CoolTóbe podcast

  1. 07/24/2023

    XX ғасырдың тарихы 1991 жылдан бастап саяси жадта қалай еске сақталды?

    Назарларыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған кезекті эпизодын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонағы- зерттеуші, Берікбол Дукеев.   Бұл эпизодта біз қонағымызбен жады саясаты және оның тарих оқулықтарымен қиылысы мәселелерін, жаһанданудың қарқынды жүруіне қарамастан адамның өз шығу тарихына деген қызығушылығы артуын, сондай-ақ қазақтан басқа этникалық топтардың тарихы, қандастардың тарихқа қосқан үлесі мен күнделік жазу әдеті жайында жан-жақты талқыладық.   Terek Story – Aul.Inspired және Саяси шешімдер орталығының біріккен бірегей бастамасы. Бұл жоба отбасылық әңгімелерді жазу мен жинақтауға, оларды жас ұрпаққа жеткізуге, буындар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға және құнды оқиғалармен бөлісу алаңын құруға бағытталған. Қазіргі таңда еліміздің сан қиырындағы әртүрлі әулет тарихынан сыр шертетін әсерлі әңгімелер мен ерек естеліктер біздің инстаграм және фейсбук парақшамызда @terekstory, сондай-ақ Саяси шешімдер орталығының сайтында (https://policysolutions.kz/) жарияланған.   CoolTobe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар желісі Америка Құрама Штаттарының Дипломатиялық миссиясының Түлектер гранты бағдарламасы және National Alumni Network-тың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды. Подкаст барысында айтылған спикерлер пікірі жоба ұйымдастырушылары мен серіктестерінің: Америка Құрама Штаттары елшілігінің және National Alumni Network-тың ұстанымын білдірмейді.

  2. 07/18/2023

    Әлеуметтік жады. Әулет тарихын зерттейтін әдістемелер. Қазақстан және шетелдік тәжірибиелер.

    Назарларыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған кезекті эпизодын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонағы – әлеуметтану ғылымының докторанты Алмаш Айқынбайқызы. Бұл эпизодта біз қонағымызбен «әлеуметтік жады» ұғымы, отбасы тарихының ғылымда зерттелуі мен фамилистика, қоғамдағы трансформациялардың отбасы тарихында көрініс табуы және oral history-дің мәні, сондай-ақ шежіренің бүгінгі таңда функциясының өзгеруі һәм қазақ қоғамында әулетке қатысты әлі де зерттелмеген жайттардың бар екендігі, травмалық тарихи оқиғалар мен билік тарапынан тыйым салынған табу тақырыптарға қайта оралу, тарихи оқиғаны зерттеуде объективті және субъективті көзқарастардың болуы, ұрпақтар арасындағы шиеленіс, әулет тарихын зерттеудің жолдары мен отбасылық альбомдардың маңызы секілді тақырыптарда ой бөлісіп, пікір алмастық. Сонымен қатар әулет тарихын зерттеу мемлекет үшін неге басты саяси бағдарлардың бірі болуы қажет екеніне де тоқталып, түйінді мәселелердің күрмеуін шешуге талпындық. Terek Story – Aul.Inspired және Саяси шешімдер орталығының біріккен бірегей бастамасы. Бұл жоба отбасылық әңгімелерді жазу мен жинақтауға, оларды жас ұрпаққа жеткізуге, буындар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға және құнды оқиғалармен бөлісу алаңын құруға бағытталған. Қазіргі таңда еліміздің сан қиырындағы әртүрлі әулет тарихынан сыр шертетін әсерлі әңгімелер мен ерек естеліктер біздің инстаграм және фейсбук парақшамызда @terekstory, сондай-ақ Саяси шешімдер орталығының сайтында (https://policysolutions.kz/) жарияланған. CoolTobe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар желісі Америка Құрама Штаттарының Дипломатиялық миссиясының Түлектер гранты бағдарламасы және National Alumni Network-тың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды. Подкаст барысында айтылған спикерлер пікірі жоба ұйымдастырушылары мен серіктестерінің: Америка Құрама Штаттары елшілігінің және National Alumni Network-тың ұстанымын білдірмейді.

  3. 07/12/2023

    Әулет әңгімелері. Ата-әжелердің биографиясын зерттеу. Құндылықтардың өзгеруі.

    Назарыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар сериясын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонақтары әлеуметтанушы, Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасының орынбасары Әлібек Қисыбай және әлеуметтанушы, PaperLab зерттеу орталығының директоры Серік Бейсембаев. Бұл эпизодта біз әулет, отбасы ұғымдары, отбасы мүшелерінің өмірбаянын үйренудің әлеуметтік мағынасы, урбанизацияның отбасы институтына әсері, отбасы тарихы мен ресми тарихтың азаматтар тарапынан қабылдануы, әйелдердің отбасылық тарихты ұрпақтан ұрпаққа жеткізудегі рөлі секілді тақырыптарда әңгіме қозғадық. Terek Story – Aul.Inspired және Саяси шешімдер орталығының біріккен бірегей бастамасы. Бұл жоба отбасылық әңгімелерді жазу мен жинақтауға, оларды жас ұрпаққа жеткізуге, буындар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға және құнды оқиғалармен бөлісу алаңын құруға бағытталған. Қазіргі таңда еліміздің сан қиырындағы әртүрлі әулет тарихынан сыр шертетін әсерлі әңгімелер мен ерек естеліктер біздің инстаграм және фейсбук парақшамызда @terekstory, сондай-ақ Саяси шешімдер орталығының сайтында (https://policysolutions.kz/) жарияланған. CoolTobe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар желісі Америка Құрама Штаттарының Дипломатиялық миссиясының Түлектер гранты бағдарламасы және National Alumni Network-тың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды. Подкаст барысында айтылған спикерлер пікірі жоба ұйымдастырушылары мен серіктестерінің: Америка Құрама Штаттары елшілігінің және National Alumni Network-тың ұстанымын білдірмейді.

  4. 08/10/2022

    Гендерлік еңбек бөлінісі. Әйелдердің үйдегі төленбейтін жұмысы.

    Еңбек, үй шаруашылығын жүргізу әйел не еркектің жұмысы болып бөлінеді ме? Төленбейтін жұмыс дегеніміз не? Не себептен еңбек бөлінісінде гендерлік теңдікті ұстану маңызды? Қазақстандағы гендерлік еңбек теңсіздігінің жағдайы қандай? Осы және басқа да маңызды сұрақтар туралы Ұлттық қазақ қыздар педагогикалық университетіндегі әлеуметтік және гендерлік зерттеулер институтының директоры, PhD доктор Айжан Салимжанова және гендерлік зерттеуші Ақбота Садуақасовамен талқыладық.  «CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.

  5. 07/16/2022

    Қазақтықтың түрлері. Этникалық репатриацияның кімдікке әсері.

    «Қандас», «оралман» деген статустың заңдық күші ол адам азаматтық алғаннан кейін жойылса да, қоғамда әлеуметтік топқа айналып кетіп отыр. Тіпті ол отбасының Қазақтанда туылған балалары да «оралман» немесе «қандас» аталып кетеді. Сонда қандас деген өмір бойы өзіңмен бірге жүретін кімдік пе? Шетелден көшіп келген қазақтардың идентификациясы осы және басқа да сұрақтарды подкастымызда талқыладық. Эпизодтың қонағы https://www.instagram.com/izproject/ жобасының негізін қалаушы Бақытнұр Іңкәр. CoolTòbe подкастының бірнеше эпизоды Қазақстандағы ұлттық және этникалық identity, қазіргі кездегі еліміздегі ұлттың қалыптасу процестері мен идентификация мәселелері тақырыбына арналады. Бұл бағыттағы эпизодтар Саяси шешімдер орталығының “Орталық Азиядағы ұлт құру және бірегейліліктің қалыптасуы” жобасы аясында Norwegian Helsinki Committee қорының қолдауымен жүзеге асырылады.

  6. 06/21/2022

    Назарбаев дәуірі ел есінде қалай қалады?

    Бұл шығарылымда біз белгілі қоғам қайраткері Дос Көшім және әлеуметтанушы Серік Бейсембаевпен Назарбаев кезеңі қазақстандықтардың есінде қалай сақталады деген сұраққа жауап іздеп көрдік. Сондай-ақ, эпизодта Қаңтар оқиғасынан кейінгі жүйе өзгерді ме, Тоқаев елдегі проблемаларды Назарбаевқа ысырып қойғысы келе ме, мемлекеттік пропаганда жылдар бойы қалыптастырып келген бірінші президенттің образы БАҚ беттерінде енді өзгеріске түсе ме деген тақырыптар қозғалды.   «CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.

  7. 06/09/2022

    Казахстанская идентичность. Какая она?

