Цукербергтің көршілері

Zuckerberg.korshileri

Кремний алқабы қазақша сөйлейді! Білім, ғылым, технология, бизнес, инновация, кәсіп шыңына ұмтылған қазақ жастары туралы подкаст. Журналист Ақсәуле Әлжан мен ақпараттық технологиялар маманы Арай Сабыржан Кремний алқабында жүрген талантты да талапты адамдармен айына екі рет әңгіме-дүкен қүрады.

  1. Oct 27

    Ахмет Байтұрсынов туралы неге бүкіл әлем білуі керек? Америкалық профессормен сұхбат

    English text is below. Джейк Заулаки - Америкадағы Сан Диего университетінде Орталық Азия әдебиеті пәнінен сабақ беретін профессор. Ол екі жыл бойы Монғолияның Баян Өлгий аймағында, қазақтар арасында тұрған. Кейін Қырғызстанда және Қазақстанда бірер ай тұрып, қазақ тілі мен тарихын оқыған. Луизиана университетінде магистратурада жүрген кезде профессор Заулаки қазақ тілін көптен қолданбағандықтан, тілдік машықтарының көмескілене бастағанын сезеді. Сөйтіп, қазақ әдебиетінің бір шығармасын ағылшын тіліне аударып шықпаққа бел буады. Алаш зиялыларының ішінен өзі қатты сыйлайтын, сүйетін тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлының “Маса” жинағын таңдайды. Америкалық азаматтың өзіне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қазақ қайраткеріне деген сүйіспеншілігі қайдан шыққаны туралы “Цукербергтің көршілерінде” сұхбаттастық. Jake Zawlacki is an English professor at the University of San Diego, where he teaches Central Asian literature. He spent two years living among the Kazakhs of Bayan-Ölgii, Mongolia, and later spent time in Kyrgyzstan and Kazakhstan, deepening his knowledge of the Kazakh language and history.While working on his master's degree in Louisiana, Zawlacki realized his Kazakh was getting rusty from lack of use. To keep it alive, he set himself a challenge: translate a work of Kazakh literature into English. He chose Masa, by Akhmet Baitursynov — the Alash intellectual he admired most.What makes an American fall in love with the work of a Kazakh thinker he shares no blood, no ancestry, and no connection with whatsoever? That's what we asked him on Цукербергтің көршілеріYou can buy "Mosquito" here: https://a.co/d/062wKd0jhttps://www.academicstudiespress.com/9798897831104/Let’s support quality Kazakh-language content together — hit like, leave a comment, and share this episode with your friends. Our podcast deserves to be seen by more people!Also, if you are new to our channel, we have a playlist of English language episodes, check them out! https://youtube.com/playlist?list=PLbmAbEk-U4SEMWWLQ_fGTpZJye1xo8QxY&si=6leDxi497Eknxxnk You will learn more about the wonderful country we proudly call home.

  2. Oct 10

    AI адамзатты жойып жібере ме? Қауіп шын ба, әлде қаңқу ма? Сарапшылармен талқыладық

