bir kese şay

TORGYN

Сәлем! Бұл - Торғын, “бір кесе шай” подкасының авторымын. Шетелде оқитын қазақтардың әңгімесін тыңдауға шақырамын.

  1. 1 NOV

    Жанеля: Польшадағы өмір, құндылықтар сәйкестігі, поляктардың MBTI-ы, құжатсыз миграция

    Сәлем-сәлем, достар! Сіздермен сағынысып қауышқан бір ғанибет екен. Бір кесе шайдың жаңа эпизодын таныстырғымыз келеді. Студиямыздың қонағы Жанеля Амангельдина. Еуразия Ұлттық университетінде цифрлі медиа мамандығында оқыған. Кейін Варшавада Marketing Management мамандығын тәмамдап, Польшада TransferGo ақша аудару бойынша Орталық Азия және Кавказ аймақтарына жауапты маркетолог маманы болып қызмет істейді. Магистратураға дейін Астана қаласындағы AstanaHub халықаралық стартаптар паркінде СММ/маркетолог боп жұмыс істеген. Кофе мәдениетінен басталған әңгімеміз біраз тақырыптың басын ашты. Бұл эпизодта Жанель Польшада оқу әрі жұмыс істеу тәжірибесін ашып айтты. Польша мен Кореядағы студенттік өмірді, поляк мен корей, қазақ халықтарын салыстырып, олардың MBTI-лары қандай деген сұраққа жауап іздедік. Еуропа мен Азиядағы Орталық Азиялықтардың репрезентациясы жайлы, құжатсыз миграцияның әсері, Аstana Hub туралы сөз қозғадық. Подкаст сіздерге ұнады деген үміттеміз! Достар, егер сіздерді Еуропадағы өмір қызықтырса, Жанеляның инстаграм парақшасына жазылып кетіңіздер! @heyjanelle

    1 h y 37 min
  2. 26 SEP

    Мирас: көміртек несиелері мен жасанды интеллект, жұмыс/өмір гармониясы

    Сәлем, достар! Қыркүйек айының соңғы аптасында кезекті эпизодымызды қабыл алыңыздар. Бүгін бізде қонаққа Мирас келді. Мирас Sejong University Computer Science & Engineering мамандығында білім алды. Қазіргі таңда ThanksCarbon cтартап компаниясында ML Engineer/Data Scientist боп қызмет істейді. Қонағымыз қызмет ететін компания ESG - Қоршаған орта, әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқару, Sustainable Agriculture - Тұрақты ауыл шаруашылығы, Biodiversity - Биоалуантүрлілік бағыттары бойынша жобалар жасап жатыр. Қонағымыз Мираспен Седжоң университетіндегі бакалавр кезіндегі өмірі, Қазақстанға саяхат, фильмдер, хоббилер, жасанды зиятты экологияны жақсартуда қалай пайдаланып жатқаны, неге ЖИ-ді бақылауда ұстамау керектігі туралы әңгіме қозғадық. Мирасқа қонақ боп келгені үшін алғыс айтамыз! инстаграмы: @mirasagirbay подкастта айтылған фильмдер: "ҚАШ" "Eat drink man woman" "Brokeback Mountain"

