OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС

Ainel Amirkhan

OY-DETOX - менің авторлық подкастым. Түрлі саладағы маман-замандастарыммен бірге ақпарат ағынында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейтін боламын. Жоба авторы және жүргізушісі - Әйнел Әмірхан Телеграм - https://t.me/oydetox Инстаграм - @ainelkai Қандай да бір сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса, маған akainazar1@gmail.com электрондық поштасына хабарласа аласыздар. Подкастты қолдау https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.

  1. SEP 8

    Ядерное прошлое и глобальная безопасность: взгляд Тогжан Касеновой

    В новом выпуске OY-DETOX мы говорим с Токжан Касеновой — доктором политических наук, экспертом по ядерной политике и автором книги «Атомная степь: как Казахстан отказался от ядерного оружия». Мы обсуждаем: – почему угроза ядерной войны остаётся реальной; – как Казахстан переживает наследие Семипалатинского полигона; – какую роль сыграло гражданское движение «Невада–Семей»; – что мешает пострадавшим получить поддержку и справедливость; – почему выбор 90-х годов отказаться от ядерного оружия был решающим для будущего страны; – и как новое поколение исследователей может продолжить этот разговор. Это выпуск о боли и силе, о памяти и свободе выбора. О том, что каждый шаг, даже сделанный десятилетия назад, меняет наше настоящее и будущее. Таймкоды: 00:00 – о чём этот выпуск? 01:07 – Тогжан Касенова о своей новой роли в составе международной панели ООН 04:19 – почему Тогжан Касенова решила заняться вопросами ядерной политики 06:25 – о роли родителей в своём становлении 10:08 – о книге «Атомная степь: как Казахстан отказался от ядерного оружия» 15:25 – есть ли интерес к книге со стороны республиканских СМИ? Читал ли президент книгу? 18:25 – переосмыслили ли казахстанцы своё ядерное прошлое и какие работы ведутся сегодня 21:45 – фильм «Атамекен» и люди, продолжающие жить на территории ядерных испытаний 31:20 – уделяется ли этой теме достаточное внимание в школьном и вузовском образовании? Что изменилось бы, если бы эта история стала частью обязательного курса? 34:30 – контакт с академическим сообществом Казахстана 37:10 – сколько всего было обсуждений по книге и какие вопросы интересуют мировую и локальную аудиторию 42:08 – академический снобизм и работа с хейтом 47:35 – почему не работают международные гарантии безопасности и что нас ждёт 54:24 – какой современный портрет человека, решившего заняться наукой? Может ли этим заниматься каждый? 58:05 – о чём будет вторая книга Тогжан 01:02:20 – выбор в контексте страны и человека Подписывайтесь на канал, оставляйте комментарии и делитесь этим видео. Для нас это очень важно — так истории о людях и их голосах будут услышаны шире. #oydetox #AinelAmirkhan #тогжанкасенова

    1h 8m
  2. AUG 20

    Tilshi Podcast: подкаст жасап, қалай қаражат табуға болады?

