір мен саяси шешімдердің байланысын қалай түсініп жүр?Әлеуметтік желілер жастардың құндылықтарына қалай әсер етеді?осы және өзне де сұрақтар жауабын эпизодтан таба аласыздарЭпизод таймкоды00:00 - аңдатпа, қонақпен таныстыру01:01 - азаматтық қатысу дегеніміз не? 03:16 - жастар белсенділігінің сыры неде?05:38 - жастарды сипаттайтын зерттеулер10:56 - қай аймақтарда жастар белсендірек және жастар белсенділігіне не әсер етеді?14:33 - жастардың қандай ақпарат пен шаралаға сұранысы бар? 17:14 - қазақ тілінде және орыс тілінде сөйлейтін жастар. Сұраныстары мен қызығушылықтарында айырмашылық бар ма?22:12 - саяси режимдердің өзгеруі, сайлау және сайлауға бару құқығы, үркіту шаралары мен репрессия тұсындағы белсенділік, саяси шешімдерге араласу32:27 - әйелдер маршы, саясаттағы әйелдер мен мемлекеттік квота40:04 - Қазақстандықтарды мазалайтын негізгі мәселелер45:49 - лайфстайл блогерлер мен саясат49:37 - ақпараттың рас-өтірігін қалай тексереміз?54:15 - билікпен коммуникация орнату жолдары 01:07:10 - жастармен жұмыс істейтін қандай ұйымдар бар?❗️ Бұл жарияланымды Internews жүзеге асырып жатқан «Шынайы әңгімелер көмегімен аудиторияның төзімділігін арттыру (CARAVAN)» жобасы аясында Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек қана OY-DETOX жауапты, және жарияланым міндетті түрде Еуропалық Одақ пен Internews көзқарасын білдірмейді.Қызықты айдарларымыз📌 https://youtu.be/qmeev8Y9SGg📌 https://youtu.be/tq3Y7P0NCB0#oydetoxaimaqtar #oydetox #AinelAmirkhan 🍊

    ١ س ١٤ د
  2. ٤ يونيو

    OY-DETOX | Денсаулық: Варикоз ерлер мен әйелдерде бірдей бола ма?

    Бұл эпизодта флеболог, ангиохирург Нұрлыбек Аманкелдинмен варикоз және веналық аурулар туралы әңгімелестік. Варикоз дегеніміз не, ол кімдерде жиі кездеседі және оның алдын алуға бола ма? Осы және басқа да маңызды сұрақтардың жауабын эпизодтан таба аласыздар. Өздеріңіз көріп қана қоймай, өзгелерге де таратуды ұмытпаңыздар! Эпизод таймкоды: 02:19 - флебология деген не? Бұл мамандықты қайда оқытады? 06:02 - варикоз бойынша көбіне әйелдер келеді. Неге? 08:07 - варикоздың қандай түрлері бар? 10:45 - склеротерапияның пайдасы бар ма және оның ақысы қанша? 15:25 - варикозды қалай емдейміз? 18:20 - варикоздың алдын қалай аламыз? 21:41- Компрессиялық шұлықтың пайдасы бар ма? Қалай таңдаймыз? 24:08 - kz.apteka.com немен айналысады? Қандай дәрі алуға болады? 24:12 - варикозбен кім көп ауырады: әйелдер ме, ер кісілер ме? Тромбтың пайда болу және үзілу себептері? 30:40 - жатыр варикозы деген не? Қалай пайда болады? 34:05 - әйел туған сайын жасара ма? Ер-жігіттерге үндеу 36:38 - варикоздың салдарынан туындайтын қосалқы аурулар 38:32 - ауылда жағдай қалай? Урбанизацияның варикозға әсері 41:08 - флебологқа бармау үшін не істеу керек? 43:39 - kz.apteka.com қосымшасын жүктеп алып, алғашқы тапсырысқа “OYDETOX” промокодымен 5% жеңілдік алыңыз 44:43 - сұраққа жауап беріп, пікіріңізді қалдырып, дәрумендер боксын ұтып алыңыз «OY-DETOX | Денсаулық» айдарының серіктесі - kz.apteka.com. kz.apteka.com интернет-дәріханасы дәрі-дәрмектерді, биологиялық белсенді қоспаларды, ауруларды емдеуге арналған құрылғылар мен олардың қосалқы бөлшектерін таңдап, сатып алуға мүмкіндік береді. Толық ақпаратты сайттан таба аласыздар - https://kz.apteka.com Ал «OYDETOX» промокоды арқылы алғашқы тапсырысқа 5% жеңілдік ала аласыздар. Тапсырысты Қазақстан бойынша жасауға болады. Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/oydetox/ kz.apteka.com инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/aptekacom/

