Цукербергтің көршілері

Zuckerberg.korshileri

Кремний алқабы қазақша сөйлейді! Білім, ғылым, технология, бизнес, инновация, кәсіп шыңына ұмтылған қазақ жастары туралы подкаст. Журналист Ақсәуле Әлжан мен ақпараттық технологиялар маманы Арай Сабыржан Кремний алқабында жүрген талантты да талапты адамдармен айына екі рет әңгіме-дүкен қүрады.

  1. Қытайда туып, Швейцарияда оқып, АҚШ-та медициналық жаңалық ашқан қазақ Манат Мәуленбайдың оқиғасы

    OCT 21

    Қытайда туып, Швейцарияда оқып, АҚШ-та медициналық жаңалық ашқан қазақ Манат Мәуленбайдың оқиғасы

    Қытайдың Шыңжаң өлкесінде туып, 25 жасында Қытай ғылым академиясында жұмыс істеген, әлемнің ең мықты ядролық физиктерінің басы қосылған Швейцариядағы ЦЕРН орталығында квант физикасынан PhD қорғаған, содан кейін АҚШ-қа келіп, ғылыми медицина саласында отыз жыл жұмыс істеп, әріптестерімен бірге өкпенің қатерлі ісігін бірнеше миллиметр түйін кезінде көре алатын құрылғы ойлап тапқан қазақты елестете аласыз ба? Ол кісі қай тілде сөйлеуі мүмкін? Сөз саптасы қандай? Мінез-құлқы қандай? Манат Мәуленбай бүкіл өмірі шет елде өтсе де, нағыз қазақылықтың иісін сақтап қалған ерекше азамат, аса білімді ғалым, потенциалы өте жоғары стартап негізін қалаушы. Подкасымыздың бүгінгі шығарылымында ол "қаймағы бұзылмаған қазақтың ортасы - Алтай өлкесінде өткен балалық шағы туралы, Қазақстаннан көшіп кетуге мәжбүр болған нағашы әжесі туралы, Советтік Қазақстан мен XX ғасырдағы Қытай қазақтарының арақатынасы туралы, медицина технологиясы саласындағы стартабы туралы, Қытайдың шағын ұлттарға қатысты саясаты туралы әңгімелеп берді. Аса қызықты, мағлұматы мол, үйренері көп әңгіме болды деп ойлаймыз. Сапалы қазақша контентті қолдап, лайк басып, комментарий жазып, видеомен бөлісулеріңізді сұраймыз. 0:00:00 Тизер0:01:21 "Алтай - қазақтың қаймағы бұзылмаған ең ақырғы жері". Қытайдың қазақтары туралы0:05:17 "Тарыдай шашылған қазақ". Манат ағаның нағашы әжесінің шекара асқан хикаясы0:11:59 Алтайда қазақ мәдениетінің бұзылмай сақталуының себебі неде? 0:14:41 "Қазақстан тәуелсіздік алғанда, жүрегім өрекпіп жетіп келдім, бірақ көңілім суып кетті"0:16:48 Қытай қазақтары қандай әліппені қолданады? 0:18:09 Қытай қазақтары Советтік Қазақстан туралы ақпаратты қайдан алды? 0:23:23 Қазақстанда шетелден келген қандастарға "Оралман" деп қарауының себебі0:27:50 Қытай үкіметінің Қазақстанға деген ниеті қандай? 0:33:12 "Квантум физикасын Швейцариядағы ЦЕРН орталығында зерттедім" 0:37:21 Қазақ ғылымы Қытайдағы, Швейцариядағы, АҚШтағыдай даму үшін не істеу керек? 0:41:54 "Қазақстан экономикасын өз ерекшеліктеріне негіздеп отырып дамыту керек"0:46:00 ЦЕРН-де PhD жасаған соң неге АҚШ-қа көшіп келді? 0:50:55 Квант физикасынан медицина индустриясына қалай келді? 0:53:18 Өкпе ісігін ең бастапқы кезеңінде табуға мүмкіндік беретін стартабы туралы1:15:52 Қытайда "қайта тәрбиелеу лагеріне" тап болған туған ағасы Қанат Ережеп туралы1:21:55 Қытайдың ұлттарға қатысты саясаты өзгергеннен кейін Қытай қазақтарының көңіл-күйі қалай? 1:25:42 Шыңжаң қазақтары қытаймен қыз алысып, қыз берісе ме? 1:28:40 Қазіргі Қазақстан туралы ойы1:32:35 Болашақтың ғылымы - AI негізделген биология туралы

    1h 42m
  2. Индиана университетінің қазақ тілі "апайы": "Америкалықтарға мал-жан қалай деп амандасуды үйреттім"

    OCT 14

    Индиана университетінің қазақ тілі "апайы": "Америкалықтарға мал-жан қалай деп амандасуды үйреттім"

