bir kese şay

Мирас: көміртек несиелері мен жасанды интеллект, жұмыс/өмір гармониясы

Сәлем, достар!

Қыркүйек айының соңғы аптасында кезекті эпизодымызды қабыл алыңыздар.

Бүгін бізде қонаққа Мирас келді. Мирас Sejong University Computer Science & Engineering мамандығында білім алды. Қазіргі таңда ThanksCarbon cтартап компаниясында ML Engineer/Data Scientist боп қызмет істейді. Қонағымыз қызмет ететін компания ESG - Қоршаған орта, әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқару, Sustainable Agriculture - Тұрақты ауыл шаруашылығы, Biodiversity - Биоалуантүрлілік бағыттары бойынша жобалар жасап жатыр.

Қонағымыз Мираспен Седжоң университетіндегі бакалавр кезіндегі өмірі, Қазақстанға саяхат, фильмдер, хоббилер, жасанды зиятты экологияны жақсартуда қалай пайдаланып жатқаны, неге ЖИ-ді бақылауда ұстамау керектігі туралы әңгіме қозғадық.

Мирасқа қонақ боп келгені үшін алғыс айтамыз!

инстаграмы: @mirasagirbay

подкастта айтылған фильмдер:

"ҚАШ"

"Eat drink man woman"

"Brokeback Mountain"