    OY-DETOX төрінде – Ақтөбеден арнайы келген журналистер, «Тілші» жобаларының авторы Асқар Ақтілеу және Tilshi Podcast-тың тең жүргізушісі әрі авторы Данияр Сағидолла. Бұл эпизодта біз аймақтық медианың дамуы, подкаст индустриясының қиындықтары мен мүмкіндіктері, шығармашылық тандем құру, қаржыландыру мен монетизация жайлы әңгімелестік. Бір жарым жыл бұрын қарапайым қызығушылық ретінде басталған жоба қалай жүйелі медиаға айналды? Подкаст жүргізудің ең үлкен сынағы не? Ал аймақтан шыққан журналистерді алға не жетелейді? Жауаптарын осы эпизодтан таба аласыз. Бұл тек журналистика жайлы емес, достық пен ынтымақтастық, жаңа буын мен аға буынның көзқарастары түйіскен жылы да шынайы әңгіме. Көріңіздер, тыңдаңыздар, бөлісіңіздер! Эпизод таймкоды: 00:00 - аңдатпа, қонақтарды таныстыру 01:40 - Tilshi Podcast қалай басталды? 04:22 - Tilshi News Ақтөбенің өзінде неге танымал емес? Командада кім-кім бар? 06:53 - Неге командада қыздар жоқ? 09:50 - Данияр қалай подкастер болып кетті? 14:10 - Неге подкастты екі жігіт болып жүргізуге шешім қабылдады? 22:19 - Подкаст жазғанда қандай қызық жағдайлар болып тұрады? 23:45 - Асқар мен Даниярдың сүйікті эпизодтары қандай? 25:15 - Асқар неге ырымшыл? 27:45 - Зпизодтың соңғы нүктесін кім қояды? 29:55 - Подкаст жазуда, қонақтармен жұмыс істеуде қандай әдіс-тәсілдерді қоладанады? 35:08 - Ақша және қаралым: Tilshi Podcast құпиялары 49:46 - Tilshi News-тің қандай тағы жобалары бар? 53:22 - Қала/облыс әкімдерін подкастқа шақыру ойда бар ма? 55:54 - Депутат Жұлдыз Сүлейменовамен неге екі эпизод жазылды? 59:35 - Жігіттер отандық подкастерлерден кімді тыңдайды? 01:02 - Болашақ жоспарлары қандай? 01:07 - Қырғызстандағы медиа нарық қандай және олардан не үйренуіміз керек? Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/oydetox/ Tilshi Podcast YouTube-та - https://www.youtube.com/@UCh0z_YKGdrTA7JeZy9bSuhA Tilshi Podcast инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/tilshi.podcast/

    1h 20m
  3. AUG 4

    Жеке емхана ашқым келеді. Нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев ми жұмысы, өмірлік философиясы мен арманы туралы

    Бүгін біз Қазақстандағы жетекші нейрохирургтердің бірі, 8000-нан астам ота жасаған Мыңжылқы Бердіқожаевпен сөйлестік. Оның күнделікті өмірі, отаға дайындалу жолдары, адамның миы мен жан дүниесіне деген көзқарасы туралы әңгіме өрбіттік. Сондай-ақ эпизодта мына сұрақтарды талқыладық; Ми қартая ма, әлде біз оны дұрыс қолданбаймыз ба?Операция жасау хобби бола ала ма? Шынайы денсаулық деген не — спорт па, тыныштық па? Бас сақинасы мен депрессияны ота жасап емдеуге бола ма? Қазір адамзат неге шаршаңқы және неге қуана білмейді? Қазақстандағы медицинаның ішкі жүйелері мен экологияның адам ағзасына әсері OY-DETOX | Денсаулық» айдарының серіктесі - kz.apteka.com. Эпизод таймкоды: 00:00 - аңдатпа 01:20 - Мыңжылқы Бердіқожаев қалай шаршамайды? 09:20 - ми қартая ма?  12:32 - ми икемділігін қалай сақтаймыз?  14:00 - миды программировать етуге бола ма? 15:55 - дәрігерлер тек кеңес бере ме не сол кеңестерді өздері де ұстана ма?  18:58 - кроссфит пайдалы ма? 24:24 - уақыт өте адам денсаулығында қандай өзгерістер болады? 26:20 - миды қалай басқарамыз? 31:50 - медицина мен денсаулық сақтау жүйесінің айырмашылығы қандай? 37:52 - жарнама 38:59 - адамдар қандай мәселені жиі айтып келеді? 40:30 - диагноздардағы гендерлік айырмашылық  41:55 - тамақ құрамындағы тұз мөлшері неге маңызды? 48:08 - корей косметикасы туралы 53:45 - бас сақинасының емі бар ма?  01:03:48 - Париждегі екі ота немесе бұл оталарды неге Луврда көрсетті? 01:08:37 - Мыңжылқы мырза сөйлеу өнері мен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ойын еркін жеткізу қабілетін қалай дамытты? 01:12:38 - 8000 ота жасап, адамдарды өлімнен талай құтқарған Мыңжылқы мырзаның өмір сүру философиясы қандай?  01:18:34 - Мыңжылқы мырзаның арманы қандай? 01:22:00 - Байқау! «OY-DETOX | Денсаулық» айдары kz.apteka.com қолдауымен жасалды. kz.apteka.com интернет-дәріханасы дәрі-дәрмектерді, биологиялық белсенді қоспаларды, ауруларды емдеуге арналған құрылғылар мен олардың қосалқы бөлшектерін таңдап, сатып алуға мүмкіндік береді. Толық ақпаратты сайттан таба аласыздар - https://kz.apteka.com Ал «OYDETOX» промокоды арқылы алғашқы тапсырысқа 5% жеңілдік ала аласыздар. Тапсырысты Қазақстан бойынша жасауға болады. Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/oydetox/ kz.apteka.com инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/aptekacom/ Арнаға жазылып, жаңа эпизодтарды өткізіп алмаңыз!

