Танымал актер Әшім Ахметов БІРІНШІ БОЛ қонағы болды. Футболға қатты қызығады – "Реал" жанкүйері. АПЛ матчтарын жібермей көреді екен.
Әшім Ахметов футбол скауты болғысы келетінін айтты. Нағыз таланттарды табу үшін ел аралап, қабілеті мықты қазақ балаларының бағын ашқысы келеді.
Актердің ойынша, Қазақстанда жетістікке жеткен жас таланттардың көбі тоқмейілсіп, даму жолынан шығып қалады. Тіпті, бұл барлық салаға қатысты көрінбейтін "індет" екенін айтты. Әлі күнге дейін екі дүркін олимпиада чемпионы шықпай жатқанын да осы "қасиетімізден" көреді.
АПЛ-да доп тебетін қазақ қашан туады? Қазақстан құрамасын ЕУРО мен МУНДИАЛЬ сияқты мәртебелі додаларға сүйрейтін лидерлер қашан пайда болады? Париж олимпиадасынан тағы алтынсыз оралмаймыз ба? Бүгінгі подкаста осы мәселелер сөз болды.
Спорт жаңалықтары
資訊
- 節目
- 頻率每週更新
- 發佈時間2024年4月19日 上午6:28 [UTC]
- 長度1 小時 7 分鐘
- 季數2
- 集數21
- 年齡分級兒少適宜