Narikbi LIVE

Narikbi Maksut

Қазақстан жастарының рухани, интеллектуалды дамуына үлес қосып, өмірдің құндылықтарын айқындауға көмектесетін подкаст. Жетістікке жеткен адамдардың лайфхактарын тыңдап, бірге өс! ”Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен қайратың екі жақтап”!

  1. 4D AGO

    Данияр Аренов: ерке емес, еркін бала тәрбиелеу / Narikbi LIVE #133

    Бұл подкасттың қонағы — белгілі балалар психологы Данияр Аренов. Біз ата-аналар мен балалар арасындағы ең өзекті әрі күрделі тақырыптарды талқыладық. Сұхбат барысында біз мына мәселелерді қозғадық: • Бала — сіздің «жобаңыз» емес: Неге ата-ана баланың болашағы мен тұлға болып қалыптасуына 100% жауапты бола алмайды және неге бұл жүкті иықтан түсіру керек?. • «Піл» ме, әлде «Бөкен» бе? Балаңыздың жүйке жүйесінің түрін қалай анықтауға болады? Төзімді «піл» балалар мен сезімтал «бөкен» балалардың тәрбиесіндегі айырмашылықтар қандай? • Шаршаған ата-ана феномені: Өзіңізді «жаман ата-анамын» деп кінәлауды қалай тоқтатуға болады? Гаджеттер неге кейде ата-ананың амалсыз көмекшісіне айналады және «арзан дофаминнің» қаупі қандай? • «Шексіз респаун» философиясы: Баланы қателік жасаудан қорықпауға қалай үйретеміз? Неге нәтиже емес, өмір сүру процесі маңызды?. • Ажырасу және бала психологиясы: Бұл жаңалықты балаға қалай дұрыс жеткізу керек? «Маңызды ересектердің» бала өміріндегі рөлі қандай? • Ер балалар тәрбиесі: «Еркектер жыламайды» деген стереотиптің зияны және ұл баланың бойындағы сау агрессия мен батылдықты қалай қалыптастырамыз?   Бұл сұхбат — өз баласын жақсырақ түсінгісі келетін және тәрбиедегі кінә сезімінен арылғысы келетін әрбір ата-анаға арналған терең әрі шынайы әңгіме.   Daniyar: https://www.instagram.com/arenov_daniyar Narikbi: https://instagram.com/narikbi   Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live   00:00 – Тизер 00:33 – Қонақта — бала психологы Данияр Аренов 08:00 – Гаджеттер мен "арзан дофамин": Телефон беру — ата-ананың өзін-өзі сақтау амалы ретінде 13:20 – "Қант пен Алма" метафорасы: Виртуалды әлемдегі әлеуметтік аштықтың зияны. 18:50 – Бала – ата-ананың "жобасы" емес: Неге біз бала болашағы үшін 100% жауапты емеспіз?. 24:30 – "Піл" және "Бөкен" темпераменті: Баланың жүйке жүйесінің ерекшелігін анықтау. 30:15 – Ата-ана рөлінің өзгеруі: Үш жастағы "диктатордан" жасөспірім шақтағы "досқа" дейін. 38:40 – Тәрбиедегі тыйымдар: Физикалық және моральдық қысымның (игнор, манипуляция) зияны. 45:10 – Сапалы уақыт тапшылығы: 18 жылдың ішінде баламен бірге болатын нақты 5-6 ай. 52:00 – "Респаун" (Қайта тірілу) философиясы: Баланы қателік жасаудан қорықпауға және резилиенске үйрету. 58:30 – Ажырасу және бала: Жалғызбасты ата-аналарға қолдау және "маңызды ересектер" рөлі. 1:06:15 – Ажырасу туралы балаға қалай айту керек?: Сказкотерапия және жасөспірімдермен шынайы сөйлесу. 1:13:40 – Эмоционалды интеллект: 120 түрлі сезімді атау және оларды реттей алудың маңызы. 1:19:50 – Мама — "найзағай қайтарғыш": Бала неге тек анасына сезімін жарып, "жарылады"?. 1:25:20 – "Еркектер жыламайды" стереотипі: Көз жасы мен батылдықтың арасындағы байланыс. 1:31:00 – Пілдер мен Бөкендер ғасыры: Қазіргі замандағы эмоционалды тұрақтылық пен күш теңгерімі 1:50:23 Шабыт беретін кинолар 1:52:31 Данияр Аренов неден қорқады?