    1h 24m
  4. JUL 21

    OY-DETOX | Денсаулық: Менопауза туралы айту ұят емес!

    Бұл эпизодта біз көп жағдайда жабық қалатын, бірақ әрбір әйелдің өмірінде маңызды рөл атқаратын кезең — менопауза мен ерте климакс туралы сөйлесеміз. Қонағымыз — акушер-гинеколог, ҚазҰУ аға оқытушысы Гүлбану Әзімханқызы. Ол менопаузаның белгілері, себептері мен салдары, оны кешіктіру жолдары және әйел ағзасына әсері туралы ғылыми әрі қолжетімді тілде түсіндіреді. Нені талқылаймыз? - Менопауза деген не және ол қай жаста басталады? - Эстрогеннің азаюы ағзаға қалай әсер етеді? - Ерте менопаузаның белгілері мен қауіптері - Әйелдер неге бұл туралы ашық сөйлеспейді? - Менопаузаны кейінге шегеруге бола ма? OY-DETOX | Денсаулық» айдарының серіктесі - kz.apteka.com Эпизод таймкоды: 00:00 - аңдатпа 01:54 - менопауза деген не? 04:31 - менопаузаның белгілері қандай? 05:48 - менопаузаның ерте басталуы қауіпті ме? Эстрогеннің азаюы ағзаға қалай әсер етеді? 10:50 - менопауза мен тұқымқуалаушылық 16:10 - дәрігерге көріну алгоритмдері 17:40 - репродуктивно денсаулық, фоликулдардың саны мен сапасы 23:20 - ерте және кеш келген менопаузаның тағы қандай қауіп-қатерлері бар? 28:48 - менопаузаның алдын алу үшін келетін қыз-келіншектердің қатары артты ма, артпады ма? 30:10 - жарнама 31:10 - гармон алмастыру терапиясы дегеніміз не және оған қандай жағдайда жүгінген дұрыс? 40:35 - 40 жастан кейін ана болу мүмкіндігі бар ма? 43:50 - дәрігерге бару қорқынышын қалай жеңеміз? Жалпы емделу қымбат па? 50:30 - косметикалық гинекология дегеніміз не? 55:30 - адамдардың өмір сүру сапасы артып жатыр ма? 59:51 - БАЙҚАУ! Сұраққа жауап беріп, денсаулық боксын ұтып ал «OY-DETOX | Денсаулық» айдары kz.apteka.com қолдауымен жасалды. kz.apteka.com интернет-дәріханасы дәрі-дәрмектерді, биологиялық белсенді қоспаларды, ауруларды емдеуге арналған құрылғылар мен олардың қосалқы бөлшектерін таңдап, сатып алуға мүмкіндік береді. Толық ақпаратты сайттан таба аласыздар - https://kz.apteka.com Ал «OYDETOX» промокоды арқылы алғашқы тапсырысқа 5% жеңілдік ала аласыздар. Тапсырысты Қазақстан бойынша жасауға болады. Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/oydetox/ kz.apteka.com инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/aptekacom/ Арнаға жазылып, жаңа эпизодтарды өткізіп алмаңыз!

