Ғажайып Әлем

Ғажайып Әлем

Әр тұлғаның осы өмірдегі сүйікті ісі - ғажайып әлемі туралы подкаст. Кейәпкерлеріміз спорт және өнер жұлдыздары, тіпті өте сирек кездесетін мамандық иесі болуы мүмкін. Бастысы, біз ол кейіпкердің ғажайып әлеміне қонаққа барамыз, танысамыз. Осылайша эпизодтан эпизодқа сан-алуан сиқырлы жақтарға саяхат жасаймыз.

Episodes

  1. Шет елдік бапкерлерден сабақ алмасаң, жетістікке жету қиын

    01/12/2025

    Шет елдік бапкерлерден сабақ алмасаң, жетістікке жету қиын

    «Ғажайып әлемнің» кезекті эпизодының қонағы – Айза Мамбекова. Айза 2017 жылы Алматыда өткен Дүниежүзілік Универсиада мен 2018 жылғы Пхенчхан олимпиадасында өнер көрсеткен, еліміздің мәнерлеп сырғанаудан бірнеше дүркін чемпионы болған.  Биыл еліміздің мәнерлеп сырғанаушылары үшін жауапты жарыстар көп. Олар Универсиада, Азия ойындары, Төрт құрлық және Әлем чемпионаттары. Америкада өтетін біріншілікте 2026 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия ойнатылады. Сондықтан да осы жарыстарға біздің спортшылардың қалай дайындалғаны, сонымен қатар Қазақстанның конькимен мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық штаттық команда басшысы ретінде атқарлып жатқан жұмыстар мен осы спорт түріндегі төрешілік ету мәселесін де талқылап тастадық. Facebook: Liliana Alzhanova Instagram: @liliana_kanatkyzyhttps://www.instagram.com/liliana_kanatkyzy?igsh=cXBpNjhsMnVmcTBy  Digital редактор: Балғазы Нұрғаным @nur_balgazyhttps://www.instagram.com/nur_balgazy?igsh=dWNtOHRiYzlkOGM3&utm_source=qr Эпизод қонағы: @aiza_mambekovahttps://www.instagram.com/aiza_mambekova?igsh=MXhuZzJ2NTEzcTc1ag==

    56 min
  2. 08/21/2024

    Жансая Адыханова: Біздің спортшылар ешкімнен кем емес

    «Ғажайып әлемнің» бұл эпизоды мәнерлеп сырғанауға арналады. Бұл жолғы кейіпкеріміз – Жансая Адыханова, мәнерлеп сырғанаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2019-жылғы Универсиаданың қола жүлдегері, жаттықтырушы, төреші. Эпизод барысында Жансаямен Қарағандыда өткен жасөспірімдердер арасындағы ел біріншілігі, оның қорытындысы және Ресейден бізге ауысып келген С.Самоделкина туралы әңгімелестік. Сонымен қатар Қазақстандағы жұптасып сырғанаудың жайы, Жансаяның жұптасып сырғанауға өтуі, сол жолдағы қиыншылықтар туралы да сөз болды. Мені толғандарып жүрген тағы бір сұраққа да жауап алдым десем де болады. Оның қандай сұрақ екенін, эпизодты көріп шыққаннан кейін біле жатарсыздар деген ойдамын. Facebook: Liliana Alzhanova Instagram: @liliana_kanatkyzy Digital көмекші: Балғазы Нұрғаным @nur_balgazy

    1h 15m

About

Әр тұлғаның осы өмірдегі сүйікті ісі - ғажайып әлемі туралы подкаст. Кейәпкерлеріміз спорт және өнер жұлдыздары, тіпті өте сирек кездесетін мамандық иесі болуы мүмкін. Бастысы, біз ол кейіпкердің ғажайып әлеміне қонаққа барамыз, танысамыз. Осылайша эпизодтан эпизодқа сан-алуан сиқырлы жақтарға саяхат жасаймыз.