    ٤٦ من الدقائق
  3. ١٥ مايو

    OY-DETOX | Денсаулық: Антибиотикке төзімділік неге қауіпті?

    OY-DETOX төрінде жаңа айдар «OY-DETOX | Денсаулық» айдарында денсаулық тақырыбындағы маңызды әңгімелер легін бастаймыз. Енді бұл айдарда денсаулық сақтау саласының мамандары мен сарапшыларымен бірге бәрімізге ортақ өзекті тақырыптарды талқылаймыз. Алғашқы эпизод қонағы — Манар Смағұл, дәрігер-эпидемиолог, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары.Бүгінгі эпизодта антибиотиктерге төзімділік туралы сөз қозғаймыз. Неліктен кейбір дәрілер әсер етпей қалды? Бұл мәселеге біздің қандай қатысымыз бар? Ал оның салдары тек медицинамен ғана шектеле ме? Жауаптарды эпизодтан іздеңіздер. Эпизодта тағы қозғалған тақырыптар: – Микроағзалар неліктен антибиотикке төзімді бола бастады – Өзін-өзі емдеудің және дәріні рецептсіз сатып алудың зардаптары – Вакцинаның орны мен рөлі – Адам, жануар және табиғат денсаулығының өзара байланысы – Күнделікті өмірде қолдануға болатын қарапайым әрі тиімді алдын алу шаралары Эпизод таймкоды: 00:52 - аңдатпа, қонақпен таныстыру 02:52 - антибиотикке төзімділік дегеніміз не? Оның экономика мен экологияға әсері 08:10 - антибиотикке төзімділік қалай қалыптасады? 14:50 - тұмаудың кезеңдері, күресу жолдары мен қауіп-қатерлер 18:33 - балалардың иммунитеті, микрофлорамен қарым-қатынасы және "тым таза ортада" өсудің әсері 22:00 - Дәрігер таңдауы, сенім, гугл диагноз және өзін-өзі емдеу 28:27 - Онлайн дәрі сатып алу, Рецепттің рөлі, бақылау жүйесі 32:20 - жарнамалық үзіліс 31:24 - дәрілерді қауіпсіз жеткізу жолдары 33:15 - Антибиотикке төзімділіктің өсуі, төзімділік статистикасы және халықаралық бақылау 38:35 - вакцинацияға деген көзқарас, оған әсер ететін факторлар мен қоғамдағы пікірлер «OY-DETOX | Денсаулық» айдары kz.apteka.com қолдауымен жасалды. kz.apteka.com интернет-дәріханасы дәрі-дәрмектерді, биологиялық белсенді қоспаларды, ауруларды емдеуге арналған құрылғылар мен олардың қосалқы бөлшектерін таңдап, сатып алуға мүмкіндік береді. Ал «OYDETOX» промокоды арқылы алғашқы тапсырысқа 5% жеңілдік ала аласыздар. Тапсырысты Қазақстан бойынша жасауға болады. Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/oydetox/ kz.apteka.com инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/aptekacom/ Манар Смағұлдың инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/manarkasymzhanova?igsh=MTZrZHJzc3pmMWF1Yw%3D%3D

    ١ س ١ د
  4. ١٤ أبريل

    Қалай қоқысты жиһазға айналдырып, бизнес жасауға болады?

