Әдеп Podcast

Ақсәуле Әлжан, Жолдас Өрісбай

Журналистикадағы этикалық дилеммаларды талқылайтын орын. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбайдың бірлескен жобасы

Episodes

  1. Jun 9

    «ХАБАР» агенттігінің ЖИ эксперименті қандай этикалық мәселелерді бұзды? | Әдеп Podcast

    4 маусым күні «Хабар» телеарнасы әнші Жасұлан Базарбаевтың сөйлеуі кешігіп жатқан қызының дауысын жасанды интеллектінің көмегімен синтездеп, оның еркін сөйлеп тұрған видеосын эфирде тосынсый ретінде көрсетті. Журналистер мұны «қайғыны эксплуатациялау», «келісімсіз кәмелетке толмаған баланың бейнесін қолдану» және «қоғам мүддесін ескермеу» деп сынады. «Хабар» агенттігі әзірге жағдайды түсіндіріп, мәлімдеме жасамады. Журналист Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай және бүгінгі эпизод қонағы журналист Хәлима Тәжіқұл мемлекеттік телеарнаның осы шешімінің астарына үңіліп, этикалық мәселелерді талқылады. Ақсәуленің айтып кеткен тәсілі Spelling to communicate немесе Rapid Prompting Method деп аталады. Ол тәсілдер туралы толығырақ мына деректі фильмде жақсы түсіндірілген: https://www.youtube.com/watch?v=8h1rcLyznK000:00 – Анонс01:15 – «Хабар» агенттігіндегі КешREC бағдарламасындағы ЖИ кейсі02:22 – Сынға ұшыраған видео03:43 – Әқсәуле Әлжанның дисклеймері04:11 – Оқиғаның контексі05:50 – «Жасұлан Базарбаевтың өтінішін «Хабар» «тиімді» пайдаланғысы келген»08:18 – «Ата-анасының келісімі болса да, кейінгі кері салдарының алдын алу маңызды»09:40 – Журналистің «шындықты іздеу» және «зиян келтірмеу» қағидалары бұзылған10:42 – «Журналистің міндетіне біреудің арманын орындау кірмейді»12:17 – Редакция баланың мүддесін қорғады ма?13:20 – Қоғамдық мүдде тұрғысынан «бұл видео ешкімге пайда әкелген жоқ»14:01 – «Бұл – қайғыны пайдаланып, кликбейтке айналдыру»15:38 – Оңтүстік Кореядағы MBC телеарнасындағы этикалық дау туралы17:00 – «Хабар» агенттігі қоғамдық маңызы бар мақсатты көздеді ме?18:40 – Редакцияның жауапкершілігі мен ашықтығы туралы20:00 – КешREC продюсерлері қандай этика принциптерін бұзды?21:27 – «Хабар» агенттігінің позициясы, қайғыны эксплуатациялау әрекеті23:25 – CNN тілшісі Санжай Гуптаның Непалдағы дилеммасы25:50 – Бұл оқиға туралы ақпаратты өзге редакциялар қалай таратты?28:43 – «Ата-ана рұқсаты болса да, оның кері салдарын болжау қиын»31:48 – Аутизм спектріндегі балалардың дамуына үлес қосатын әдіс туралы қосымша мәлімет34:27 – Жасанды интеллектіні науқанға айналдырмау керек26:40 – Конституциялық реформа насихатындағы ЖИ пропагандасы туралы38:00 – АҚШ-тағы өмірден өткен адамдарды жасанды интеллектімен сөйлету кейстері42:08 – «КешREC редакциясы бүгінгі подкаст эпизодын тыңдайды деген үміттеміз»41:42 – Сөз соңы

  2. 12/14/2025

    Шенеунікпен қарым-қатынас, мүдделер қақтығысы, блогер мен журналистің айырмашылығы – Б.Көпбаев кейсі

    11 желтоқсанда Шымкент қаласының әкімі Астанаға келіп, есеп беріп, журналистермен брифингке қатысты. Жиынға қатысқан «журналист» Бақытжан Көпбаев сұрақ жауап кезінде алдымен әкімді мақтап, кейін «cізді бізге әкім қылып сайлаған Аллаға және президентке рақмет» деді. Ал жиыннан кейін әкімге қосымша сұрақ қойғысы келген журналистерге Көпбаев кедергі келтіріп, әкімнің қорғаушысы, «өкілі» секілді сөйлеуге тырысты. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай Әдеп подкастың кезекті санын осыған арнап, Көпбаевтың қай журналистік стандартты бұзғанын талқылады. Одан бөлек, журналист пен блогердің айырмашылығы мен қазақ қоғамындағы мүдделер қайшылығының элементтерін, сонымен бірге дәстүрлі қазақ қоғамындағы қарым-қатынастардың қазақ журналистикасына кері әсерін де талдады.0:00 – Анонс 0:18 – «Журналистің» Шымкент әкіміне комплименті1:41 – «Сізді бізге әкім қылып сайлаған Аллаға және президентке рақмет»3:27 – Бақытжан Көпбаев кім?4:50 – Журналист пен блогер айырмашылығы, шенеунікпен қарым-қатынас, мүдделер қақтығысы, журналистика тілі6:25 – Журналистика мен активизмді ажырата білу маңызы туралы7:18 – Көпбаев журналист пе?8:15 – «Журналистика мен блогерлік арасы жақындап келеді»10:00 – «Журналист хабар таратуға, ал блогер пікір білдіруге бейім»11:02 – Өңірлердегі «жаңа журналистер»11:34 – Қазақстандағы «Баке» феномені12:38 – Мүдделер қақтығысы деген не?14:02 – Неліктен журналистерге шенеуніктермен дос болуға болмайды?15:52 – «Мүдделер қайшылығы туындағанда редакция ашықтық танытуы керек»17:50 – Қазақ қоғамындағы иерархияның журналистикаға әсері туралы24:04 – Кореядағы иерархияның әуе апаттарына әкелуі туралы25:46 – Жасырын мүдде де журналистің беделіне нұқсан келтіреді29:00 – Әкімнің бастығы кім?30:06 – «Карманные журналисты»35:23 – Америкалық NPR редакциясының ашықтық таныту моделі туралы36:37 – Блогерлер бағынатын этика стандарттары жоқ38:12 – «Блогерлер дәстүрлі медиа көрмегенін көтере алады»40:28 – Блогерлер өз жұмысын тексеретін фактчекерлерге жүгінсе абзал еді

