Абайла, спойлер! Бұл эпизодта спойлер өте көп. Біздің не айтып жатқанымызды толық түсіну үшін алдымен фильмнің екі бөлімін де көруге кеңес беремін.
Жаңа эпизодта біз Дени Вильневтің «Дюн» (Құмбел) фильмін талқыладық. Вильнев - Спилберг, Нолан, Бертон сынды режиссерлардың қатарына қосылып жатқан жаңа есім. Фильмдегі діннің репрезентациясы, сүйікті кейіпкерлеріміз және фильмді көрместен бұрын не істеу керегін айттық. Сондай-ақ, бұл шығарманы неліктен қарғыс атқан деп атайтынын түсіндіреміз.
Фильмге негіз болған туындының авторы Френк Герберттің өміріне тоқталып, қызық деректерге мән бердік.
信息
- 节目
- 频道
- 频率两周一更
- 发布时间2024年4月12日 UTC 10:09
- 长度35 分钟
- 季1
- 单集5
- 分级儿童适宜