    Бүгінгі эпизодта біз пластик қалдықтарының қоршаған ортаға тигізетін әсері мен оларды қайта өңдеу мүмкіндіктері жөнінде сөз қозғаймыз. Пластик – заманауи тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған материал. Алайда оны тұтынудың артуы экологиялық қауіптерге әкеліп отыр. Осы тұрғыда пластикті қалдық ретінде емес, ресурс ретінде қарастыру – уақыт талабы. Бүгінгі қонағымыз – пластик қалдықтарын қайта өңдеу және олардан жаңа өнім жасау бағытында жұмыс істейтін Rocket Plastic жобасының негізін қалаушы Данияр Бакимов. Әңгіме барысында біз Қазақстанда қайта өңдеу мәдениетінің қалыптасу үдерісі, экологиялық стартаптарды дамыту тәжірибесі және қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыру жолдары туралы айтамыз. Rocket Plastic жобасы туралы толығырақ - https://www.instagram.com/rocketplastic/ Precious Plastic туралы - https://www.preciousplastic.com/ Бұл материал шешім журналистикасы жанрында Solutions Journalism Lab II жобасы аясында дайындалған және автордың жеке көзқарасын білдіреді. Сондай-ақ, экология тақырыбы бойынша Пакизат Сайлаубекпен болған эпизодты көріп, тыңдауға шақырамыз - https://youtu.be/rngOySPsNHQ?si=UZxkMY-sK-QRDVn4

    ٣١ من الدقائق
  5. ٧ أبريل

    Свобода слова, ИИ и соцсети: как работают медиа в регионах Казахстана

    В этом эпизоде мы поговорили с Тимуром Гафуровым — главным редактором регионального издания «Наша газета» — о том, как сегодня выживает печатная пресса, почему обратная связь с читателями важнее, чем когда-либо, и какую роль играют соцсети в жизни СМИ и власти. Обсудили: - Как устроена ежедневная работа регионального журналиста; - Почему печатная версия газеты всё ещё актуальна; - Как редакция использует искусственный интеллект в своей работе; - Почему чиновники должны быть в соцсетях и реагировать на критику; - Что тревожит независимые медиа в свете новых политических трендов. Таймкоды: 00:00 – Приветствие и знакомство с гостем 00:29 – Сколько человек живёт в Костанае и чем занимается молодёжь 07:34 – Газета «Наша газета»: подписка, продажи и читатели 10:58 – Конкуренты «Нашей газеты» и медийный ландшафт города и области 15:15 – Команда, каналы коммуникации и топ-5 тем региона 25:01 – Табу для журналистов, резонансные публикации и новый закон о СМИ 31:25 – Кого читает Тимур Гафуров? 42:45 – Какие медиа на казахском языке есть в регионе? 47:05 – Каково быть журналистом сегодня? Свобода слова в Казахстане и стоит ли переживать? #oydetoxaimaqtar #oydetox #AinelAmirkhan 🍊

    ٥٩ من الدقائق

مقطع ترويجي

التقييمات والمراجعات

٥
من ٥
‫٤ من التقييمات‬

حول

OY-DETOX - менің авторлық подкастым. Түрлі саладағы маман-замандастарыммен бірге ақпарат ағынында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейтін боламын. Жоба авторы және жүргізушісі - Әйнел Әмірхан Телеграм - https://t.me/oydetox Инстаграм - @ainelkai Қандай да бір сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса, маған akainazar1@gmail.com электрондық поштасына хабарласа аласыздар. Подкастты қолдау https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.

قد يعجبك أيضًا

للاستماع إلى حلقات ذات محتوى فاضح، قم بتسجيل الدخول.

اطلع على آخر مستجدات هذا البرنامج

قم بتسجيل الدخول أو التسجيل لمتابعة البرامج وحفظ الحلقات والحصول على آخر التحديثات.

تحديد بلد أو منطقة

أفريقيا والشرق الأوسط، والهند

آسيا والمحيط الهادئ

أوروبا

أمريكا اللاتينية والكاريبي

الولايات المتحدة وكندا