
Азаттық радиосы
•Channel • 4 Shows
Top Shows
- Mental HealthEvery two weeks
- NatureEvery two weeks
- Society & CultureEvery two weeks
- Society & CultureUpdated weekly
About
Азаттық радиосы психологиялық мәселелер жайлы «Жаншипа», әйелдер құқығы туралы «Зере», экологиялық тақырыптағы «Ecokundelik» және Азаттықтың тарихына үңіліп, Қазақстан да және әлемде осы аралықта болған тарихи оқиғаларға Азаттықтың берген бағасын талдайтын «Азаттық – 70» подкасын ұсынады.
«Жаншипа» подкасында психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелерді терең талқылаймыз. Бала кезде алған психологиялық травманың әсері, жеке шекара, өкпе-реніштің өмірге әсері, бала тәрбиесі, ерлі-зайыптылардың қатынасы жайлы тақырыптарды қозғаймыз.
«Зере» подкасы қоғам естімейтін я байқамайтын әйелдердің проблемасын шешуге бағытталған. Әр эпизод тыңдарманға әйел құқықтары туралы ой тастайды. Және оны пайдалану мүмкіндіктері я нұсқаларын ұсынады. Қоғам естімейтін, бірақ өзін өзгелері естігенін, тыңдап, түсінгенін қалайтын жандармен сұхбаттасамыз.
«Ecokundelik» подкасында экологиялық мәселелерді бірігіп шешу жолын іздейміз. Қоқыстан қалай ақша табуға болады? Қоқыс 21 ғасырдың пайдалы қазбасы ма? Ғалам жылынып, климат өзгеріп барады, бұл процесті тоқтатуға сіз қалай үлес қоса аласыз? Міне, осы сауалдарға жауап іздеуге тырысамыз.
"Азаттық -70" подкасында Азаттықтың тарихына саяхат жасаймыз. Қазақстан да және әлемде осы аралықта болған тарихи оқиғаларға Азаттықтың берген бағасын талдаймыз.
Бұл подкастардың бәрі – Азаттық радиосының тілшілерінің авторлық жобалары.
Азаттық радиосының миссиясы – демократиялық құндылықтар мен институттарды дамытуға үлес қосу. Бұған қоса, билігі тәуелсіз, еркін медиаға жол бермей отырған елдердегі адам құқығын жаңалық тарату арқылы дамыту да негізгі ұстанымының бірі. Азаттық радиосының тілшілері жұртқа өз елдінде (немесе жергілікті басылымдарда) айтыла бермейтін, тыйым салынған ақпараттарды цензурасыз және ашық дискуссия арқылы ұсынады.