
Дария: Румыния мен Оңтүстік Корея, қазақ тілі, менталды денсаулықтың маңызы, айдентика, "ақырын жүріп анық басу"
Подкасымыздың кезекті шығарылымының қонағы - Дария Корё университетінің әлеуметтану мамандығында оқитын бакалавр студенті. GKS атты Оңтүстік Корея мемлекетінің стипендиялық бағдарламасының 2022 жылғы жеңімпазы.
Оңтүстік Кореяға келместен бұрын Румыния елінің мемлекеттік бағдарламасы бойынша грант иегері атанды. Клуж-Напока қаласындағы Babeş-Bolyai университетінде әлеуметтану мамандығына оқуға түскен.
Қонағымызбен түрлі тақырыпта сөз өрбіттік. Шетелде білім алғысы келетін жастарға ата-ананың қолдауы маңызды екенін айтып, Дария өз процесі туралы баяндап берді.
Сонымен қатар төмендегі сұрақтарға подкаст барысында жауап табуға тырыстық:
Шетелде жастардың айдентикасы әлсірей ме? Корей дос табуға бола ма? Менталды денсаулықты күтпесек не болады? Стресті қалай жеңеміз? Оқуға тапсырғымыз келсе, ата-анамызды қалай көндіреміз?Шетелде оқыңыз келсе, дайындықты неден бастаймыз?
Подкастта айтылған кітаптың аты: Orientalism by Edward Said.
Рақмет!
Thông Tin
- Chương trình
- Tần suấtHai tuần một lần
- Đã xuất bảnlúc 16:13 UTC 11 tháng 7, 2025
- Thời lượng1 giờ 15 phút
- Mùa1
- Tập7
- Xếp hạngSạch