    Цукербергтің көршілеріСоңғы бір ай бойы бүкіл әлемде, әсіресе АҚШ, оның ішінде Кремний алқабында Жасанды Интеллектінің адамзатқа қауіп әкелуі туралы қызу талқылулар орын алуда. Open AI компаниясының сыналып жатқан AI агенттері [өз бетімен рұқсат етілген жұмысты атқара алатын ЖИ модельдер] берілген тапсырманы орындау үшін компания қызметкерлерінің сызға шеңберінен шығып, өз бетімен әрекет етіп, Hugging Face компаниясының сайтына хакерлік шабуыл жасаған. Ең таң қаларлығы, AI агенттер бір-бірімен әлеуметтік қарым-қатынас орнатып, жетекшілерін таңдап алып, ұйымдасып, саналы түрде қылмысқа баруға шешім қабылдаған. 2026 ж.шілдесінде болған осы оқиға туралы есеп қыркүйек айында жарық көрді. Көп ұзамай Open AI және Anthropic компанияларының бұрынғы қызметкері Джейкоб Коксон “ең ірі AI компаниялардың топ менеджменті алдағы он жылда ЖИ-дің адамзатты қырып тастауға қабілетті болатынына күман келтірмейді” деп жазып, жағдайды одан әрі әшкереледі. Қазақстан AI және цифровизация үрдістерін экономикаға қарқынды енгізе бастаған тұста, біз осы тақырыпты екі сарапшымен талқылауды жөн көрдік. Арман Жармағамбетов - Meta компаниясында AI зерттеуші, PhD, және Тимур Бектұр - IT және AI саласындағы ағартушы, сарапшы, аналитик. Сіз қалай ойлайсыз, ЖИ адамзатты жоятын құрал ма, әлде ұшпаққа шығаратын құрал ма? Пікірлеріңізді төменге жазып, лайк басып, арнаға жазылып, достарыңызбен бөлісіңіздер. Сапалы қазақша контентті бірге қолдайық! Арман Жармағамбетовпен болған эпизод: https://www.youtube.com/watch?v=LbR8mh_RzOo&t=5900s&pp=0gcJCR0AztywvtLAТимур Бектұрдың Youtube каналы: https://www.youtube.com/c/TimurBektur0:00:00 Тизер0:01:06 Кім IT-Асанқайғы, кім Технооптимист?0:08:57 Даудың басы болған Дайрабайдың көп сиыры қайсысы? Hugging Face компаниясына ешкім бұйырмаған шабуыл жасалды0:22:05 “Агрессив модель кез келгеннің қолына түсетін Калашников автоматы секілді емес, мемлекеттердің қолына түсе бермейтін құпия суперқуатты қаруға теңестіруге болады”0:29:13 AI-да автономды шешім қабылдайтын ниет бар ма? Атом қаруымен салыстыратын тұстары0:37:56 “Адамзат дамуының жаңа бір сатысына өтіп жатырмыз”0:45:55 “Әркім өз қолданысына жауапты болуы маңызды. Цифрлы жауапкершілік”0:51:23 “Қазақстанға қауіп AI дамуынан емес, адамдардың салғырттығынан келу мүмкіндігі көбірек”1:07:44 “Біздің жеке ақпараттарымыз мемлекеттік мекемелердегі жеке адамдардың ChatGPT аккаунтынан ғаламторға ағып кетіп жатыр”1:13:26 AI адамзаттың ақылын басып озды ма? Цифрлы заманда балалардың миының дамуы бәсеңдеп келе ме?1:25:38 AI заманында балаларды қандай кәсіпке баулимыз?

    AI адамзатты жойып жібере ме? Қауіп шын ба, әлде қаңқу ма? Сарапшылармен талқыладық
  3. Sep 25

    30 жыл АҚШ-та тұрсам да, қазақ екенімді ұмытқан жоқпын I Сәкен ШерхановI UCLA, CalTech, КТЛ

    Қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық олимпиада жеңімпазы (1996, Украина, биологиядан алтын медаль), Оңтүстік Қазақстандағы КТЛ мектебінің алғашқы түлектерінің бірі, Калифорния Технологиялық Институтының түлегі, биолог ғалым Сәкен Шерханов "Цукербергтің көршілерінде" қонақта.Бүкіл өмірін білім беру мен ғылыми зерттеулерге арнаған ғалым қазір UCLA университетінде өзінің ғылыми зертханасына жетекшілік етеді. Оның зерттеулері болашақта қатерлі ісікті емдеудің жаңа жолдарына әкелуі мүмкін.Отыз жылын шетте өткізсе де, атамекенін ұмытпаған Сәкен қазіргі замандағы ғылыми ізденістер туралы, білім алу мен ғылым қуу жолындағы естеліктерімен бөлісті.Лайк басып, комментарий қалдырып, эпизодпен бөлісулеріңізді сұраймыз. Қазақ тіліндегі сапалы контентті бірге қолдайық!0:00:00 Анонс0:01:08 Сәкен UCLA-да немен айналысады?0:04:23 “Алдағы 10-15 жылда Қытай әлемдегі ең дамыған ғылыми державаға айналады”Қазақстан не істеуі керек?0:09:40 Сонда қытай тілін үйрену керек пе?0:13:18 “Ғылымның дамуы үшін демократияның керегі жоқ”0:22:24 Ковид қайдан шықты?0:24:46 “90-жж. қиыншылықты сезбей, ең бақытты сәттерді бастан кешірдім”. Түркістан өлкесіндегі ауылдан АҚШ-қалай барды?0:33:20 Қазақстаннан шыққан алғаш халықаралық олимпиаданың жеңімпазы0:38:40 “Отыз жылдан астам АҚШ-та тұрсам да, өзімді қазақпын деп сезінемін”0:43:02 Қазақстанның ғылымын дамыту үшін неге көшіп келмейді?0:47:40 “Камала Харристің үйі біздің үйден алыс емес”. Калифорнияда ашқан чартер мектептері жайлы1:03:30 Қазақ менталитеті мен америкалық менталитеттердің қасиеттері туралы1:13:51 “Осы өмірден дүние емес, тек жасаған жақсылықтарыңды алып кетесің”1:22:55 “Қазіргі ғылыми зерттеуім қатерлі ісікті емдеудің жаңа жолдарын табуы мүмкін”

    30 жыл АҚШ-та тұрсам да, қазақ екенімді ұмытқан жоқпын I Сәкен ШерхановI UCLA, CalTech, КТЛ
  4. Sep 10

    Bolsheviks, Imperialism, and the Spread of Soviet Rule in Central Asia — An American Historian

    Daniel Lehmann is a graduate student at the Center for Russian, East European and Eurasian Studies at Stanford. He is researching one of the most complex periods in Kazakhstan's history — the arrival of the Bolsheviks and the establishment of Soviet rule. Why did this American scholar choose a topic that doesn't usually attract much attention in Kazakhstan? What did the Bolsheviks bring to Central Asia? How are recent political events shaping Americans' views on the history of Central Asia? We discussed these questions in this episode.If you have something to say about this historical period, feel free to leave a comment — it helps more people discover the episode. Thank you for liking and commenting! Let's support quality Kazakh-language content together.0:00:00 Teaser0:01:04 Why is Daniel researching Central Asian history? Why is he interested in the period when the Bolsheviks came to the region?0:06:48 Is it difficult to find good archival materials on this historical period?0:08:40 About Daniel's research topic: The relationship between the Bolsheviks and Central Asian communists0:14:15 How did ordinary people receive Soviet power?0:19:18 Were the Bolsheviks imperialists?0:21:54 How much did Soviet identity influence national identity in today's Central Asian countries?0:25:04 What explains the interest of Americans, including Stanford researchers, in Central Asia and Kazakhstan in particular?0:29:00 Was it possible to conduct research in Central Asian and Russian archives?0:31:06 Do Russian and Central Asian historians share the same views on this historical period, or do they differ?0:34:35 The process of shifting from Russian historiography to Central Asian historiography0:37:00 Did the local population support the "Reds" or the "Whites"?0:43:24 Daniel's trip to Kazakhstan coincided with the COVID pandemic0:49:45 About his learning experience at Kazakh National University0:53:27 About his work at the Caspian Policy Center think tank0:55:48 Has the Russia-Ukraine war changed how American analysts view Central Asia?0:57:10 Daniel's questions: Are there common stereotypes about Kazakhstan in Western media?1:00:09 A museum guard who prayed in front of a Lenin statue and drunk alcohol at home1:02:42 Summary of events that took place in Kazakhstan between 1918 and 1924

    Bolsheviks, Imperialism, and the Spread of Soviet Rule in Central Asia — An American Historian
  5. Sep 10