    1h 58m
  2. 4D AGO

    2026 бизнесті сақтап қалу формуласы / Мират Ахметсадық / Narikbi LIVE #132

    2026 жыл енді басталса да, кәсіпкерлер үшін оңай соқпайтыны қазірден белгілі. Жаңа Салық кодексі, инфляция, жасанды интеллектінің қарқыны — осының бәрі бизнеске тікелей әсер етіп жатыр. Дәл осы сұрақтарға жауап іздеу үшін бүгін біз студияға белгілі кәсіпкер әрі инвестор — Мират Ахметсадық мырзаны шақырдық. Мират мырза — Өскеменнің қарапайым жігітінен еліміздегі венчурлық нарықтың көшбасшысына айналған, MOST Ventures компаниясының негізін қалаушы тұлға. Бүгінгі шығарылымда біз экономикадағы өзгерістерді талдап, алдағы жылдары кәсіпкерлер не нәрсеге дайын болуы керектігін бүге-шігесіне дейін талқыладық. Mirat: https://www.instagram.com/mirat.akhmetsadyk Narikbi: https://instagram.com/narikbi   Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live   00:00 🎬 Тизер 01:40 🎙️ Қонақта — Мират Ахметсадық 04:31 📊 2025 жылдың қорытындысы 15:00 📉 Кәсіпкердің инфляцияға қатысты жанайқайы 17:00 💳 Кредиттердің пайыздық мөлшерлемесі 23:00 💰 Кәсіпкерлердің ең басты мәселесі — қаржы 26:30 🚗 Шетелде көлік алу неге қиын? 31:00 🗓️ 2026 жылға қандай жоспармен кіру керек? 42:33 💱 Валютадан пайданы қалай көруге болады? 48:00 📄 Облигация не үшін шығарылады? 54:10 🥊 Кәсіпкерлік бәсекелестік 58:40 ⚠️ Инфобизнестің кемшіліктері 1:01:25 🏗️ Жүйелі бизнес жасау неге маңызды? 1:09:50 💡 Идеяны қалай жүзеге асыруға болады? 1:20:00 💻 IT саласының дәуірі 1:25:11 🧠 Кәсіпкерлерге арналған лайфхактар 1:29:22 ⚡ Блиц-сұрақтар!

    1h 35m
  3. 4D AGO

    Ануар аға: қажылықтың шын мағынасы / Narikbi LIVE #131

    Қажылық — мұсылман үшін парыз етілген ұлы сапар, жүректі жаңартатын үлкен мектеп. Бірақ бүгінде біз кейде оның сыртқы көрінісіне ғана мән беріп, шын әрі терең мағынасына үңіле бермейміз. Шынымды айтсам, бұл жағдай менің де басымнан өткен. Осы шығарылымда біз қонағымыз — тәжірибелі қажы-гид Ануар ағамен бірге қажылықтың жолын толық талқылаймыз: ниеттен бастап, ихрам, тауаф, сағи, Арафат, Муздалифа, Мина секілді кезеңдердің әрқайсысы нені білдіреді? Қажылық адамның ішкі дүниесіне қалай әсер етеді? Бұл сапардан “қажы” атағымен емес, қандай жүрекпен оралу керек? Егер сіз қажылыққа баруды жоспарлап жүрсеңіз немесе “қажылықтың шынайы мәні қандай?” деген сұрақ көкейіңізде болса — бұл подкаст сіз үшін. Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live   00:00 🎬 Тизер 02:00 🎙️ Қонақта — Ануар ұстаз 04:10 🕋 Қажылық неге маңызды? 18:00 🤔 Неге қазақтар қажылыққа барғаннан кейін ғана намазға бет бұрады? 21:00 🧳 Қажылыққа ешкім толық дайын болып бармайды 27:00 🛤️ Қажылыққа апарар жол неге ауыр? 31:00 ⚖️ Күнә мен сауаптың жасалу жолдары 44:40 🧘‍♂️ Рухани тепе-теңдікті қалай ұстауға болады? 50:10 💧 Зәм-зәм суының шығу тарихы 1:00:10 ❤️‍🔥 Үлкен қажылықтағы ішкі сезімдер мен рухани өзгерістер 1:15:00 🕌 Жұма күнгі құлшылық неге ерекше маңызды? 1:18:00 🌙 Ораза қашан қабыл болады? 1:26:10 📿 Қажылыққа баратын жандарға пайдалы кеңестер 1:36:20 🔄 Қажылықта сезілетін рухани энергия 1:48:00 ⚡ Блиц-сұрақтар

