Со-Человек. Адам болу өнері

#2 шығарылым. Бедеулік | Аборт | Жүктілік

Сәлем! Сенімен бірге Зәуре мен Айгүл.

Бiз бүгін репродукция, бедеулік, ұрықты сақтау, аборт және саналы ата-аналық туралы тақырыптарды қозғайтын боламыз.

Өз бетімен ата-ана болудан бас тартқан, не балалары жоқ адамдарға қоғам қандай қысым көрсететіні жайлы айтып кетемiз.

“Қашан бала туасың?”, “Аборт жасап, адам өлтірдің!” “30-ға келдің!”, “Осылай жүргенде, уақытың өтіп кетеді!” деген сөздерді жиі естісең, бұл шығарылымды міндетті түрде тындауың қажет.