    Paul Sardar Babcock: A Kazakh Child Raised in America

    A Kazakh child raised in an American family, Paul Sardar Babcock is the latest guest on the "Zuckerberg's Neighbors" podcast. In 2000, when Sardar was just one year old, he was adopted by the American Babcock family from the "Umit" orphanage in Taraz. Thus, a Kazakh boy born with the name Sardar Baimakhanov grew up in the state of Utah in the US as Paul Babcock.As he grew older, a desire to discover his origins and find his biological parents awakened, leading him to travel to Kazakhstan twice. In this episode, Sardar shares his journey of searching for his Kazakh identity, his dream of serving as an ambassador to Kazakhstan, the values instilled by his American family, and his efforts to reconnect with his relatives in Kazakhstan.Let's support quality content together — hit like, leave a comment, and share this episode with your friends. Our podcast deserves to be seen by more people!Also, if you are new to our channel, we have a playlist of English language episodes, check them out! You will learn more about the wonderful country we proudly call home.0:00:00 Teaser0:00:46 About Sardar's fiancée and wedding0:04:35 Who is Sardar Babcock?0:08:41 About his American parents and childhood in Utah0:11:35 When and how did his interest in Kazakhstan begin?0:15:42 His first trip to Kazakhstan0:19:25 "I tasted the flavor of my homeland before ever going there"0:24:34 About how his sister Zarina found her biological family0:27:37 How did the community of Americans adopted from Kazakhstan come together?0:33:37 Why did LDS Christians adopt children from Kazakhstan?0:35:58 About the LDS Church0:39:44 What did he do in Korea for two years?0:44:14 "I want to become the U.S. Ambassador to Kazakhstan"0:47:38 "I wrote to Kazakhstan's national football team and said, 'I want to work with you'"0:52:40 "I still haven't been able to find my biological parents"1:10:40 "I want my children to speak Kazakh"1:12:12 What is the biggest difference between Kazakhs and Americans?1:14:14 "Kazakhs walk around with serious faces"

    Paul Sardar Babcock: A Kazakh Child Raised in America
  6. Sep 10

    Жаңаөзеннен шыққан Тесла инвесторы. Бір қазақ баласының АҚШ-тағы өмірлік саяхаты

    Техас тұрғыны, Маңғыстаудың тумасы, Тесла инвесторы және амбассадоры, мұнай-газ саласының маманы және Nayaa.ai стартабының негізін қалаушы Ануарбек Иманбаев "Цукербергтің көршілерінде" қонақта. Тоғыз жасынан бастап АҚШ-та өссе де, ана тілі мен төл мәдениетін сақтап қалған қазақ жігітінің әлемдегі ең ықпалды компаниялардың бірі Тесла компаниясымен тығыз байланысы бізді таң қалдырды әрі тамсандырды. Ануарбектің оқиғасы - мыңдаған шақырым мен ондаған жылдар бойы үзілмеген, таусылмаған отансүйгіштік туралы. Қазақ деген кім? Америкада отыз жыл бойы тұрсаң да қазақылықты қалай сақтап қалға болады? Әлемнің ең беделді бай бизнесмендерінің құрметіне ие болу үшін не істеу керек? Қазақ жастары әлемдік нарықта несімен талантты, несімен бәсекеге қабілетті? Осы және басқа да сұрақтарға жауап іздедік. Комментарийге пікір жазып, лайк басып, осы видеомен бөлісулеріңізді сұраймыз. Сапалы қазақша контентті бірге қолдайық.Ануарбек Иманбаевтың инстаграмы: https://www.instagram.com/anuarbekiman/0:00:00 Тизер 0:01:40 Қонақты таныстыру0:03:50 Америкадағы соншама жылда қазақ тілін қалай сақтап қала алды? 0:08:12 Ануарбектің отбасы АҚШ-қа қалай көшіп келді? 0:20:37 “Университет бітіргесін Қазмұнайгазға келіп, практикадан өттім”0:27:45 АҚШ-тың мұнай-газ саласында 12 жыл жұмыс істедім0:29:23 “Америкалықтарға мақтанышпен айтам “Мен қазақпын” деп”0:35:49 Илон Маск және Тесла басшылығымен достық қалай басталды? 0:49:50 “Тесланың Қазақстанда гига зауыт салуына Қаңтар оқиғасы кедергі болып қалды”0:55:40 “Мен саясатты ұнатпаймын”0:59:15 Қазақстанды одан әрі дамыту үшін бізге не жетіспейді? 1:04:05 Илон Масктың екіұдайлығы туралы 1:08:45 "Space X бұрынғы шеф дизайнерімен бірігіп ЖИ стартап аштық”1:19:19 “Америкалықтарға сіңісем демей, өз төл мәдениетімізді сақтап қалуымыз керек”1:25:40 “Илон Маск па, басқа ма, бәріне бірдей қараймын. Жер бетіндегі сегіз млрд адамның барлығы бірдей”