    1h 58m
  4. 4D AGO

    Мыңжылқы Бердіқожаев: мединица неге қолжетімсіз? / Narikbi LIVE #130

    🎙️ Бүгінгі подкасттың қонағы — елімізге белгілі нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев. Ол — Астанадағы Президент ауруханасында директордың орынбасары болып қызмет атқарған, Орта Азияда миға ең көп (7500-ден астам) ота жасаған сирек мамандардың бірі. 🧠 Бұл сұхбатта біз ми, медицина және өмірдің мәні туралы терең әңгімелестік: • Қазақстанда сапалы ота алу қаншалықты қолжетімді? • Жаңа технологиялар дәрігерді толық алмастыра ала ма? • Неліктен қытай халқы ұзақ өмір сүреді? • және де адам денсаулығы мен саналы өмірге қатысты басқа да өзекті тақырыптар қозғалды.   Mynzhylky: https://www.instagram.com/mynzhyl Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi   Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live   ⏰ 00:00 – 🎬 Тизер 👨‍⚕️ 01:15 – 💬 Қонақта Мыңжылқы Бердіқожаев 💻 02:10 – 🏥 Онлайн трансляциядағы операция қалай өтеді? ⚠️ 06:40 – 💸 Стенозға айыппұл неге салынады? 🧠 14:20 – 🩺 Аневризма мен стеноз — сирек кездесетін аурулар ❤️ 16:20 – 🔍 Стеноздың себептері 💉 23:33 – ❤️‍🩹 Жүрекке стенд қалай қойылады? 🌍 28:40 – 🏦 Басқа елдердегі сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді? 🩻 31:50 – 💉 Тромбоэктомия әдісі ⚡ 41:40 – 🧲 Транскраниалды магниттік стимуляция 🚬 48:05 – 😷 Темекінің әсері 🥢 54:20 – 🧘‍♂️ Қытай халқы неге ұзақ өмір сүреді? 💨 59:09 – 🚭 Кальянның зияны қандай? 📊 1:00:40 – 👩‍⚕️ Әйел мен ер адамның онкологиялық статистикасы 🏥 1:06:00 – 👨‍🔬 Дәрігерлердің ортасы қандай? 🤔 1:09:00 – 💭 Мыңжылқы Бердіқожаев неден қорқады?

