CoolTóbe podcast

CoolTobe podcast
CoolTóbe podcast

Күлтөбе жобасында Қазақстан қоғамындағы трендтер, саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдай туралы сол тақырыпты зерттеп жүрген сарапшылармен сөйлесеміз. Әр шығарылымның тақырыбы болады. Сол тақырыппен айналысатын ғалыммен халыққа барынша түсінікті тілде сол зерттеу саласының мәселелерін талқылаймыз. Жобаның негізгі тілі қазақша болады. Жобаға шақырылатын қонақ орыс тілді болған жағдайда, әңгіме орыс тілінде жүргізіледі. Ал сарапшы ағылшын тілді болған жағдайда әңгіме ағылшын тілінде жүреді. Подкаст видео форматында түсіріліп, YouTube арнамызда жарияланады.

  1. 24/07/2023

    XX ғасырдың тарихы 1991 жылдан бастап саяси жадта қалай еске сақталды?

    Назарларыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған кезекті эпизодын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонағы- зерттеуші, Берікбол Дукеев.   Бұл эпизодта біз қонағымызбен жады саясаты және оның тарих оқулықтарымен қиылысы мәселелерін, жаһанданудың қарқынды жүруіне қарамастан адамның өз шығу тарихына деген қызығушылығы артуын, сондай-ақ қазақтан басқа этникалық топтардың тарихы, қандастардың тарихқа қосқан үлесі мен күнделік жазу әдеті жайында жан-жақты талқыладық.   Terek Story – Aul.Inspired және Саяси шешімдер орталығының біріккен бірегей бастамасы. Бұл жоба отбасылық әңгімелерді жазу мен жинақтауға, оларды жас ұрпаққа жеткізуге, буындар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға және құнды оқиғалармен бөлісу алаңын құруға бағытталған. Қазіргі таңда еліміздің сан қиырындағы әртүрлі әулет тарихынан сыр шертетін әсерлі әңгімелер мен ерек естеліктер біздің инстаграм және фейсбук парақшамызда @terekstory, сондай-ақ Саяси шешімдер орталығының сайтында (https://policysolutions.kz/) жарияланған.   CoolTobe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар желісі Америка Құрама Штаттарының Дипломатиялық миссиясының Түлектер гранты бағдарламасы және National Alumni Network-тың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды. Подкаст барысында айтылған спикерлер пікірі жоба ұйымдастырушылары мен серіктестерінің: Америка Құрама Штаттары елшілігінің және National Alumni Network-тың ұстанымын білдірмейді.

    1 h 15 min
  2. 18/07/2023

    Әлеуметтік жады. Әулет тарихын зерттейтін әдістемелер. Қазақстан және шетелдік тәжірибиелер.

    Назарларыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған кезекті эпизодын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонағы – әлеуметтану ғылымының докторанты Алмаш Айқынбайқызы. Бұл эпизодта біз қонағымызбен «әлеуметтік жады» ұғымы, отбасы тарихының ғылымда зерттелуі мен фамилистика, қоғамдағы трансформациялардың отбасы тарихында көрініс табуы және oral history-дің мәні, сондай-ақ шежіренің бүгінгі таңда функциясының өзгеруі һәм қазақ қоғамында әулетке қатысты әлі де зерттелмеген жайттардың бар екендігі, травмалық тарихи оқиғалар мен билік тарапынан тыйым салынған табу тақырыптарға қайта оралу, тарихи оқиғаны зерттеуде объективті және субъективті көзқарастардың болуы, ұрпақтар арасындағы шиеленіс, әулет тарихын зерттеудің жолдары мен отбасылық альбомдардың маңызы секілді тақырыптарда ой бөлісіп, пікір алмастық. Сонымен қатар әулет тарихын зерттеу мемлекет үшін неге басты саяси бағдарлардың бірі болуы қажет екеніне де тоқталып, түйінді мәселелердің күрмеуін шешуге талпындық. Terek Story – Aul.Inspired және Саяси шешімдер орталығының біріккен бірегей бастамасы. Бұл жоба отбасылық әңгімелерді жазу мен жинақтауға, оларды жас ұрпаққа жеткізуге, буындар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға және құнды оқиғалармен бөлісу алаңын құруға бағытталған. Қазіргі таңда еліміздің сан қиырындағы әртүрлі әулет тарихынан сыр шертетін әсерлі әңгімелер мен ерек естеліктер біздің инстаграм және фейсбук парақшамызда @terekstory, сондай-ақ Саяси шешімдер орталығының сайтында (https://policysolutions.kz/) жарияланған. CoolTobe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар желісі Америка Құрама Штаттарының Дипломатиялық миссиясының Түлектер гранты бағдарламасы және National Alumni Network-тың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды. Подкаст барысында айтылған спикерлер пікірі жоба ұйымдастырушылары мен серіктестерінің: Америка Құрама Штаттары елшілігінің және National Alumni Network-тың ұстанымын білдірмейді.