    1h 1m
  5. JUL 14

    Шолпан Әйтенова: Ауылды дамыту үшін ауыл әкімдеріне бюджет беру керек

    Арнаға жазылыңыз - https://www.youtube.com/@oydetox __________________________________________________________ Ауыл әкімдерін сайлай бастадық, бірақ не өзгерді? Қолында мөрі бар әкімнің қолында шешім қабылдайтын нақты құзыреті мен бюджеті бар ма?⠀ Бұл эпизодта мемлекеттік қаржы саласының сарапшысы, Zertteu ұйымының басшысы Шолпан Әйтеновамен бірге ауыл әкімдерінің шынайы мүмкіндіктері мен шектеулері туралы ашық сөйлестік. Сондай-ақ, жергілікті бюджет пен өзін-өзі басқару реформасының не екенін түсініп алуға тырыстық. Эпизод таймкоды: 00:00 - аңдатпа 01:07 - жергілікті бюджет деген не? 02:50 - жаңа салық кодексі мен НДС-тің 16% болуы ел жағдайына қалай әсер етеді? 04:26 - Қазақстан бюджеті қалай қалыптасады? 05:50 - Қазақстандағы ең бай және ең кедей өңірлер 08:40 - неге бюджетті барлық өңірге бірдей бөле салмайды? 16:42 - жергілікті өзін-өзі басқару деген не және ауыл әкімдерін сайлау неге әзірге тиімсіз? 20:45 - жергілікті өзін-өзі басқару мықты дамыған елдер 22:22 - адамдар қайда тұрады? Облыс бюджетін қала мен ауылға не үшін беру керек? 28:10 - ауыл әкімдерін сайлау әділ өте ме? 37:08 - тиімді жұмыс істейтін өңір басшылары бар ма немесе халықтың неге әкімдерге көңілі толмайды? 40:22 - халықтың белсенділігі өңір дамуына әсер ете ала ма? 43:37 - «Дипломмен ауылға», «Серпін», «Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару» бағдарламаларының пайдасы бар ма? 50:37 - шешім қабылдауға халықтың әсер ету жолдары бар ма? 57:18 - мусор, «Таза Қазақстан», салық мөлшері мен өз еліңе тұтынушылық көзқарас туралы 01:01:24 - мемлекеттік құрылымдармен диалог қандай деңгейде? Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/oydetox/ Zertteu Қорының инстаграмы - https://www.instagram.com/zertteu_kz/

    1h 3m
  6. JUL 10

    Жалған ақпаратпен қалай күресеміз?