    1 h
  3. 12 SEP

    Адэль: NIS түлегі болу, SKY мен Назарбаев университетінде оқу, KIA-дағы мансап

    Хей, достар! Жаңа семестр - жаңа подкаст демекші, кезекті эпизодты қарсы алыңыздар. Шығарылымның қонағы - Адэль Толеубекова. GKS стипендиялық бағдарламасының бакалавр бағытының жеңімпазы. Korea University-де электр инженериясы (Electrical Engineering) мамандығында білім алды. Қазіргі уақытта КIA компаниясында қызмет атқарып жүр. Бұл эпизодта Адель өзінің оқуға түсу тәжірибесі мен Кореяда жұмысқа орналасу процесін айтып берді. Сонымен қатар Қазақстандағы жаңалықтар, жергілікті мемдер, MBTI тестінен бөлек танымал 에겐 테토 테스트 мінез-құлық типін анықтайтын тестілеу түрі жайлы әңгімелестік. Адельге алғыс айта отыра, астыға оның инстаграм парақшасын белгілеп кетеміз. Сұрақтарыңыз болса, оған жазылуға болады және біздің инстаграм парақшамызға қолдау білдіріп кетсеңіздер қуанып қалар едік. көп рақмет!! @aaaddelle @birkesecay @iamtorgyn Мектеп жайлы деректі фильм: https://youtu.be/D7O-DeE56qU?si=B6QAtWtkfM0MhnQS CAPS unlock podcast with Adeeb Khalid: https://podcasts.apple.com/kz/podcast/caps-unlock-podcast/id1781868199

    57 min
  4. 7 AGO

    Торғын: соло-подкаст, жаңа нәрсені бастау қорқынышы, әйел классиктер, бірқалыпты демалыс, лабубу мен tradwives

    Сәлем әлем! Екінші соло подкастты қабыл алыңыздар. Осы шығарылымда екі жарым ай бойы жүргізіп жүрген подкастқа рефлексия жасадым. Бір кесе шайға қатысты хабарландыру бар. Міндетті түрде тыңдап шығыңыздар~ Cосын жазғы каникулды қалай өткізіп жатқанымды айтып, оқып шыққан, оқып жатқан кітаптарға да тоқталдым. Жаңа тіл оқып бастадым, ағайын. Қандай тіл деп ойлайсыздар? подкастты тыңдау арқылы бірнеше hints бар екенін ұғасыздар. Осы шығарылымда тағы бір көтерген тақырып - мәдени антропология. Дәстүрлі әйелдер (tradswives) мен лабубу, дубай шоколады нені білдіреді? Оның мәдени антропологияға қандай қатысы бар? Подкаст барысында айтылған кітаптар: Эмили Бронте - Wuthering heights Симона де Бовуар - Өте оңай өлім/A very easy death, Екінші жыныс/the second sex Ф. Достоевский - Ақ түндер/ Белые ночи Луиза Мей Алкотт - Кішкентай ханымдар/ The little women Джейн Остин - Тәкаппар ғашықтар/Pride and Prejudice Херман Мелвилл - Моби Дик/Moby Dick Бір кесе шай подкасын тыңдағандарыңызға мың алғыс! Подкастты барлық подкаст тыңдау платформаларынан таба аласыздар.

    30 min
  5. Аружан: қазақша ageism, токсик профессорлар, қыздарға қысым, қазақ қоғамындағы асығыстық, хәппи мүшел жас, он жылдан кейінгі біз

    1 AGO

    Аружан: қазақша ageism, токсик профессорлар, қыздарға қысым, қазақ қоғамындағы асығыстық, хәппи мүшел жас, он жылдан кейінгі біз

    Қайырлы таң-қайырлы күн-қайырлы түн достар! бір кесе шай подкасының жаңа эпизодын қарсы алыңыздар. студиямызда қонақта Аружан Серікқан. HANYANG университетінің магистратурасында маркетинг мамандығы бойынша білім алған. Қазір Сеулде аудармашы боп қызмет атқарады. Подкастта Аружанның Қазақстанға сапары мен Сеулдегі магистратурада алған біліміне беретін бағасы, аудармашылық жұмыстағы қазақ тілінің рөлі, қазақ қоғамындағы қыздар көретін қысым, тез-тез мәдениет, мүшел жас туралы сөз қозғадық. Аружан Оңтүстік Кореяда білім алғысы келетін жандарға өз тәжірибесін айтып, кеңестерін берді. Елге барған сапарынан түйген ойлары мен әсерлерін айтып, он жылдан кейінгі өзімізге сәлем жолдадық. https://www.instagram.com/aruzhanly?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=ZDNlZDc0MzIxNw== Достар, Аружанның интстаграм парақшасынан Кореяда білім алу мен саяхат, корейлік әртістерді көруге қатысты қызықты ақпарат табасыздар. Аружанға жазылуды ұмытпаңыздар. Рақмет!