    АҚШ университеттерінде қазақ тілінен сабақ беретін жалғыз оқытушы болған қалай? Атыраудың Қызылқоға ауылында туып-өскен, қазір Лос Анжелестің тұрғыны Фатима Молдашева АҚШ-тағы жиырма жылдық қазақ тілі оқытушысы карьерасы туралы айтып берді. Америкалықтарға қазақ тілі не үшін керек? Қазақстанға қатысты ғылыми тақырыптарды не үшін таңдайды? Көптеген қазақстандықтардың жылдап қазақша үйрене алмауына не себеп? Америкалық отбасыға келін болудың ерекшеліктері қандай? Балалар қазақ тілі мен дәстүрін ұмытпау үшін не істеу керек? Және тағы да көптеген сұрақтарға жауап берді. 0:00:00 Анонс0:01:28 Фатима Молдашева, америкалық университетте қазақ тілінен беретін оқытушы0:04:50 Америкалықтарға қазақ тілін үйрену не үшін қажет? 0:08:41 Қазақстанды зерттейтін шет ел ғалымдарына қандай тақырыптар қызық? 0:14:47 "Америкалықтарға мал-жан қалай деп амандасуды үйреттім"0:18:45 "Қазақстанға барған сайын олар бұзылып келеді"0:19:47 Сонау 2007 ж. Ақтөбеде жүрген Фатима Индианадан қалай бір шықты?0:24:04 "Жұмысқа шақырған америкалық профессорға мен ұша алмаймын, билет алатын ақша жоқ" дедім0:28:16 "Адай мінезімнен студенттерім "зардап шекті""0:30:25 Қазақстанда орыс тілді адамдарға қазақша үйрету неге қиын? 0:37:00 Мультинәсілді некеде балаларды қазақша тәрбиелеу қиынға соқты ма? 0:41:40 "Күйеуге шыққанда іші қазақша жабдықталған үйге келдім"0:44:06 "Балаларым қазақша білгендіктен, ерекше жоғары эмпатияға ие"0:50:03 "Америкалық әжелердің жұмысбасты кестесі"0:56:11 Америкалық әйелдердің отбасыдағы ролі қандай? 0:57:46 Қазақы тәрбие мен америкалық тәрбиенің ұқсамайтын тұстары1:00:40 Фатима Қазақстандағы мектеп оқушыларына қалай көмектесіп жүр? 1:09:01 "Кей қазақ ақын-жазушыларынан неуродивергент қасиет байқаймын"Арнамызға жазылып отыруды ұмытпаңыз. Лайк басып, комментарий қалдырып кетсеңіз, сапалы қазақ тілді контентті қолдауға үлес қосасыз. Фатима Молдашеваның инстаграмы: https://www.instagram.com/qazaqmom/Арай Сабыржанның инстаграмы: https://www.instagram.com/araisabyrzhan/Ақсәуле Әлжанның инстаграмы: https://www.instagram.com/aksaule_alzhan/Подкасымыздың инстаграмдағы аккаунты: https://www.instagram.com/korshiler.podcast/Жазылыңыздар, байланыста болайық.

    1h 17m
  3. From Remote Kazakhstan to Silicon Valley: Galym Imanbayev’s Incredible Journey

    OCT 7

    From Remote Kazakhstan to Silicon Valley: Galym Imanbayev’s Incredible Journey

    Galym Imanbayev grew up traveling with his father to remote villages in Kazakhstan, witnessing hospitals (and entire healthcare system) left abandoned after the collapse of the Soviet Union. At just eight years old, he moved to the United States, later earning dual bachelor’s degrees in Biology and Economics at Stanford, followed by an MD and an MBA at the same university.Since his parents, who came from Kazakhstan carrying only books, could not afford his tuition, he was compelled to seek financial aid from Stanford University. Later, after working and saving money, he enrolled in a dual master’s program. Today, he is a venture capitalist in healthcare — a partner at a leading investment firm. Galym has already deployed over $500 million into startups.Since English is his most comfortable language, our conversation took place in English (with Kazakh subtitles available).In this episode, you’ll hear a story of remarkable perseverance, wisdom beyond his years, deep faith, and a mindset grounded in science. Galym blends the warmth of Kazakh roots with the pragmatism and work ethic of American culture. We believe this inspiring conversation will motivate you as much as it did us.Let’s support quality Kazakh-language content together — hit like, leave a comment, and share this episode with your friends. Our podcast deserves to be seen by more people!Also, if you are new to our channel, we have a playlist of English language episodes, check them out! You will learn more about the wonderful country we proudly call home.

    1h 14m
  4. MAY 8

    Айына $4000 стипендия алу үшін қайда оқу керек? Стэнфорд студентімен экскурсия

    Физика бойынша дүниежүзілік олимпиадалардың жүлдегері, Назарбаев университетінің түлегі, қазір Стэнфорд университетінде "Электротехника" мамандығында докторантурада оқып жатқан Айвар Абрашұлы подкасымыздың бүгінгі қонағы. Әлемдегі топ университетке түсу кішкентайынан арманы болған Айвар осы арманына қалай қол жеткізгенімен бөлісті. Сонымен бірге бізбен бірге кампусты аралап, тұратын, оқитын, спортпен айналысып, тамақ ішетін жерлеріне дейін көрсетіп, экскурсия жасады. Мектепте оқып жүріп, дүниежүзілік олимпиадаларға қай жастан бастап дайындалған дұрыс? Магистратура оқымай-ақ, бірден PhD студент атану үшін не істеу керек? Тараздағы ҚТЛ мектебінде MIT, Стэнфорд секілді ЖОО неге үлкен беделге ие? Айына $4000 стипендия барлық шығынды жабуға жете ме? Стэнфорд асханасында түскі ас ішу қанша тұрады және қандай тамақ ішуге болады?Тараздағы қарапайым отбасыдан шығып, әлемдегі ең үздік оқу орындарының бірінде білім алып жатқан қазақ жігітінің жолы сізді де шабыттандырады деген ойдамыз. Сапалы қазақша контентті қолдау үшін лайк басып, комментарий қалдырып кетсеңіз, алғысымыздың астында қаласыз.

    1h 21m

Ratings & Reviews

5
out of 5
2 Ratings

About

Кремний алқабы қазақша сөйлейді! Білім, ғылым, технология, бизнес, инновация, кәсіп шыңына ұмтылған қазақ жастары туралы подкаст. Журналист Ақсәуле Әлжан мен ақпараттық технологиялар маманы Арай Сабыржан Кремний алқабында жүрген талантты да талапты адамдармен айына екі рет әңгіме-дүкен қүрады.