    Жаңаөзеннен шыққан Тесла инвесторы. Бір қазақ баласының АҚШ-тағы өмірлік саяхаты
  7. Sep 9

    NU-де ашылған ғылыми жаңалық Месси мен Мбаппеге қазақ ұлтарағын кигізуі мүмкін

    Назарбаев университетінде ашылған ғылыми жаңалық Месси мен Мбаппеге Қазақстанда жасалған жоғары технологиялы ұлтарақ кигізуі мүмкін. NU профессоры, PhD, инженер, өнертапқыш, Mirai Tech стартабының негізін қалаушы Гүлнұр Қалимулдина "Цукербергтің көршілерінің" кезекті қонағы. Оның ашқан жаңалығы адамның биомеханикасын контакт арқылы зерттеп, талдап беретін сенсорларға байланысты. Қарауындағы әріптестерімен қосып, еш елде жоқ ерекше технологияны ойлап тапқан ғалым қазір өз стартабын ашқан. Олардың өнімі - жоғары деңгейлі атлеттердің денсаулығын талдайтын ұлтарақ бүкіл әлемдегі спорт бизнесіне өзгеріс алып келуі мүмкін. Зайсаннан шыққан қарапайым қазақ қызының биіктерге талпынған жолы туралы басқалар да білсін, шабыт алсын десеңіз, бізге лайк басып, комментарий жазып, арнамызға жазылып, әлеуметтік желіде бөлісіңіздер. Сапалы қазақ тілді контенттің дамуын бірге қолдайық!Құрметпен, Ақсәуле және Арай0:00:00 Тизер0:00:59 Стэнфордқа жетелеген ұлтарақ0:04:10 Mirai Tech технологиясы спорт клубтарының миллиондаған қаржысын үнемдей алады0:11:00 "Біздің ұлтарақты бір жылдан кейін Месси де киюі мүмкін"0:14:27 Ғылыми жаңалықты бизнес өнімге айналдыру идеясы қалай және қашан туындады? 0:22:30 "Алғашқы пилотты "Астана" футбол клубымен бірге жасадық"0:28:40 "Америкалықтар "Бұл Қазақстаннан қалай шықты" деп таң қалып жатыр"0:31:51 "Дүние жүзіне белгілі тренерлер командамызға қосылып жатыр"0:36:08 Ғалымнан кәсіпкерге айналу трансформациясы туралы0:42:13 Қазақтан шыққан инженер қыздар туралы неге көп ести бермейміз? Зайсан мен Өскемендегі балалық шағы туралы0:46:42 "Жапониядағы бес жылдық докторантураны екі жарым жылда бітіріп шықтым"0:50:29 "Дүние жүзіне әйгілі ғылыми зертханам жабылып қалуы мүмкін, өйткені мемлекет грант бөлуді азайтып жатыр"0:58:30 Ғылымды коммерциализациялау үшін не істеу керек? 1:01:30 Отбасы, бала-шаға мен карьералық амбицияның арасындағы ең қиын таңдау туралы1:08:48 Қиыншылықтың артында тұрған жақсылықты көре алу үшін қандай қасиет керек?