    1 h
  3. 12/07/2023

    Әулет әңгімелері. Ата-әжелердің биографиясын зерттеу. Құндылықтардың өзгеруі.

    Назарыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар сериясын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонақтары әлеуметтанушы, Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасының орынбасары Әлібек Қисыбай және әлеуметтанушы, PaperLab зерттеу орталығының директоры Серік Бейсембаев. Бұл эпизодта біз әулет, отбасы ұғымдары, отбасы мүшелерінің өмірбаянын үйренудің әлеуметтік мағынасы, урбанизацияның отбасы институтына әсері, отбасы тарихы мен ресми тарихтың азаматтар тарапынан қабылдануы, әйелдердің отбасылық тарихты ұрпақтан ұрпаққа жеткізудегі рөлі секілді тақырыптарда әңгіме қозғадық. Terek Story – Aul.Inspired және Саяси шешімдер орталығының біріккен бірегей бастамасы. Бұл жоба отбасылық әңгімелерді жазу мен жинақтауға, оларды жас ұрпаққа жеткізуге, буындар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға және құнды оқиғалармен бөлісу алаңын құруға бағытталған. Қазіргі таңда еліміздің сан қиырындағы әртүрлі әулет тарихынан сыр шертетін әсерлі әңгімелер мен ерек естеліктер біздің инстаграм және фейсбук парақшамызда @terekstory, сондай-ақ Саяси шешімдер орталығының сайтында (https://policysolutions.kz/) жарияланған. CoolTobe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар желісі Америка Құрама Штаттарының Дипломатиялық миссиясының Түлектер гранты бағдарламасы және National Alumni Network-тың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды. Подкаст барысында айтылған спикерлер пікірі жоба ұйымдастырушылары мен серіктестерінің: Америка Құрама Штаттары елшілігінің және National Alumni Network-тың ұстанымын білдірмейді.

    1 h 14 min
  4. 10/08/2022

    Гендерлік еңбек бөлінісі. Әйелдердің үйдегі төленбейтін жұмысы.

    Еңбек, үй шаруашылығын жүргізу әйел не еркектің жұмысы болып бөлінеді ме? Төленбейтін жұмыс дегеніміз не? Не себептен еңбек бөлінісінде гендерлік теңдікті ұстану маңызды? Қазақстандағы гендерлік еңбек теңсіздігінің жағдайы қандай? Осы және басқа да маңызды сұрақтар туралы Ұлттық қазақ қыздар педагогикалық университетіндегі әлеуметтік және гендерлік зерттеулер институтының директоры, PhD доктор Айжан Салимжанова және гендерлік зерттеуші Ақбота Садуақасовамен талқыладық.  «CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.

    58 min

Notes et avis

5
sur 5
3 notes

À propos

Күлтөбе жобасында Қазақстан қоғамындағы трендтер, саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдай туралы сол тақырыпты зерттеп жүрген сарапшылармен сөйлесеміз. Әр шығарылымның тақырыбы болады. Сол тақырыппен айналысатын ғалыммен халыққа барынша түсінікті тілде сол зерттеу саласының мәселелерін талқылаймыз. Жобаның негізгі тілі қазақша болады. Жобаға шақырылатын қонақ орыс тілді болған жағдайда, әңгіме орыс тілінде жүргізіледі. Ал сарапшы ағылшын тілді болған жағдайда әңгіме ағылшын тілінде жүреді. Подкаст видео форматында түсіріліп, YouTube арнамызда жарияланады.

Pour écouter des épisodes au contenu explicite, connectez‑vous.

Recevez les dernières actualités sur cette émission

Connectez‑vous ou inscrivez‑vous pour suivre des émissions, enregistrer des épisodes et recevoir les dernières actualités.

Choisissez un pays ou une région

Afrique, Moyen‑Orient et Inde

Asie‑Pacifique

Europe

Amérique latine et Caraïbes

États‑Unis et Canada