13 episodes

"Хаттар сөйлейді" - эпистолярлық жанрдағы қазақша подкаст. Әрбір эпизодта бір хат оқылып, оның жазылу тарихы баяндалады.
"Хаттар сөйлейді" әрбір хаттың артында тұрған өмір мен тарихи оқиғалар туралы ойландырады, шабыттандырады.

Сұрақтарыңыз не ұсыныстарыңыз болса, маған hattarsoileidi@gmail.com электрондық поштасына хабарласа аласыз.

Хаттар сөйлейд‪і‬ Камшат Әбдірайым

    • Society & Culture
    • 5.0 • 6 Ratings

"Хаттар сөйлейді" - эпистолярлық жанрдағы қазақша подкаст. Әрбір эпизодта бір хат оқылып, оның жазылу тарихы баяндалады.
"Хаттар сөйлейді" әрбір хаттың артында тұрған өмір мен тарихи оқиғалар туралы ойландырады, шабыттандырады.

Сұрақтарыңыз не ұсыныстарыңыз болса, маған hattarsoileidi@gmail.com электрондық поштасына хабарласа аласыз.

    13. Соғыс жылдарындағы пошта қызметі

    13. Соғыс жылдарындағы пошта қызметі

    Подкасттың бұл эпизодында майдандағы пошта қызметі туралы әңгімелемекпін. Өйткені соғыс кезінде негізгі байланыс құралы пошта болды. Ай сайын майдан шебіне 70 млн-дай сәлемдеме жолданған. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында пошташылар кейбір деректерде 6 миллиардтан астам хат, 22,9 миллион сәлемдеме, 63,9 миллиард баспа өнімін тасымалдапты.

    Таза қағаз тапшы болғандықтан, жауынгерлер хаттарын плакаттарға, консервінің қаптамасы мен құжаттың қиындыларына жазды.

    Мамандардың айтуынша, соғыс хаттарының барлығы амандық-саулық сұрасуға арналған. Жау тарабы хатты қолға түсіріп, маңызды ақпаратты біліп қалмауы үшін цензураланды.

    Эпизодта Нүркен Әшіровтің орындауындағы Тұраш Абуовтың "Комсомол" күйі қолданылды.

    Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары:
    https://www.instagram.com/hattarsoileidi

    https://t.me/hattarsoileidi

    https://podfollow.com/hattarsoileidi

    • 5 min
    12. Бауыржан Момышұлының Мұхтар Әуезовке жазған хаты

    12. Бауыржан Момышұлының Мұхтар Әуезовке жазған хаты

    Мамандардың айтуынша, батыр Бауыржан Момышұлының жазған хаттары мен оған сәлем жолдаған хаттардың өзі он мыңнан асып жығылады екен.
    Мұхтар Әуезов пен Бауыржан Момышұлының арасында 1942 жылдан бастап он шақты хат жазылған екен. Екі ұлы тұлғаның арасындағы байланыс хаттан басталады. Хаттарда қазақ әдебиеті, қазақ жазушыларының жайы, аударма мәселесі, "Намыс гвардиясы" пьесасы, "Абай" романы туралы пікір алмасып отырған.

    Эпизодта Қуат Аманжолдың орындауында Құрманғазының "Кішкентайы" қолданылды.

    Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары:
    https://www.instagram.com/hattarsoileidi

    https://t.me/hattarsoileidi

    https://podfollow.com/hattarsoileidi

    Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

    • 16 min
    11. Шындық іздеген Рахымжан Қошқарбаевтың хаттары

    11. Шындық іздеген Рахымжан Қошқарбаевтың хаттары

    1945 жылы 30 сәуірінде сағат 14:25 –те лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Булатов Рейхстагқа ту тікті. Қуанышты жаңалық келесі күні-ақ барлық газетте жазылды. 1945 жылдың 3 мамыры күні «Войны Родины» газеті: «Рейхстагқа алғашқы болып ту тіккен – Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов», – деп жазады. Бірақ бір жылдан кейін баспасөзде Рейхстагты алған жаңа сарбаздардың аты аталды.
    Әділетсіздік күйінген Рақымжан генерал Лицицынға «Сіз өз естеліктеріңізде шындықты бұрмалап жазғансыз» десе, «Они брали Рейхстаг» кітабының авторы Сбойчаковқа «Сіз бен басқа генералдар шындықты қанша бұрмаласа да қазақ халқының баласы орыс жігіті Булатовпен бірге 30 сәуір күні Рейхстагтың төбесіне алғашқы болып ту тіккені – тарихи шындық», - деп жазады.