    NU-де ашылған ғылыми жаңалық Месси мен Мбаппеге қазақ ұлтарағын кигізуі мүмкін
  8. Sep 9

    Топ университетке түсетін баланы қалай өсірген жөн? Стэнфордтағы PhD студент Әсел Ибадулладан кеңес

    Стэнфорд университетінде PhD бағдарламасында оқып жатқан Әсел Ибадулла "Kazakh dream" иегері деп айтуға болады. Зауыт жұмысшысы мен мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келген қыз бала білімге деген құштарлығы мен алғырлығының арқасында Стэнфордтағы ең беделді екі бірдей феллоушипті, Knight-Hennesy және RAISE стипендияларын иеленді. Шымкент қаласындағы НИШ мектебін бітіріп, Астанадағы Назарбаев университетінде бакалавриат аяқтаған соң атақты Йель университетінде магистратурада оқиды. Гарвард университетінде жұмыс істеп, өз бизнесін бастайды. Қазірде Стэнфорд университетінде "Health Policy" бағытында PhD бағдарламасында оқып жатыр. Білім арқылы керемет академиялық карьера жасаған Әсел бүгін әлемнің топ университеттеріне түсуге қатысты кеңестерімен бөлісті. Лайк басып, комментарий қалдыруыңызды өтінеміз. Сапалы қазақша контентті бірге қолдайық! 0:00:00 Әсел Ибадулламен әңгімеден не түйдік? 0:02:14 Kazakh dream иесі болу қандай? 0:06:25 Шымкенттің НИШ мектебінен басталған жол Назарбаев университеті арқылы Йель, Гарвард және Стэнфордқа қалай келді? 0:10:28 400 млн теңге тұратын стипендия туралы. Стэнфордтағы ең беделді екі феллоушипті (Knight-Hennesy және RAISE) ұтқан алғашқы қазақ қызы0:18:25 "Стив Джобсты Стэнфорд түлектері алдына сөз сөйлеуге шақырған адаммен күнде түскі ас ішемін"0:22:29 Йель мен Стэнфордқа түсе алатын бала өсіру үшін нақты қандай қадамдар жасау керек?0:25:43 "Оқуға ешқашан кеш емес: Йельде менімен бірге 60 жастағы магистрант оқыды"0:31:05 "Әкем - зауытта крановщик, анам - мұғалім, тапқан таянғандарын біздің білімімізге жұмсады"0:34:05 "Адам әрекет жасамай тұрып, оны миында "допускать" ету керек"0:38:59 "Біреу киген киімді киіп өстім"0:41:00 Стэнфорд PhD студенттері қай жерде оқиды? 0:44:16 10-15 жастағы баласы бар адамдар оларды топ университетке қалай дайындағаны жөн?0:50:43 "Баланы жұрттың баласымен салыстырмау керек. Ата-ананың балаға айтқан сөзі оның бүкіл өміріне бағыт береді"0:56:06 "Кез-келген адамнан сабақ аламын"0:58:50 "Еуропадағы көп университетке барып керегі жоқ. НУ - аса бәсекеге қабілетті ЖОО"1:04:04 "Шет елдік мұғалімдердің "сен шет елдегі балалардан артық болмасаң, кем емессің" деген сөзі қанат бітірді1:09:50 Жол болмаған, қиналған кезде, сыналған кезде не істеді? 1:21:00 Мотивациялық хат жазу құпиялары 1:26:40 "Қазақ әйелдері өздерін бағалауы керек"1:29:18 "Шымкентке барғанда басыма орамал тағып, сәлем саламын"1:35:59 "Жұбайымның отбасына ризамын"1:44:08 "Елімізге қайтып, ел игілігіне жұмыс істейміз"Самал Жүсіпбековамен болған шығарылым: https://www.youtube.com/watch?v=SjW714XJ7ek&t=357s Әселдің инстаграм парақшасы: https://www.instagram.com/asselibadulla/?hl=en

    Топ университетке түсетін баланы қалай өсірген жөн? Стэнфордтағы PhD студент Әсел Ибадулладан кеңес

Ratings & Reviews

5
out of 5
2 Ratings

About

Кремний алқабы қазақша сөйлейді! Білім, ғылым, технология, бизнес, инновация, кәсіп шыңына ұмтылған қазақ жастары туралы подкаст. Журналист Ақсәуле Әлжан мен ақпараттық технологиялар маманы Арай Сабыржан Кремний алқабында жүрген талантты да талапты адамдармен айына екі рет әңгіме-дүкен қүрады.