    CoolTòbe подкастының бірнеше эпизоды Қазақстандағы ұлттық және этникалық кімдік, қазіргі кездегі еліміздегі ұлттың қалыптасу процестері мен идентификация мәселелері тақырыбына арналады. Бұл бағыттағы эпизодтар саяси шешімдер орталығының “Орталық Азиядағы ұлт құру және бірегейліліктің қалыптасуы” жобасы аясында Norwegian Helsinki Committee қорының қолдауымен жүзеге асырылады.    Қазақстандағы әртүрлі этникалық топ өкілдері өздерін кім деп санайды: «қазақтар» немесе «қазақстандықтар»? Ұлттық кімдікті іздеу үдерістері бар ма?  30 жылдың ішінде, Қазақстанның қазіргі жағдайында ұлттық ортақтық қалай қалыптасты? Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тіліне айнала ала ма? Жастардың тілге деген көзқарасы қандай? Бұл бөлімде біз осы және басқа сұрақтарды Narxoz университетінің доценті Зульфия Имярова және PaperLab зерттеушісі, әлеуметтікк лингвист Анна Климченкомен талқылаймыз.   Несколько выпусков подкаста CoolTòbe будет посвящена теме национальной и этнической идентичности в Казахстане, процессу нациестроительства и вопросам идентификации. Эпизоды из этой серии реализуются при поддержке Norwegian Helsinki Committee в рамках проекта «Нациестроительство и формирование идентичности в Центральной Азии» центра политических решений.    Как идентифицируют себя разные этнические группы в Казахстане: «казахами» или «казахстанцами»? Наблюдаются ли поиск своей идентичности? Как формируется национальная идентичность в современном контексте Казахстана, после 30 лет независимости? Может ли казахский язык стать языком межэтнического общения?  Какие отношения у молодежи к языкам? В этом эпизоде мы обсуждаем эти и другие вопросы с ассоциированным профессором университета Нархоз Зульфией Имяровой и исследовательницей центра PaperLab, социолингвисткой Анна Климченко. Подкастта аталған еңбектерге сілтеме біздің YouTube каналдағы осы эпизодтың видео нұсқасынан таба аласыздар:  https://youtu.be/soatp3M5Lpk

  8. 06/04/2022

    Референдум. Суперпрезиденттік республика сақтала ма?

    Бұл эпизодта саясаттанушы Шалқар Нұрсейітовпен соңғы бірнеше ай бойы Қазақстандағы басты саяси оқиға - Конституциялық реформаны талқылап көрдік. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді — реформа - деп, айтуға бола ма? Әлде, бұл халықты "Жаңа Қазақстан" орнап жатыр дегенге сендіру үшін жасалып жатқан саяси маневр ме? 5 маусымнан кейін қазақ халқы үшін не өзгереді, Тоқаевтың билігі шектеле ме және басқа да маңызды сұрақтарға жауап іздедік.  «CoolTòbe» жобасының "CoolTòbeнің жазғы құрылтайы" атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.

  9. 05/22/2022

    Қазақ деген кім? Ұлттық identity. Қазақ болудың өлшемдері.

    Cooltóbe подкастының бірнеше эпизоды Қазақстандағы ұлттық және этникалық identity, қазіргі кездегі еліміздегі ұлттың қалыптасу процестері мен идентификация мәселелері тақырыбына арналады. Осы тақырыптағы подкасттардың жүргізушісі антрополог Индира Алибаева. Бұл бағыттағы эпизодтар Саяси шешімдер орталығының “Орталық Азиядағы ұлт құру және бірегейліліктің қалыптасуы” жобасы аясында Norwegian Helsinki Committee қорының қолдауымен жүзеге асырылады.  Осы подкастта identity термині және қазақтардың түсінігіндегі “ұлт”, “этника” (ethnicity) ұғымын талқыладық. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстанның контекстінде елде тұратын этникалық азшылықтардың бейімделу амалдары туралы да сөз болды.    Подкасттың қонақтары PaperLab зерттеу орталығының сарапшысы, саясаттанушы Камила Смагулова және KIMEP Университетіндегі Қытай және Орталық Азия зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Жадыра Кеңесбекпен жоғарыдағы тақырыпта ой қозғап көрдік. Эпизодта аталған еңбектерге сілтемені біздің YouTube каналымыздан табасыздар: https://www.youtube.com/c/CPSKZ/about

  10. 05/20/2022

    Қазақ деген кім? Ұлттық identity. Қазақ болудың өлшемдері.

    Cooltóbe подкастының бірнеше эпизоды Қазақстандағы ұлттық және этникалық identity, қазіргі кездегі еліміздегі ұлттың қалыптасу процестері мен идентификация мәселелері тақырыбына арналады. Подкаст жүргізушісі антрополог Индира Алибаева. Бұл бағыттағы эпизодтар Саяси шешімдер орталығының “Орталық Азиядағы ұлт құру және бірегейліліктің қалыптасуы” жобасы аясында Norwegian Helsinki Committee қорының қолдауымен жүзеге асырылады. Осы подкастта identity термині және қазақтардың түсінігіндегі “ұлт”, “этника” (ethnicity) ұғымын талқыладық. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстанның контекстінде елде тұратын этникалық азшылықтардың бейімделу амалдары туралы да сөз болды. Подкасттың қонақтары PaperLab зерттеу орталығының сарапшысы, саясаттанушы Камила Смагулова, PaperLab зерттеу орталығы және KIMEP Университетіндегі Қытай және Орталық Азия зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Жадыра Кеңесбекпен жоғарыдағы тақырыпта ой қозғап көрдік.