    Бұл эпизодта медиасарапшы, Factcheck.kz редакторы Думан Смақовпен бірге жалған ақпараттың қоғамдағы рөлі, фейктердің эволюциясы және жасанды интеллект дәуіріндегі жаңа қауіптер туралы әңгімелестік. - Фейк ақпарат қалай және не үшін таралады? - Қазақстанда ең көп таралатын фейктер қандай? - Алаяқтар қандай әдіс қолданады? - Жасанды интеллект пен дипфейкке сенуге бола ма? - Пребанкинг деген не және ол неге маңызды? - Біз технофобпыз ба, әлде технооптимистпіз бе? Осы және басқа да маңызды сұрақтардың жауабын эпизодтан тыңдай аласыздар. Эпизод таймкоды: 00:00 - аңдатпа 01:31 - Фактчек ұғымының Қазақстанда дамуы қашан басталды? 06:31 - Фактчек туралы білетін адамдардың қатары көп пе? 08:58 - Фактчек дегеніміз не? 11:50 - Мемлекеттік пропаганда деген не және оның несі жаман? 16:13 - Жалған ақпаратты қалай ажыратамыз? Қандай алғышарттары бар?21:37 - Кімге сенеміз? 23:26 - Chat GPT-ға сенуге бола ма? 25:05 - Жиі тарайтын фейк түрлері 30:00 - Жасанды Интеллект бізге жау ма, көмекші ме? Жаңа сандық ғасырда өмір сүру ережелері қандай? 38:44 - Жеке брендті домыту, ашықтық және цифрлық қауіпсіздіктің ара-жігі қандай? 42:02 - Думанның өзі кімге алданды? 45:35 - Фактчекерлердің жұмыс істеу тәсілдері қандай? 48:33 - Factcheck.kz қалай қолдауға болады? 52:40 - Паранойя мен эмоционалды күйюді қалай жеңуге болады? Редакцияда психологтар бар ма? Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/oydetox/ Factcheck.kz - https://factcheck.kz/kaz/

    59 min
  7. JUL 4

    Зерттеуші Индира Әлібаева: Жаман не жақсы мәдениет болмайды

    Арнаға жазылыңыз - https://www.youtube.com/@oydetox __________________________________________________________ Бұл эпизодта антрополог, зерттеуші Индира Әлібаевамен бірге қоғамдағы стереотиптер, ғылыми зерттеулердің өмірмен байланысы және әлеуметтік ғылымның бізді түсіну жолдары туралы әңгімелестік. - «Өзбектердің қаны саудаға жақын» деген түсінік қайдан шыққан? - Неліктен зерттеушілер әлеуметтік желіде сирек көрінеді? - Ғылым тек академиялық ортада қалуы керек пе, әлде көпшілікке жетуі керек пе? - Антропология күнделікті өмірді қалай зерттейді? Осы және өзге де маңызды сұрақтардың жауабын эпизодтан таба аласыздар. Эпизод таймкоды: 00:00 - аңдатпа 02:30 - антропология деген не? Оның әлеуметтанудан не айырмашылығы бар? 07:45 - антропологиялық және әлеуметтік зерттеулердің қоғам үшін қандай пайдасы бар? 08:53 - қоғамдағы таптаурындар немесе неге өзбектер саудаға жақын? 12:12 - академиялық зерттеулердің мақсаты қандай? 16:15 - Қазақстанда қандай тақырыптар зерттеледі? 21:03 - мәдени контексті зерттеу неге маңызды? Қандай қызық мысалдар бар? 26:45 - жеке тұлғалар зерттеу жасай ала ма? 31:59 - зерттеушілер әлеуметтік желіге шығып, парақша жүргізуді ар санай ма? Қандай үздік мысалдар бар? 38:05 - Қоғамдағы өзекті тақырыптар 45:20 - "Қаны бәрібір жебермейді" немесе қан туралы түсінік 49:00 - қазақ тілінде ғылыми кітаптар неге аз? 56:06 - әлеуметтік зерттеушілер жұмысты қайдан іздесе болады? 59:06 - Индираны не алаңдатады? Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/oydetox/ Индира Әлібаеваның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/indi_na/ Эпизодта аты аталған подкастар: 1. OY-DETOX, "Той жасаудың қажеттілігі қанша?" - https://www.youtube.com/watch?v=kV_K0oK_MQ0 2. Норм подкасты - https://podcasts.apple.com/ru/podcast/%D0%BD%D0%BE%D1%80%D0%BC/id1298752162 3. Huberman Lab - https://www.hubermanlab.com Қызықты айдарларымыз📌 https://youtu.be/qmeev8Y9SGg📌 https://youtu.be/tq3Y7P0NCB0#oydetoxaimaqtar #oydetox #AinelAmirkhan 🍊 #серіктестік

    1h 7m
  8. JUN 26

    Дәріхана тек қымбат дәрі сатуға мүдделі ме?