    1h 13m
  5. 10/10/2025

    Қайрат Құрманбаев: Палестина, Құддыс және билік / Narikbi LIVE #129

    Бүгінгі қонағымыз – белгілі исламтанушы, PhD докторы, доцент, дінтанушы Қайрат Құрманбаев. Бұл шығарылымда біз бүкіл әлемді алаңдатқан Палестина мәселесінің тарихи тереңіне үңілдік:  • Құддыс жерінің қасиеті неде?  • Неге ғасырлар бойы бұл мекен үшін соғыстар тоқтамады?  • Палестина біз үшін неге маңызды?   Kairat: https://instagram.com/kairat_kurmanbayev https://instagram.com/qairat_ustaz Narikbi: https://instagram.com/narikbi   Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live   00:00 🎬 Тизер 01:30 🎙️ Қонақта Қайрат Құрманбаев 03:50 🌍 Палестина қалай адамзатқа маңызды болып кетті? 11:50 📜 Палестинаның құрылған тарихы 21:40 🕌 Юша пайғамбарымыздың Палестинаға сәжде жасап кіруі 29:40 📖 Библия қалай жазылған? 33:32 ✡️ Қудалауға ұшыраған еврейлер 44:30 👑 19 пайғамбардың өмірі 56:20 🙏 Аллаға қайту дегеннің мағынасын қалай түсінеміз? 1:00:00 ⚖️ Жер бетіндегі баланс 1:08:20 🤲 Палестинаның бізге не қатысы бар? 1:15:10 📚 Құран неліктен аударылмайды? 1:18:20 💭 Қайрат Құрманбаевты не толғандырады?

    1h 25m
  6. 09/30/2025

    Арын Құнанбайұлы: сөз мәдениеті, Абай vs. әл-Ғазали және ән талдау / Narikbi LIVE #128

    Бүгінгі қонағымыз – белгілі филолог, KBTU және ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Арын Құнанбайұлы. Бұл шығарылымда біз маңызды тақырыптарды талқыладық: • Оқу және жазу мәдениеті; • Абай мен әл-Ғазали шығармашылығының үндестігі; • Қазақ тілінде терең ойлану мәдениетінің әлсіздігі мен себептері; • Танымал әндердің мәтіндері мен олардың шынайы мағынасы. Терең ой, әдеби талдау мен жаңа көзқарастарды бірге іздедік.   Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi   Aryn: https://instagram.com/aryn.qunanbai Narikbi: https://instagram.com/narikbi   Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live   00:00 🎬 Тизер 02:00 🎙️ Қонақта Арын Құнанбай 05:30 📖 Оқуға деген махаббат қайдан пайда болды? 12:00 👶 Қазақ әдебиетін бала қанша жастан оқу керек? 15:00 🤔 “Оқу” деп нені түсінеміз? 21:00 🧪 Дофамин гормоны неге жауап береді? 23:50 🙏 Нығметті сезіну үшін, одан бастарту керек 31:00 🪄 «Хәрри Поттерді» оқыған адамның ойлау қабілеті 38:00 🔍 Мәтіннің мәнін қалай түсінеміз? 49:00 🧠 Абайдың идеясы 55:00 🐢 Баяу оқу концепциясы 1:00:00 🗣️ Сөйлеу мәдениетін қалай қалыптастыруға болады? 1:07:00 ⏳ Ойлаудан қашан қаламыз? 1:17:00 💎 Қазақ тіліндегі сөздердің потенциалы 1:45:00 🛠️ Сөздерді зерттеуге болатын құралдар 1:50:00 📜 Дәстүрлі сөз саптаулар 1:57:00 🎶 Әншілердің қазақша жазған тексттерін талдау және бағалау 1:58:20 🎵 De Lacure – Dal Solay 2:01:00 🎵 Alem – Kuim 2:10:00 🎵 Sadraddin – Ana 2:15:00 🎵 Bayansulu – Umytsam da 2:21:00 🎵 Мирас Жүгінісов – Әндетемін 2:31:00 🎵 Ilhan – Bir Ayda 2:34:00 🎵 Kalifarniya & Мирас Жугунусов - Qymbattym 2:38:00 🎵 Belucci – Köbelek 2:41:20 🎵 Turar – Иіс 2:43:00 🎵 DudeOnTheGuitar 2:46:30 🎵 Yenlik 2:50:10 🌟 Табысты адам деген кім?

