Сәлем-сәлем, достар!
Сіздермен сағынысып қауышқан бір ғанибет екен. Бір кесе шайдың жаңа эпизодын таныстырғымыз келеді.
Студиямыздың қонағы Жанеля Амангельдина. Еуразия Ұлттық университетінде цифрлі медиа мамандығында оқыған. Кейін Варшавада Marketing Management мамандығын тәмамдап, Польшада TransferGo ақша аудару бойынша Орталық Азия және Кавказ аймақтарына жауапты маркетолог маманы болып қызмет істейді. Магистратураға дейін Астана қаласындағы AstanaHub халықаралық стартаптар паркінде СММ/маркетолог боп жұмыс істеген.
Кофе мәдениетінен басталған әңгімеміз біраз тақырыптың басын ашты. Бұл эпизодта Жанель Польшада оқу әрі жұмыс істеу тәжірибесін ашып айтты. Польша мен Кореядағы студенттік өмірді, поляк мен корей, қазақ халықтарын салыстырып, олардың MBTI-лары қандай деген сұраққа жауап іздедік.
Еуропа мен Азиядағы Орталық Азиялықтардың репрезентациясы жайлы, құжатсыз миграцияның әсері, Аstana Hub туралы сөз қозғадық.
Подкаст сіздерге ұнады деген үміттеміз!
Достар, егер сіздерді Еуропадағы өмір қызықтырса, Жанеляның инстаграм парақшасына жазылып кетіңіздер!
@heyjanelle
信息
- 节目
- 频率两周一更
- 发布时间2025年11月1日 UTC 11:10
- 长度1 小时 37 分钟
- 季1
- 单集12
- 分级儿童适宜
