StudPodcast by Erkanat StudPodcast by Erkanat
-
- Education
Podcast by Erkanat Erkinbek
-
СтудПодкаст Айдос мырзамен
Қонақта рухани әңгімелерді насихаттаушы, блогер - Айдос мырза. Бұл эпизодта:
- Блогты рухани бағытта жүргізу туралы
- Блогер ретіндегі табысы туралы
- Қиындықтарымен артықшылықтары туралы
сөйлестік. -
СтудПодкаст Арна ханыммен
Қонақта ЖасӨркен бағдарламасының қатысушысы, Самрұқ Қазына порфтельді компанияларында жұмыс істеп жүрген - Арна Қайратқызы. Бүгінгі эпизодта:
- Ұлттық компанияда жұмыс істеу туралы
- ЖасӨркен конкурсының турлары туралы
- Сондай-ақ, турларды өту барысында неге назар аудару керектігі туралы
әңгіме өрбіттік. -
СтудПодкаст Данияр мырзамен
Қонақта Лайфхактар кітабының авторы, 1200 адамға копирайтинг негіздерін үйретуші, өмірді жеңілдетуге арналған нұсқаулықтар ұсынушы - Данияр Жігітбек. Бүгінгі эпизодта:
- Сүйікті істі табу туралы
- Жүйелеуді жолдары туралы
- Ақылы курстарға қатысу, таңдау туралы
әңгіме өрбіттік. -
СтудПодкаст Жәнібек мырзамен
Қонақта Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының 3 курс студенті, қазақша поэзиялар дикторы - Жәнібек Әшімжанов. Бұл эпизодта:
- Инстаграмда қазақша поэзия оқудың қыр сыры туралы
- Кассир қызметінің жұмысы туралы
- Адамдардың дұрыс контентті таңдауы туралы
- Студенттің жұмыс істеуі туралы
сөйлестік. -
СтудПодкаст Нәрікби мырзамен 2 бөлім
Нәрікби мырзамен болған эпизодтың екінші бөлімі. Бұл бөлімде:
- студентпен мұғалім арасындағы байланыс туралы
- сабақта не үшін көшіретініміз туралы
- ұялу менталитеті туралы
- университет ойын сауық кешені ма?
деген тақырыптарды талқыладық -
СтудПодкаст Нәрікби мырзамен
Қонақта Голландия мемлекетінде, Booking компаниясында инженер-программист болып жұмыс жасайтын, Narikbi.live - каналының жүргізушісі Нәрікби мырза.
Подкастта:
- Студент кездегі ең маңызды құндылықтар
- Қазақстанда студенттерге көшіру қалыпты іс, бірақ Японияда неге ол қате?
- Студенттің ақшаға байланысты түсінігі қандай болу керек?
- Универ шынында да тек ойын сауық кешені ма? Әлде ғылыммен айналысатын орын ба?
- Студенттің басты миссиясы не? Адам өзін қалай тануы керек?
деген сұрақтарды талқыладық.