    Эпизодта қос күй қолданылды: Қуат Аманжолдың орындауында Құрманғазының "Кішкентайы"; Ахат Байбосыновтың орындауындағы Әбікен Хасеновтің "Қоңыр" күйі.

    Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары:
    https://www.instagram.com/hattarsoileidi

    https://t.me/hattarsoileidi

    https://podfollow.com/hattarsoileidi

    Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

    • 14 min
    10. Әлия Молдағұлованың апасы Сапураға жазған хаты

    10. Әлия Молдағұлованың апасы Сапураға жазған хаты

    Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалдық мұражайында оның әпкесі Сапураға жазған жеті хаты сақталған. Мұражай қызметкерлерінің айтуларынша, Әлия өзінің ағайы Әбубәкір мен тағы бір немере ағайы Бейсенғали Хабиевке да хат жазып тұрған. Алайда бұл хаттар сақталмаған.

    Эпизодта Ахат Байбосыновтың орындауындағы Әбікен Хасеновтің "Қоңыр" күйі пайдаланылды.

    Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары:
    https://www.instagram.com/hattarsoileidi

    https://t.me/hattarsoileidi

    https://podfollow.com/hattarsoileidi

    Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

    • 6 min
    9. Туыстары 80 жыл бойы іздеген майдангердің хаты

    9. Туыстары 80 жыл бойы іздеген майдангердің хаты

    Бұл - майдангер Қайыржан Тікшекеевтің хаты. Әскерден жолдаған 12 хатын оның немересі Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архивіне әкеліп тапсырған. Жауынгер 1943 жылы қаза тауып, ұзақ уақыт бойы сүйегінің қай жерде қалғаны белгісіз болып келді. Туыстары сарбаз туралы деректі 80 жылға жуық іздеген. Тек 2020 жылы ғана майдангердің сүйегі табылып, Украинадан Қазақстанға жеткізіліп, туған ауылына жерленді.

    Эпизодта Нұрлан Түменбаевтың орындауындағы Әбдімомын Желдібаевтың "Боз жігіт" күйі пайдаланылды.
    Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары:
    https://www.instagram.com/hattarsoileidi

    https://t.me/hattarsoileidi

    https://podfollow.com/hattarsoileidi


    Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

    • 6 min
    8. Майданнан келген өлең-хаттар

    8. Майданнан келген өлең-хаттар

    Қазақ өмірінде өлеңмен хат жазысу ертеден бар. Кейін бұл үлгі поэзияға келді. Соғыс жылдарында да елге деген сағынышын баяндайтын, туған-туысқа  деген махабатынан сыр шертетін өлең хаттар толастамаған.

    Бұл эпизодта майдангерлердің ұрыс кезінде жазған бір топ өлең хаттары оқылады.

    Эпизодта Қаршыға Ахмедияровтың "Аққайың" күйі қолданылды. 

    Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары:
    https://www.instagram.com/hattarsoileidi

    https://t.me/hattarsoileidi

    https://podfollow.com/hattarsoileidi

    Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

    • 10 min

Customer Reviews

5.0 out of 5
6 Ratings

6 Ratings

Болашакер ,

Болашакер

Балалық шағымды еске салатын подкаст!

Top Podcasts In Society & Culture

Dope soz / Дөп сөз
Zhomart Aralbaiuly
Психология с Александрой Яковлевой
Александра Яковлева
Замандас подкаст
Зamandas Podcast
Разговорчики по Фрейду
Арсений Володько
К тебе или ко мне? 18+
Кристина Вазовски, Егор Егоров
Три пункта | Психология и юмор
Три пункта | Психология и юмор