
Торғын: соло-подкаст, жаңа нәрсені бастау қорқынышы, әйел классиктер, бірқалыпты демалыс, лабубу мен tradwives
Сәлем әлем!
Екінші соло подкастты қабыл алыңыздар.
Осы шығарылымда екі жарым ай бойы жүргізіп жүрген подкастқа рефлексия жасадым. Бір кесе шайға қатысты хабарландыру бар. Міндетті түрде тыңдап шығыңыздар~
Cосын жазғы каникулды қалай өткізіп жатқанымды айтып, оқып шыққан, оқып жатқан кітаптарға да тоқталдым.
Жаңа тіл оқып бастадым, ағайын. Қандай тіл деп ойлайсыздар? подкастты тыңдау арқылы бірнеше hints бар екенін ұғасыздар.
Осы шығарылымда тағы бір көтерген тақырып - мәдени антропология. Дәстүрлі әйелдер (tradswives) мен лабубу, дубай шоколады нені білдіреді? Оның мәдени антропологияға қандай қатысы бар?
Подкаст барысында айтылған кітаптар:
Эмили Бронте - Wuthering heights
Симона де Бовуар - Өте оңай өлім/A very easy death, Екінші жыныс/the second sex
Ф. Достоевский - Ақ түндер/ Белые ночи
Луиза Мей Алкотт - Кішкентай ханымдар/ The little women
Джейн Остин - Тәкаппар ғашықтар/Pride and Prejudice
Херман Мелвилл - Моби Дик/Moby Dick
Бір кесе шай подкасын тыңдағандарыңызға мың алғыс!
Подкастты барлық подкаст тыңдау платформаларынан таба аласыздар.
المعلومات
- البرنامج
- معدل البثيتم التحديث كل أسبوعين
- تاريخ النشر٧ أغسطس ٢٠٢٥ في ١٢:٤٥ م UTC
- مدة الحلقة٣٠ من الدقائق
- الموسم١
- الحلقة٩
- التقييمملائم