Хаттар сөйлейді

Камшат Әбдірайым
Хаттар сөйлейді

"Хаттар сөйлейді" - эпистолярлық жанрдағы қазақша подкаст. Әрбір эпизодта бір хат оқылып, оның жазылу тарихы баяндалады. "Хаттар сөйлейді" әрбір хаттың артында тұрған өмір мен тарихи оқиғалар туралы ойландырады, шабыттандырады. Сұрақтарыңыз не ұсыныстарыңыз болса, маған hattarsoileidi@gmail.com электрондық поштасына хабарласа аласыз.

  1. 2021/10/27

    13. Соғыс жылдарындағы пошта қызметі

    Подкасттың бұл эпизодында майдандағы пошта қызметі туралы әңгімелемекпін. Өйткені соғыс кезінде негізгі байланыс құралы пошта болды. Ай сайын майдан шебіне 70 млн-дай сәлемдеме жолданған. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында пошташылар кейбір деректерде 6 миллиардтан астам хат, 22,9 миллион сәлемдеме, 63,9 миллиард баспа өнімін тасымалдапты. Таза қағаз тапшы болғандықтан, жауынгерлер хаттарын плакаттарға, консервінің қаптамасы мен құжаттың қиындыларына жазды. Мамандардың айтуынша, соғыс хаттарының барлығы амандық-саулық сұрасуға арналған. Жау тарабы хатты қолға түсіріп, маңызды ақпаратты біліп қалмауы үшін цензураланды. Эпизодта Нүркен Әшіровтің орындауындағы Тұраш Абуовтың "Комсомол" күйі қолданылды. Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары: https://www.instagram.com/hattarsoileidi https://t.me/hattarsoileidi https://podfollow.com/hattarsoileidi

    6 分钟
  2. 2021/10/26

    12. Бауыржан Момышұлының Мұхтар Әуезовке жазған хаты

    Мамандардың айтуынша, батыр Бауыржан Момышұлының жазған хаттары мен оған сәлем жолдаған хаттардың өзі он мыңнан асып жығылады екен. Мұхтар Әуезов пен Бауыржан Момышұлының арасында 1942 жылдан бастап он шақты хат жазылған екен. Екі ұлы тұлғаның арасындағы байланыс хаттан басталады. Хаттарда қазақ әдебиеті, қазақ жазушыларының жайы, аударма мәселесі, "Намыс гвардиясы" пьесасы, "Абай" романы туралы пікір алмасып отырған. Эпизодта Қуат Аманжолдың орындауында Құрманғазының "Кішкентайы" қолданылды. Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары: https://www.instagram.com/hattarsoileidi https://t.me/hattarsoileidi https://podfollow.com/hattarsoileidi Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

    16 分钟
  3. 2021/10/24

    11. Шындық іздеген Рахымжан Қошқарбаевтың хаттары

    1945 жылы 30 сәуірінде сағат 14:25 –те лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Булатов Рейхстагқа ту тікті. Қуанышты жаңалық келесі күні-ақ барлық газетте жазылды. 1945 жылдың 3 мамыры күні «Войны Родины» газеті: «Рейхстагқа алғашқы болып ту тіккен – Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов», – деп жазады. Бірақ бір жылдан кейін баспасөзде Рейхстагты алған жаңа сарбаздардың аты аталды. Әділетсіздік күйінген Рақымжан генерал Лицицынға «Сіз өз естеліктеріңізде шындықты бұрмалап жазғансыз» десе, «Они брали Рейхстаг» кітабының авторы Сбойчаковқа «Сіз бен басқа генералдар шындықты қанша бұрмаласа да қазақ халқының баласы орыс жігіті Булатовпен бірге 30 сәуір күні Рейхстагтың төбесіне алғашқы болып ту тіккені – тарихи шындық», - деп жазады. Эпизодта қос күй қолданылды: Қуат Аманжолдың орындауында Құрманғазының "Кішкентайы"; Ахат Байбосыновтың орындауындағы Әбікен Хасеновтің "Қоңыр" күйі. Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары: https://www.instagram.com/hattarsoileidi https://t.me/hattarsoileidi https://podfollow.com/hattarsoileidi Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

    15 分钟
  4. 2021/10/20

    9. Туыстары 80 жыл бойы іздеген майдангердің хаты

    Бұл - майдангер Қайыржан Тікшекеевтің хаты. Әскерден жолдаған 12 хатын оның немересі Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архивіне әкеліп тапсырған. Жауынгер 1943 жылы қаза тауып, ұзақ уақыт бойы сүйегінің қай жерде қалғаны белгісіз болып келді. Туыстары сарбаз туралы деректі 80 жылға жуық іздеген. Тек 2020 жылы ғана майдангердің сүйегі табылып, Украинадан Қазақстанға жеткізіліп, туған ауылына жерленді. Эпизодта Нұрлан Түменбаевтың орындауындағы Әбдімомын Желдібаевтың "Боз жігіт" күйі пайдаланылды. Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары: https://www.instagram.com/hattarsoileidi https://t.me/hattarsoileidi https://podfollow.com/hattarsoileidi Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

    6 分钟
  5. 2021/09/11

    6. Мәншүк Мәметованың анасына жазған хаты

    Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова бұл хатты екінші дүниежүзілік соғысы кезінде анасы Әминаға жазған. Хат орыс тілінде жазылған, подкаст тыңдармандары үшін қазақ тіліне тәржімаланып, дыбысталды. Оның әкесі, қазақтың зиялы азаматы Ахмет Мәметов "халық жауы" деген желеумен ұсталып кеткен. Зерттеушілердің пайымдауынша, Мәншүк әкесін ақтап алу үшін майданға өзі сұранып барған. Жалпы, батыр қыздың өз қолымен жазған 6 хаты қазір Орал қаласындағы М.Мәметова музейінде сақтаулы.  Эпизодта Секен Тұрысбектің "Ақжауын" күйі қолданылды. Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары: https://www.instagram.com/hattarsoileidi https://t.me/hattarsoileidi https://podfollow.com/hattarsoileidi/view Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

    9 分钟

关于

"Хаттар сөйлейді" - эпистолярлық жанрдағы қазақша подкаст. Әрбір эпизодта бір хат оқылып, оның жазылу тарихы баяндалады. "Хаттар сөйлейді" әрбір хаттың артында тұрған өмір мен тарихи оқиғалар туралы ойландырады, шабыттандырады. Сұрақтарыңыз не ұсыныстарыңыз болса, маған hattarsoileidi@gmail.com электрондық поштасына хабарласа аласыз.

若要收听包含儿童不宜内容的单集,请登录。

关注此节目的最新内容

登录或注册,以关注节目、存储单集,并获取最新更新。

选择国家或地区

非洲、中东和印度

亚太地区

欧洲

拉丁美洲和加勒比海地区

美国和加拿大