    1 h y 33 min
  6. 18 JUL

    Динара Тілеубек: Иордания екінші үйім, мейірім тізбегі мен мейірім тілі - саяхат философиясы

    алақай, бір кесе шай подкасының кезекті эпизоды желіде! бірінші маусым жетінші эпизодтың қонағы - бір ғана жолдорбамен әлемді шарлайтын жиһанкез Динара Тілеубек. Динара ханым Сеулге саяхаттап келіп, бізбен подкаст жазуға келісімін берді. Бұл оның дебют подкасы десек те болады. Сондықтан сіздерден көп қолдау күтеміз. Подкаст сұхбат есебінде өтті. Шығарылымда қонағымыз неліктен жалғыз бір рюкзакпен саяхаттауды таңдағанын, саяхат оны қалай өзгерткені туралы сөз қозғайды. Сонымен қатар саяхаттау арқылы түйген ойлары мен өз саяхат философиясы жайлы айтып берді. Сіздер мейірім тізбегі мен мейірім тілін білесіздер ме? Саяхаттап барған елдерді тізіп санамайтын, жергілікті адамдармен бірге тұрып, олардың өмір салтын өз көзімен көріп қана қоймай, өзі де бірге сезінетін, танымайтын адамдармен тез тіл табысып, түрлі елден жақын отбасындай араласатын адамдарды кездестіретін, автостоппен жалғыз саяхаттаудан еш қорықпайтын саяхатшының әңгімесін тыңдауға шақырамыз. Динара ханымның инстаграмына жазылуды ұмытпаңыз! @dirosie_ https://www.instagram.com/dirosie_?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=ZDNlZDc0MzIxNw== Подкастты барлық подкаст тыңдау жүйелерінен табасыздар. Біз айтқан BBC түсірген бейне сілтемесі: https://youtu.be/SZ5JjLdzQ1o?si=nkJqIKDSqljOaf03 PBS NOVA арнасының деректі фильмі: https://youtu.be/7PYLVshtJm0?si=q9bHQw1avHlpSTIg Көп-көп рақмет!

    1 h y 3 min
  7. 11 JUL

    Дария: Румыния мен Оңтүстік Корея, қазақ тілі, менталды денсаулықтың маңызы, айдентика, "ақырын жүріп анық басу"

    Подкасымыздың кезекті шығарылымының қонағы - Дария Корё университетінің әлеуметтану мамандығында оқитын бакалавр студенті. GKS атты Оңтүстік Корея мемлекетінің стипендиялық бағдарламасының 2022 жылғы жеңімпазы. Оңтүстік Кореяға келместен бұрын Румыния елінің мемлекеттік бағдарламасы бойынша грант иегері атанды. Клуж-Напока қаласындағы Babeş-Bolyai университетінде әлеуметтану мамандығына оқуға түскен. Қонағымызбен түрлі тақырыпта сөз өрбіттік. Шетелде білім алғысы келетін жастарға ата-ананың қолдауы маңызды екенін айтып, Дария өз процесі туралы баяндап берді. Сонымен қатар төмендегі сұрақтарға подкаст барысында жауап табуға тырыстық: Шетелде жастардың айдентикасы әлсірей ме? Корей дос табуға бола ма? Менталды денсаулықты күтпесек не болады? Стресті қалай жеңеміз? Оқуға тапсырғымыз келсе, ата-анамызды қалай көндіреміз?Шетелде оқыңыз келсе, дайындықты неден бастаймыз? Подкастта айтылған кітаптың аты: Orientalism by Edward Said. Рақмет!

    1 h y 15 min

Acerca de

Сәлем! Бұл - Торғын, “бір кесе шай” подкасының авторымын. Шетелде оқитын қазақтардың әңгімесін тыңдауға шақырамын.