Әжемнің әңгімесі

8. "18 жасымда 9 жасар жетім қызды асырап алдым"

Бұл эпизод өте ерекше әрі әсерлі. Себебі мұнда бала асырап алу туралы айтылады. 

  • Дина әже 18 жасында 9 жасар қызды қалай асырап алды? 
  • Қазақша бірауыз білмейтін кішкентай жетім қызбен қалай тіл табысты? 
  • Әкесі Қойшыбай неге 80 жасқа келгенде қайта үйленді? 

Осы оқиғалар қызық болса, толығырақ білгіңіз келсе, әженің әңгімесін бірге тыңдайық!

  • Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды.
  • "Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбек пен журналист Айгерім Амалбекке жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз. 

Эпизод көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат.

Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын!

Махаббатпен #маражо

Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін:

  • E-mail: maratovadanaqanat@gmail.com
  • WhatsApp: +77756507327; +905528990569
  • https://www.instagram.com/ajemnin_angimesi/ 
  • https://www.instagram.com/mara_zho/