bir kese şay

TORGYN

Сәлем! Бұл - Торғын, “бір кесе шай” подкасының авторымын. Шетелде оқитын қазақтардың әңгімесін тыңдауға шақырамын.

  1. 4d ago

    Gulya: Италияда білім алу, саяхат және тәтті өмір

    Cәлем, құрметті тыңдарман! Кезекті эпизодымызды қабыл алыңыз~ Бұл жолы қонаққа Италиядағы Sapienza университетінде магистратурада Business Management мамандығы бойынша білім алып жатқан Гульнур Джумагазиева келді! Гулямен түрлі тақырыпты талқылап, ойымызды ортаға салдық. Қонағымыз өзінің Италиядағы қызықтары мен оқу тәжірибесін бөлісті. Достар, міндетті түрде Гуляның инстаграм парақшасына жазыла кетіңіздер! Егер сіз Италияда білім алуға, Еуропада саяхаттауға, салауатты өмір салтын ұстанып белсенді болуға қызықсаңыз, қонағымыздың парақшасы ұнайтыны сөзсіз. Instagram: @whatsheiflmed_ https://www.instagram.com/whatshefilmed_?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=ZDNlZDc0MzIxNw== Tайм код: 00:00:07 - 00:02:10 қонақты таныстыру 00:02:12 - 00:05:25 MBTI сұрасу  00:00:27 - 00:09:41 Sapienza университеті, диссертация бағыты, Қазақстанның креативті индустрия бағытына көшуі 00:09:45 - 00:10:25 Магистратураны Италияда оқу шешімі  00:10:27 -  00:13:59 Оқуға тапсыру барысы қалай болды?  00:14:00 - 00:20:44 Италия мен Оңтүстік Кореяның (GKS) мемлекеттік стипендиялық бағдарламасына құжат жинау процесімен салыстыру 00:20:46 - 00:22:58 Италияға бейімделу жайлы, таңғалдырған дүниелер (cultural shock)  00:23:04 - 00:26:55 KBTU мен Sapienza-ның айырмашылықтары, азиялық студенттер туралы таптаурындар 00:27:09 - 00:33:39 шетелде оқуды романтизациялау; бакалаврды Қазақстанда оқу қажет пе? 00:33:46 - 00:36:51 Гуляның Сантьяго жолындағы шытырман оқиғалары мен одан алған өмір сабақтары жайлы 00:36:52 - 00:40:15 саяхат кезіндегі әсерлер мен сәттерді жазып алу маңызы, “қалыпты” сөзінің мәні 00:40:22 - 00:43:16 Азияда саяхаттау, Буддизм іздері; Оңтүстік Кореядағы саяхат нүктелері  тек Сеул, Пусан, Чеджу ғана емес 00:44:01 - 00:46:24 Корея өнер тарихы сабақтары, Корё студенті бола тұра қалай Йонседен сабақ тыңдап жүрміз 00:46:26 - 00:49:35 неге профессор болғымыз келеді? 00:49:37 - 00:50:53 көп берсең, көп аласың ба? 00:50:54 - 00:52:01 подкасттың жазылу себебі елдегі ageism-нің әсері ме? 00:52:08 - 00:57:23 итальяндық режиссер Федерико Феллинидің “Тәтті өмірі” әлі де өзекті  00:57:27 - 00:58:51 біз неге қоқыс контентті тұтынамыз? 00:58:56 - 01:03:27 Маслоу пирамидасы, парсы мен скандинав елдеріндегі өмір сүру деңгейінің адам құндылықтарына әсері  01:03:31 - 01:10:00 жақында көрген сериалдар: Bad Surgeon: Love under the knife пен The Pitt жайлы 01:10:08 - 01:16:28 киноға қатысты блиц сұрақтар, “сайтан да прада киеді”, “драма” фильмдері  01:16:30 - 01:17:38 Өнерді тудырушысынан бөліп-жарып  қарай аламыз ба? 01:17:39 - 01:19:52 сөз бостандығы өлді ме? кәнсіл мәдениет әлеуметтік жауапкершілікті арттырды ма?  01:19:57 - 01:21:51 соңы

    1h 22m
  2. May 16

    Назерке: Болашақпен Бостонға

    Сәлем, құрметті тыңдарман! Бұл - Торғын. Бүгін бір кесе шай бірге толып жатыр. Бір жыл бойы бізбен бірге болғандарыңызға көп рақмет! Бұл бір жылдық шығарылымды әжем Қалима Мұхамбетқалиқызының рухына арнаймын. Осы эпизодтың қонағы Назерке Ерғалиева АҚШ-тағы, әлемдегі үздік университеттің бірі Бостон университетінде Болашақ бағдарламасымен Global marketing мамандығында оқыды. Назеркемен подкастта АҚШ-та білім алу, Нью Йоркте интерншиптен өтіп, жұмыс мәдениетімен таныс болуы, саяхат, оқу бітірер алды апатия, re cultural shock жайлы әңгімелестік. Қонағымызға сұрақтарыңыз болса, пікірге сұрақтарыңызды жазып кете аласыздар немесе @yergaliyeva.n инстаграм парақшасына жазыңыздар. Тағы бір мәрте Назеркеге рақмет айтқымыз келеді! Шығарылым сіздерге ұнайды деп ойлаймыз. Құрметпен, Торғын p.s. тайм код міндетті түрде болады.

