Cooltóbe подкастының бірнеше эпизоды Қазақстандағы ұлттық және этникалық identity, қазіргі кездегі еліміздегі ұлттың қалыптасу процестері мен идентификация мәселелері тақырыбына арналады. Подкаст жүргізушісі антрополог Индира Алибаева.
Бұл бағыттағы эпизодтар Саяси шешімдер орталығының “Орталық Азиядағы ұлт құру және бірегейліліктің қалыптасуы” жобасы аясында Norwegian Helsinki Committee қорының қолдауымен жүзеге асырылады.
Осы подкастта identity термині және қазақтардың түсінігіндегі “ұлт”, “этника” (ethnicity) ұғымын талқыладық. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстанның контекстінде елде тұратын этникалық азшылықтардың бейімделу амалдары туралы да сөз болды.
Подкасттың қонақтары PaperLab зерттеу орталығының сарапшысы, саясаттанушы Камила Смагулова, PaperLab зерттеу орталығы және KIMEP Университетіндегі Қытай және Орталық Азия зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Жадыра Кеңесбекпен жоғарыдағы тақырыпта ой қозғап көрдік.
Informace
- Pořad
- VycházíMěsíčně
- Zveřejněno20. května 2022 v 18:00 UTC
- Řada1
- Díl4
- HodnoceníNezávadné