    Бұл эпизодта фармацевт әрі бизнес-тренер Эльмира Клышбаева дәрі-дәрмек таңдауда жиі кездесетін қателіктер, жалған рецептер мен қымбат дәрілер жайында әңгімелейді. Сонымен қатар, плацебо әсері, биологиялық белсенді қоспалар (БАД) және дәріханадағы кәсіби этика төңірегіндегі маңызды мәселелер талқыланады. Эльмира ханым әр үйдегі дәрі қобдишасында не болуы керек, онлайн дәрі сатып алу қаншалықты қауіпсіз және жарамдылық мерзімі өткен дәрілерді қайда өткізуге болады деген сұрақтарға да нақты жауап береді. Эпизод соңында тыңдармандарға арналған байқау бар – соңына дейін көріңіз! «OY-DETOX | Денсаулық» айдарының серіктесі - kz.apteka.com Эпизод таймкоды: 00:00 - аңдатпа 01:36 - фармацевт Эльмира Клышбаеваның қызметі мен жұмыс тәжірибиесі 02:30 фармацевт пен провизордың не айырмашылыға бар? 03:38 - кәсіби фармацевт деген кім? Қалай ажыратамыз? 06:47 - жалған рецеппен дәрі алса не болады? 08:48 - фармацевтер әдейі қымбат дәрі сата ма? 12:04 - оригинал дәрі, генеретиктер және олардың бағасындағы айырмашылықтар 13:02 - плацебо эффектісі бар ма? 15:00 - фармацевтің бойында қандай қасиеттер болуы керек? 17:55 - фармацевт кездесуі мүмкін қызық және қиын сәттер 20:46 - сатып алған дәрілерді неге қайта өткізуге болмайды? 22:00 - дәріні насихаттауда жарнаманың рөлі, жалған және жалған емес дәрілерді қалай ажыратамыз? БАД-қа сенуге бола ма? 28:44 - дәріні қалай қабылдау керек? 30:53 - жарнама 32:02 - денсаулығына мән беретін адамдардың қатары артты ма? 33:29 - күніне қанша литр су ішуіміз керек? 37:59 - дәрі іше берген дұрыс па? 39:33 - әр үйдегі дәрі-қобдишада қандай дәрілер міндетті түрде болуы керек? 41:25 - онлайн дәрі алу қауіпсіз бе? 43:36 - жарамдылық мерзімі кеткен дәрілерді қабылдайтын жерлер бар ма?49:45 - байқау! Байқауға қатысып дәрумендер боксын ұтып ал «OY-DETOX | Денсаулық» айдары kz.apteka.com қолдауымен жасалды. kz.apteka.com интернет-дәріханасы дәрі-дәрмектерді, биологиялық белсенді қоспаларды, ауруларды емдеуге арналған құрылғылар мен олардың қосалқы бөлшектерін таңдап, сатып алуға мүмкіндік береді. Толық ақпаратты сайттан таба аласыздар - https://kz.apteka.com Ал «OYDETOX» промокоды арқылы алғашқы тапсырысқа 5% жеңілдік ала аласыздар. Тапсырысты Қазақстан бойынша жасауға болады. Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/oydetox/ kz.apteka.com инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/aptekacom/ Арнаға жазылып, жаңа эпизодтарды өткізіп алмаңыз!

    51 min

Trailer

Ratings & Reviews

5
out of 5
4 Ratings

About

OY-DETOX - менің авторлық подкастым. Түрлі саладағы маман-замандастарыммен бірге ақпарат ағынында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейтін боламын. Жоба авторы және жүргізушісі - Әйнел Әмірхан Телеграм - https://t.me/oydetox Инстаграм - @ainelkai Қандай да бір сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса, маған akainazar1@gmail.com электрондық поштасына хабарласа аласыздар. Подкастты қолдау https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.

You Might Also Like