    1h 6m
  3. Mar 29

    Жансая & Торғын: Oскар-2026-ның фильмдері

    2-маусым 2-ші эпизодтың қонағы жас сценарист, режиссер, фотограф Жансая Оспанмен Оскар-2026, фильмдер, кино көру туралы сөйлестік. Жансаяның инстаграм парақшасына жазыла кетіңіздер! @ospan_zh дисклеймер: бұл эпизод видео түрінде шығуы керек болған еді, токиодан жылдам интернеттің арқасында мүмкін болмады. сол себепті видео деген сөздер көп айтылады, бірақ бұл аудио :( Time code: 00:00:46 біз бастаймыз!00:01:28 қонақты таныстыру00:03:00 эпизодта не айтамыз?00:03:21 оскарға ұсынылған фильмдерден біз қайсысын көрдік?00:03:55 биылғы оскарға болжам жасап көрдік00:06:29 биыл шыққан фильмдердің бәрі дерлік орта есептегі фильмдер ме?00:08:04 Торғынға қатты ұнаған фильм00:09:30 бізге қатты ұнаған фильм - Хамнет00:09:58 Хамнет несімен ұнады?00:10:55 фильмді түсіну үшін кітаптың жазылу себебін де білу керек00:11:18 өліммен бетпе-бет келген кітап авторы Мегги О'Фаррел 00:11:59 Хамнеттің өлімі жай статистика ғана ма?00:13:01 Агнес Хәттеуей Энн емес00:14:54 Жансаяның mbti-ы қандай? хитроверт деген кім?00:17:49 құрметті қонақтар, сөздік қорым аз деп қысылмаймыз :)00:21:02 Хамнеттегі ең әсерлі сәт/спойлер!!!әйелдің жанын, ішкі жараларын әйел режиссер ғана жеткізе алады.00:30:19 Хамнетке айтылған сын пікірлер00:33:00 Жансаяның өзінің алғашқы режиссерлік тәжірибесінен бір үзік00:35:18 Түсірілім барысында актерлерді билететін Хлои Жаоның ерекше тәсілі00:36:15 Хамнетті ойнаған кішкентай Джәкоби Жупке де оскар беру керек!00:36:46 Күнәһарлардың он алты жүлдеге өтуі00:37:15 неге Майкл Б Жордон үздік актерді алуы керек?00:37:53 Beautiful boy-дағы Тимоти Шаламе мен Стив Каррелдің ойыны00:39:29 ұмыт қалған Пол Мескаль немесе қалай Жесси Баклидің ойыны басым түсті00:41:11 ағайынды Жуптер туралы00:42:18 Күнәһарлар (Sinners) туралы айттық-ау, әйтеуір00:42:41 Райан Куглердің месседжі00:43:21 Күнәһарлардың ең әсерлі сәті00:44:01 афро-американдардың музыка әлеміне үлесі00:47:53 "блюзді біз өзімізбен бірге әкелдік"00:48:12 Торғынның интерпретациясы00:50:12 Марти Суприм мен Темірлан Шалмағамбетов00:53:43 мақтаған ұл тойда осырады00:54:18 мизогинді пікірлер мен Кайли Дженнерге тағылған айыптар00:56:29 Sentimental value - үздік шетелдік фильм00:57:17 the worst person in the world - әр адам көруі тиіс фильм00:59:30 Йоаким Триер терапиялық фильмдердің көкесі01:01:26 фильмдердің терапиялық аспекті/неге сапалы фильм көруіміз керек?01:03:52 режиссерлердің музалары/Жансаяның музасы кім болмақ?01:04:51 әйел режиссерлердің еңбегі қашан толық бағаланады?01:05:23 Sentimental value/ асылдың көзі01:08:36 Сентиманталды мән кімге көбірек ұнағанын білесіз01:09:44 әке мен қыздарының арасындағы қарым-қатынас01:12:06 фильм киноиндустриядағы тоқырау туралы да айтады01:13:50 неге Қазақстанда тәуелсіз кинотеатрлар жоқ?😭01:14:40 әлі sentimental value жайлы әңгіме айтамын/қазақтар бір шаблонмен өмір сүреді1:15:44 Хамнет пен Sentimental value-дағы параллель/ қазақстандық көрерменге жүректі емдейтін кинолар қажет01:18:16 кино - ол бөлек әлем. кино көрудің ережесі бар01:20:03 біздің елде қазір көркем фильмге сұраныс жоқ па?01:22:30 қазір біз баяу фильм көре алмаймыз01:23:55 Инга Ибсдоттер Лиллеас - тың серпіліс сыйлаған актриса01:25:07 sisterhood ең әдемі қарым-қатынастың бірі01:28:39 Жансая екеуміздің таныстығымыз01:33:16 Жас зумер режиссер/сценарист көретін фильмдерін қайдан іздейді?01:34:09 “кино көру оңаша қалғанда жасайтын сүйікті ісім” 01:35:44 “сенің сүйікті фильмің қандай?” - деген сұрақты кәнсілдеу керек01:36:54 фильм көру арқылы қалай жаңа нейрон байланыстарын жасауға болады?01:38:15 қайталап көре бергеннен фильмнің мәні өзгере ме әлде өзгерген адам ба?01:39:49 зейін бұрынғыдай емес, фокус жоқ.01:40:15 - соңы немесе біздің оскар-2026-ның болжамы (орындалды ма тексеріңіз😂)

