5 episodes

"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. 

Жаншип‪а‬ Азаттық радиосы

    • Health & Fitness

"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. 

    Психологиялық тұрғыдан ересек адам деген кім? Адамға өз эмоциясын тану қаншалықты маңызды? - желтоқсан 01, 2022

    Психологиялық тұрғыдан ересек адам деген кім? Адамға өз эмоциясын тану қаншалықты маңызды? - желтоқсан 01, 2022

    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 5-эпизодында практик психолог Жанат Қалиевпен "психологиялық тұрғыдан есейген адам деген кім?", "адам балалықтан ересек өмірге қалай өтеді?", "адам дене сезімі мен ішкі сезімін қалай сезінуі керек?", "эмоцияны тану қаншалықты маңызды?" деген сауалдарға жауап іздедік. Эпизодта айтылған негізгі ойларды қысқаша ұсынамыз. Ал эпизодттың толық нұсқасын Азаттық сайтынан, Youtube арнамыздан я Apple podcast платформасынан тыңдай аласыз.

    • 26 min
    Бала тәрбиесіндегі маңызды ережелер. Баланы ұру, жұрттың баласымен салыстырудың зияны қандай? - қараша 16, 2022

    Бала тәрбиесіндегі маңызды ережелер. Баланы ұру, жұрттың баласымен салыстырудың зияны қандай? - қараша 16, 2022

    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 4-эпизодында практик психолог Назигүл Темірғалиевамен бірге бала тәрбиесі туралы сөз қозғадық. Психологиялық тұрғыдан мықты адам болу үшін баланы қалай тәрбиелеу керек? Баланы ұрудың зияндары қандай? Баланы ата-әжесінің тәрбиесіне беруге бола ма? Балаңыз ұялы телефонда көп отырса не істеу керек? Бала тәрбиесінің алтын ережелері қандай? Міне осы сауалдарға жауап іздедік. Эпизодта айтылған негізгі ойларды қысқаша ұсынамыз. Ал эпизодттың толық нұсқасын Азаттық сайтынан, Youtube арнамыздан я Apple podcast платформасынан тыңдай аласыз.

    • 37 min
    Өкпе-реніш адам өміріне қалай әсер етеді? Ата-анаға, туысқанға деген өкпеден қалай арылуға болады? - қараша 01, 2022

    Өкпе-реніш адам өміріне қалай әсер етеді? Ата-анаға, туысқанға деген өкпеден қалай арылуға болады? - қараша 01, 2022

    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының үшінші эпизодында өкпе-реніштің адам өміріне әсерін талқыладық. Өкпе-реніш адам өміріне қалай әсер етеді? Өкпе-реніштен қалай арыламыз? Өкпе-реніштен арылсақ өміріміз жеңілдей ме? Ата-анаға деген өкпе ренішті қалай кешіреміз? Бұл сауалдарға 21 жылдық тәжірибесі бар гештальт терапевт, практик психолог Ләззат Нұрпейісова жауап береді. Подкаст авторы – Азаттық тілшісі әрі психологияны екінші мамандығы ретінде оқып жүрген Руслан Меделбек. Подкасты Apple Podcast, Spotify платформаларынан да тыңдай аласыз.

    • 38 min
    Бала кезде алған жан жарасы деген не? Ол ересек өмірге қалай әсер етеді? - қазан 18, 2022

    Бала кезде алған жан жарасы деген не? Ол ересек өмірге қалай әсер етеді? - қазан 18, 2022

    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының екінші эпизодында психологиядағы ең маңызды әрі кейінгі кезде көп айтылып жүрген "бала кезде алған жан жарасы" мәселесін қозғадық. Балалық шақта алған жан жарасы деген не? Ол есейгенде адам өміріне қалай әсер етеді? Бұл психожарақатты қалай емдейміз? Бұл сауалдарды осы мәселемен жұмыс істеп жүрген психолог Ақзипа Сердалиевамен талқыладық. Подкаст авторы – Азаттық тілшісі әрі психологияны екінші мамандығы ретінде оқып жүрген Руслан Меделбек.

    Подкасты Apple Podcast, Spotify платформаларынан да тыңдай аласыз.

    • 34 min
    Психологқа бару ұят па? Психолог мәселемізді қалай шешеді? - "Жаншипа" подкасты - қыркүйек 28, 2022

    Психологқа бару ұят па? Психолог мәселемізді қалай шешеді? - "Жаншипа" подкасты - қыркүйек 28, 2022

    Азаттықта жаңа жоба. Сіздің назарыңызға "Жаншипа" психологиялық подкастын ұсынамыз. Азаттық психологиялық подкасты не үшін бастап отыр? Қазақстан суицид бойынша әлемде ондыққа енетіні, елде ажырасу да көбейіп кеткені жайлы жиі айтылады. Психолог мамандар адамның ішкі жан дүниесін реттейтін, отбасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектесетін бірден-бір құрал психология дейді. Демек подкастымызда бала тәрбиесі бастап отбасындағы қарым-қатынас, жүрек тыныштығы, жан-дүниедегі гармония, суицидті алдын алу, депрессия, стресс, уайым сияқты тақырыптардың бәрін қозғаймыз. Подкаст авторы – Азаттық тілшісі әрі психологияны екінші мамандығы ретінде оқып жүрген Руслан Меделбек.

    "Жаншипа" подкастының алғашқы эпизодында жалпы психология тақырыбы қозғадық. Психологқа бару ұят па? Психологқа қай кезде бару керек? Психология адамға қалай көмектеседі? Осы сауалдарға психоаналитик, психоаналитик, Халықаралық психоанализ қауымдастығының мүшесі Жұлдыз Төлеу жауап берді.

    • 24 min

Top Podcasts In Health & Fitness

Scicomm Media
Jay Shetty
Aubrey Gordon & Michael Hobbes
Lysa TerKeurst
Ten Percent Happier
Peter Attia, MD

You Might Also Like

Матвей Северянин
Maulida Imanova
Стелла Васильева, Анна Марчук
Елена Мицкевич
Раскрой себя с Аленой Борьессон
WEEEK