  3. 11/23/2025

    Еркін пікір ме, өшпенді риторика ма? Журналист Қанат Тілеухан қай жерде «тоқта» деуі керек еді?

    Журналист Қанат Тілеухан өз Youtube арнасында ақын Бақыт Беделханмен "Қазақ отбасын психологтар құртып жатыр" деген тақырыпта сұхбатын жариялады. Сұхбатта қазақ қоғамындағы «әйелдің орны» талқыланады. Ақын әйелді «шынжырдан босатылған итке» теңеп, дегуманизация, өшпенділік риторикасын арқау етеді. Журналист хейтті тоқтатуға талпынбайды. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай сұхбатты кәсіби журналистік этика тұрғысынан талдап, оның элементтері қай жерде бұзылғанын анықтауға тырысты.Әдеп подкаст - қазақ журналистикасындағы этикалық дилеммалар талқыланатын алаң. Жазылып, комментарий қалдырып, осы видеоны әлеуметтік желілерде таратуға көмектессеңіздер, Қазақстанда жоғарғы стандарттағы журналистиканың өркендеуіне үлес қосасыздар.0:00 – Анонс0:40 – Не болды?1:37 – Журналист Қанат Тілеуханның сұрағы2:46 – Қоғамда әйелдерге қарсы өшпенділік риторикасын нормализациялау4:14 – Журналист «шындықты іздеу», «зиян келтірмеу» және «бейтарап болу» принциптерін бұзды5:40 – Қара PR ма?7:34 – «Қазақстан конституциясында ер адамдарға артық құқық берілмеген»8:21 – «Шынжырдан босатылған ит» метафорасы туралы12:10 – «Ақын әйелдерді дегуманизациялауға тырысты»14:14 – Виктимблейминг элементтері, «Салтанат» заңы туралы16:45 – «Бесінші колонна» теориясы туралы19:30 – Қанат Тілеухан нені дұрыс істеді?21:00 – Журналистің сұхбат жүргізу стандарты қандай болуы керек?22:10 – Пара беруді нормализациялау әрекеті туралы23:17 – Сұхбатты тарату жоспары кликбейтке негізделген24:12 – «Әйел қауымынан қорқып отырмыз :)»25:00 – Whataboutism манипуляция элементі28:08 – Қанат Тілеухан келтірген ең басты зиян30:34 – Руандадағы «геноцид радиосы»32:01 – Opinion Laundering (сөз бостанлығын қалқан етіп, хейт риториканы жеке пікір ретінде тарата беру) теориясы33:40 – «Құтырған әйел» тақырыбы қайдан шықты?!35:30 – «Журналистика студенттері үнемі талқылайтын кейске айналады»38:00 – Сөз соңы

  4. 08/03/2025

    Редакция саясатын тәуелсіз жүргізу үшін қазақ журналистикасы қайтпек керек?

    Қоғамға қызмет ететін журналистиканың басты шарты – редакциялық тәуелсіздік. Бүгінде оған саяси кедергілер де, қаржыландыру мәселелері де қиындық тудырып отыр. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай журналистиканы қаржыландырудың балама тәсілдерін, редакция тәуелсіздігін сақтаудың тетіктерін және кәсіби принциптерден айнымай жұмыс істеудің маңызын талқылады.Қазақ медиасын кім қаржыландыруы керек? Тәуелсіз журналистика үшін қазақ азаматы қалтасынан тиын шығаруға дайын ба? АҚШтағы мейнстрим медиада шын мәнінде де "солшыл bias, яғни біржақтылық" бар ма? ЛГБТ пропагандасы мен ЛГБТ құқығын сақтаудың аражігін қалай ажыратқан дұрыс? Подкасқа жаңа атау ұсынған тыңдарманымызға "Журналистика элементтері" кітабы (The Elements of Journalism by Bill Kovach and Tom Rosenstiel) сыйлыққа беріледі. Ұсыныстарыңызда кез келген платформаның пікір бағанына қалдырсаңыз болады.

    Редакция саясатын тәуелсіз жүргізу үшін қазақ журналистикасы қайтпек керек?

About

Журналистикадағы этикалық дилеммаларды талқылайтын орын. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбайдың бірлескен жобасы