    1h 44m
  4. 11/30/2025

    Ой-талқы: қазақша tedtalks

    Сәлем, достар! Бір кесе шайда жаңа бағыт пайда болды. "Ой-талқы" атты біріктірілген подкасымызды (joint podcast) қабыл алыңыздар. Ой-талқыда Дәрия Темірхан, Ержан Бижанов, Торғын Фазылқызы (модератор, жүргізуші) үш түрлі тақырыпта сөз сөйледік. Ержан Бижанов Солтүстік Кореятанушы, СҰУ мен Солтүстік Кореяны зерттеу университеті “Солтүстік Корея азаматтарының көшу-қон процесі: Тікелей және қосалқы елдер арқылы” Торғын Фазылқызы Корё университеті, халықаралық қатынастар және корейтану студенті “Ашаршылық қасіреті” Дәрия Темірхан суретші “Заманауи Қазақстан өнері мен Мысықдария мемдері” Біздің спикерлерімізге жазылуды ұмытпаңыздар! Төменге сілтемелерді жазып кетеміз. қолдауларыңызға көп рақмет! https://www.instagram.com/temirdariya?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=ZDNlZDc0MzIxNw== https://www.instagram.com/mysyqdariya?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=ZDNlZDc0MzIxNw== https://www.instagram.com/yeechankz?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=ZDNlZDc0MzIxNw==

    1h 39m
  5. 11/01/2025

    Жанеля: Польшадағы өмір, құндылықтар сәйкестігі, поляктардың MBTI-ы, құжатсыз миграция

    Сәлем-сәлем, достар! Сіздермен сағынысып қауышқан бір ғанибет екен. Бір кесе шайдың жаңа эпизодын таныстырғымыз келеді. Студиямыздың қонағы Жанеля Амангельдина. Еуразия Ұлттық университетінде цифрлі медиа мамандығында оқыған. Кейін Варшавада Marketing Management мамандығын тәмамдап, Польшада TransferGo ақша аудару бойынша Орталық Азия және Кавказ аймақтарына жауапты маркетолог маманы болып қызмет істейді. Магистратураға дейін Астана қаласындағы AstanaHub халықаралық стартаптар паркінде СММ/маркетолог боп жұмыс істеген. Кофе мәдениетінен басталған әңгімеміз біраз тақырыптың басын ашты. Бұл эпизодта Жанель Польшада оқу әрі жұмыс істеу тәжірибесін ашып айтты. Польша мен Кореядағы студенттік өмірді, поляк мен корей, қазақ халықтарын салыстырып, олардың MBTI-лары қандай деген сұраққа жауап іздедік. Еуропа мен Азиядағы Орталық Азиялықтардың репрезентациясы жайлы, құжатсыз миграцияның әсері, Аstana Hub туралы сөз қозғадық. Подкаст сіздерге ұнады деген үміттеміз! Достар, егер сіздерді Еуропадағы өмір қызықтырса, Жанеляның инстаграм парақшасына жазылып кетіңіздер! @heyjanelle

    1h 37m
  6. 09/26/2025

    Мирас: көміртек несиелері мен жасанды интеллект, жұмыс/өмір гармониясы

    Сәлем, достар! Қыркүйек айының соңғы аптасында кезекті эпизодымызды қабыл алыңыздар. Бүгін бізде қонаққа Мирас келді. Мирас Sejong University Computer Science & Engineering мамандығында білім алды. Қазіргі таңда ThanksCarbon cтартап компаниясында ML Engineer/Data Scientist боп қызмет істейді. Қонағымыз қызмет ететін компания ESG - Қоршаған орта, әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқару, Sustainable Agriculture - Тұрақты ауыл шаруашылығы, Biodiversity - Биоалуантүрлілік бағыттары бойынша жобалар жасап жатыр. Қонағымыз Мираспен Седжоң университетіндегі бакалавр кезіндегі өмірі, Қазақстанға саяхат, фильмдер, хоббилер, жасанды зиятты экологияны жақсартуда қалай пайдаланып жатқаны, неге ЖИ-ді бақылауда ұстамау керектігі туралы әңгіме қозғадық. Мирасқа қонақ боп келгені үшін алғыс айтамыз! инстаграмы: @mirasagirbay подкастта айтылған фильмдер: "ҚАШ" "Eat drink man woman" "Brokeback Mountain"

    1 hr

About

Сәлем! Бұл - Торғын, “бір кесе шай” подкасының авторымын. Шетелде оқитын қазақтардың әңгімесін тыңдауға шақырамын.

You Might Also Like