ҒЫЛЫМ 2.0

Sailaukhan Moldir

«Ғылым – 2.0» подкасты қазіргі ғылымның жай-күйі туралы баяндайды. Қазақстанның жетекші ғалымдарының өзекті ойлары мен құнды пікірлері өзара талқылау кезінде пікір алуандығымен айқындалады. Алдыңғы буын мен кейінгі толқын өкілдері гуманитария және жаратылыстану салалары бойынша ой толғайды. Hosted on Acast. See acast.com/privacy for more information.

Episodes

  1. «Ғалымға табандылықтың табандылығы керек»

    06/12/2024

    «Ғалымға табандылықтың табандылығы керек»

    ⚜️ «Ғылым 2.0» подкастының бұл шығарылымында ғалым болмысы, ғалым болу үшін адам бойында болуы тиіс қасиеттер сөз болады.  ⚜️ Ғылым дамуы үшін ғалымға жасалатын жағдай қандай болуы керек, ғылым қай жағдайда алға жылжиды деген сауалдар төңірегінде жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар өкілдері ой бөліседі.  ⚜️ Ғалымдар деңгейін көрсететін әлемдік бағалау жүйелерінің артықшылығы мен кемшіліктері айтылады. ⚜️ Спикерлер: 🔹 Рәтбай Мырзақұлов - PhD, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ЕҰУ жанындағы Халықаралық теориялық физика орталығы кафедрасының меңгерушісі. 🔹 Айдар Балабеков – Назарбаев университетінің оқытушысы, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ докторанты, қазақ тілін үйретуге арналған оқулықтар авторы, қазақ тілінің лексика-грамматикалық минимумының құрастырушысы. Hosted on Acast. See acast.com/privacy for more information.

    1h 21m
  2. «Ғылыми-техникалық бизнес – әлемнің болашағы»

    06/05/2024

    «Ғылыми-техникалық бизнес – әлемнің болашағы»

    «Ғылым – 2.0» подкастының бұл эпизодында Қазақстан мен әлемдегі жаратылыстану ғылымы сөз болды. ⚜️ Сутектік энергетиканың қазіргі маңызы мен бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарының өндірістік нәтижесі айтылды.  ⚜️ Мемлекет тарапынан ғалымдарға қандай жағдай жасалған және қай бағытқа ден қою керек деген мәселе жан-жақты талқыланады.  ⚜️ Спикерлер: 🔹 Қайрат Күтербеков – PhD, Еуразиялық физика-энергетикалық зерттеулер және ғылымды қажет ететін технологиялар институты» ҒЗИ директоры, профессор.  🔹 Еламан Айбұлдинов – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы. 🔹 Подкаст жүргізушісі Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің қауымдастырылған профессоры, кино және медиа саласының зерттеушісі, PhD Молдияр Ергебеков мырза. Hosted on Acast. See acast.com/privacy for more information.

    1h 20m

About

«Ғылым – 2.0» подкасты қазіргі ғылымның жай-күйі туралы баяндайды. Қазақстанның жетекші ғалымдарының өзекті ойлары мен құнды пікірлері өзара талқылау кезінде пікір алуандығымен айқындалады. Алдыңғы буын мен кейінгі толқын өкілдері гуманитария және жаратылыстану салалары бойынша ой толғайды. Hosted on Acast. See acast.com/privacy for more information.