Tanym Media

Дина Имамбай

Таным Медиа – Дина Имамбайдың ғылыми-танымдық авторлық подкасты. Подкаст ғылымды насихаттауға және танымдық деңгейді көтеруге арналған. Ғылым мен оның маңызы, қазіргі үрдістер жайлы қарапайым тілде түсіндіреді. Әр шығарылымға нақты бір салада ғылыми зерттеулермен айналысып жүрген ғалымдар қатысады. Олар өздерінің ғылымға қалай келгенін, немен айналысып жүргенін, ғылымда болып жатқан жаңалықтар туралы айтады. Подкастың жүргізушісі әрі авторы Дина Имамбай – журналист, ғылымды насихаттаушы.

Episodes

  1. 09/18/2024

    Кибербуллингтің алдын алуға болады

    Подкастымыздың кезекті шығарылымы цифрлы сауаттылық, кибербуллингтің алдын алу тақырыбына арналды. Біздің қонағымыз: Динара Кәдірханқызы – Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, психология бойынша PHD. Бұл шығарылымда: Әлеуметтік желідегі ақпаратты сүзгіден өткізе білу керек; Баланың психологиялық жай-күйі 5-6 жасқа дейін қалыптасады; Бала мен ата-ананың арасында сенім мен мейірім болмаса, ол мұны сырттан іздейді; Кибербуллингтің троллинг, хейтинг, флейминг, секстинг, т.б. түрлері бар; Бала оқшаулана берсе, сабақ үстінде сұрана беретін болса, назар аударыңыз; Кибербуллингке ұшыраған баланы мұғалім де анықтай білуі керек; Сауатты болсақ, өзімізді, жақындарымызды қорғай аламыз. Жүргізуші әрі автор: Дина Имамбай – журналист, ғылымды насихаттаушы – https://facebook.com/dina.imambai Tanym Media телеграм-арнасы: https://t.me/mediatanym Подкастымызды қолдап, пікір жазыңыздар. Әлеуметтік желілерде бөліссеңіздер, нұр үстіне нұр. Tanym Media, аудио (51 Мб).

  2. 08/28/2024

    Микробиомаң жақсы болса, денсаулығың да жақсы

    Подкастымыздың кезекті шығарылымы микробиология және денсаулық жайында. Біздің қонақтарымыз: Фахридин Саржанов – Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина факультетінің оқытушысы, PHD; Балнұр Омарова – қоғамдық денсаулық сақтау бойынша PHD, Ясауи атындағы ХҚТУ Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы. Бұл шығарылымда: Қоғамдық денсаулық сақтау бағыты немен айналысады? Антибиотиктерді қалай пайдаланып жүрміз Түркістан аймағында лейшмания ошақтары бар Микроағзалардың маңызы Сәби және алғашқы бактерия БАД: пайдалы ма, зиян ба? Балаңызға көшеден фаст-фуд алып бересіз бе? Адамдарға, қоршаған ортаға пайдамды тигізгім келеді Ғылымға келуіме мектептегі мұғалімім себепші болды. Подкастымызды қолдап, пікір жазыңыздар. Әлеуметтік желілерде бөліссеңіздер, нұр үстіне нұр. Жүргізуші әрі автор: Дина Имамбай – журналист, ғылымды насихаттаушы – https://facebook.com/dina.imambai Tanym Media телеграм-арнасы: https://t.me/mediatanym Подкастымызға лайк басып, әлеуметтік желілерде бөлісіңіз, пікір жазыңыз. Tanym Media, аудио (67 Мб).

  3. 07/31/2024

    Хақиқат та, дін-дағы тереңінде

    Подкастымыздың кезекті шығарылымы дінтану ғылымы жайында. Біздің қонақтарымыз: Бауыржан Сайфунов – Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті теология факультеті деканының орынбасары, дін ғылымдары бойынша PHD. Мұхит Төлеген – дін психологиясы бойынша PHD. Бұл шығарылымда: Ертегі, өлең-жыр, дастандар сәби көкірегінде ізгілік дәнін егеді; Қазақ топырағына ислам қалай жерсінді; Яссауи баба – адамдық диқаншысы; Имам Ағзам Әбу Ханифадан Имам Матрудиге дейін; «Дінді шаншып қармаққа, әркім бір жем іздеп жүр»; Уызына жарымай өскен баланы шетелге оқуға жіберу қауіпті; Хикметтер ілім-ғылымды насихаттайды; Адамның ең жақсысы басқаларға пайдасын тигізгені; Адамзатты сүю өз бауырыңды сүюден басталады. Подкастымызды қолдап, пікір жазыңыздар. Әлеуметтік желілерде бөліссеңіздер, нұр үстіне нұр. Жүргізуші әрі автор: Дина Имамбай – журналист, ғылымды насихаттаушы – https://facebook.com/dina.imambai Tanym Media телеграм-арнасы: https://t.me/mediatanym Подкастымызға лайк басып, әлеуметтік желілерде бөлісіңіз, пікір жазыңыз. Tanym Media, аудио (101 Мб).

  4. 06/25/2024

    Энергия көзі кімде болса, күш сонда

    Кезекті шығарылым «жасыл энергия» көзі – биогаз жайында. Біздің қонағымыз: Нұрлан Ахметов – PHD, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жаратылыстану факультеті деканының ғылым жөніндегі орынбасары. Гази университетінің түлегі (Түркия). Бұл шығарылымда: Төрт түліктің қиынан электр энергиясын алуға болады; Гази университетінің зертханасында биогаз реакторын жасадым; Биогаз қондырғысы шаруа қожалықтарына өте тиімді; Қоршаған ортаны ластамауға көмектесетін жобаларды қолдау керек; Ғалым жұмысының тұтынушысы – халық; Ертеңгі істі бүгін жаса. Жүргізуші әрі автор: Дина Имамбай – журналист, ғылымды насихаттаушы – https://facebook.com/dina.imambai Tanym Media телеграм-арнасы: https://t.me/mediatanym Подкастымызға лайк басып, әлеуметтік желілерде бөлісіңіз, пікір жазыңыз. Tanym Media, аудио (99 Мб).

About

Таным Медиа – Дина Имамбайдың ғылыми-танымдық авторлық подкасты. Подкаст ғылымды насихаттауға және танымдық деңгейді көтеруге арналған. Ғылым мен оның маңызы, қазіргі үрдістер жайлы қарапайым тілде түсіндіреді. Әр шығарылымға нақты бір салада ғылыми зерттеулермен айналысып жүрген ғалымдар қатысады. Олар өздерінің ғылымға қалай келгенін, немен айналысып жүргенін, ғылымда болып жатқан жаңалықтар туралы айтады. Подкастың жүргізушісі әрі авторы Дина Имамбай – журналист, ғылымды насихаттаушы.