    2h 54m
  7. 08/29/2025

    Ғани Төлепбергенов: энергетик, аритмия, стресс және жүрек / Narikbi LIVE #127

    Бүгінгі қонағымыз – белгілі кардиолог-аритмолог, Алматы кардиология орталығының жетекші маманы, «Bolashaq» бағдарламасының (Литва) түлегі, PhD Ғани Төлепбергенов. Бұл эпизодта біз жүрек денсаулығына қатысты маңызды сұрақтарға жауап іздедік: - Энергетиктердің жүрекке шынайы әсері қандай? - Стресс жүрек ауруларына қалай әкеледі? - Жүрекке не үшін сым (кардиостимулятор) жалғанады? - Жүрек қағысын бақылау неге маңызды? Сонымен қатар, жүрекке қатысты тағы да көптеген қызықты тақырыптар қозғалды.   Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Gani: https://instagram.com/gani_kz_ Narikbi: https://instagram.com/narikbi   Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live   00:00 🎬 Тизер 02:20 🫀 Жүрек маманы Ғани Құнанбайұлы 05:00 🔌 Жүрекке неге сым жалғанады? 11:00 ⚠️ Жүрек тоқтап қалудың салдары 20:00 🤔 Неге аритмия саласын таңдады? 26:00 🎓 «Болашақ» бағдарламасымен барған пайдасы 29:40 🤝 Науқастармен қалай қарым-қатынас жасауға болады? 37:00 🔍 Аритмияны қалай анықтаймыз? 44:00 🛠️ Жүректегі ота қалай жасалынады? 49:00 🩺 Дәрігердің бір күні қалай өтеді? 1:03:00 😣 Инфаркт кезінде адам не сезінеді? 1:11:10 💊 Жүрекке пайдалы дәрілер 1:16:00 📖 Науқаспен болған оқиға 1:26:00 🍽️ Тамақ жүрекке қалай әсер етеді? 1:34:00 🖥️ Медициналық технология қалай дамып жатыр? 1:39:00 🇰🇿 Қазақстанда ота жасау деңгейі 1:46:00 🙂 Науқастың көңіл күйі дәрігерге байланысты 1:53:00 ⚡ БЛИЦ!

    2h 5m
  8. 08/19/2025

    Данияр Жігітбек: нені құрбан ете аласың? / Narikbi LIVE #126

    Біздің дәстүрлі Данияр Жігітбекпен жартыжылдық подкастымызды қабыл алыңыз. Біз джиу-джитсу, 12 апталық жылдың қорытындысы, бала әкеден қалай үлгі алатыны және т.б. тақырыптарды талқыға салдық.  Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi   Daniyar: https://www.instagram.com/dzhigitbek Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi   Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live   00:00 🎬 Тизер 02:10 🎙️ Қонақта Данияр Жігітпек 03:50 📊 12 апталық жылтың қорытындысы 12:00 🎯 Мақсатқа қалай фокус қоямыз? 16:20 ⚖️ Мақсаттарымызға қалай құрбан етеміз? 22:00 🕌 Өмір мен ақыреттің балансы 34:30 🧘‍♂️ Нәпсімен келісу және оны басқару 39:50 👶 Балаларына есім қойған туралы 44:00 ⏳ Бұл подкаст не үшін ұзақ болу керек? 55:40 👨‍👦 Бала әкеден үлгі алу керек пе? 58:30 🤔 Адам неге біреудің көргенін істейді? 1:06:20 🏛️ Балаларыма бұл өмірде не қалдырамын? 1:17:00 🌊 Орта кризисте не істеуге болады? 1:24:00 💡 Подкаст адамдарға қалай әсер етеді? 1:26:00 🔄 Жарты жылдағы трансформация неге үйретті? 1:41:00 😨 Данияр Жігітпектің қорқынышы

    1h 45m
4.9
out of 5
15 Ratings

About

Қазақстан жастарының рухани, интеллектуалды дамуына үлес қосып, өмірдің құндылықтарын айқындауға көмектесетін подкаст. Жетістікке жеткен адамдардың лайфхактарын тыңдап, бірге өс! ”Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен қайратың екі жақтап”!

You Might Also Like